Курсовая работа: Аудиторлық қорытынды


Предмет:
Бухгалтерский учет, Экономика, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
35

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

1 АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 5

1.1 Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары.. 5

1.2. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты.. 8

2 АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 13

2.1. Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды (есеп) 13

2.2 Арнайы мақсатағы аудиторлық және теріс аудиторлық қорытынды.. 18

2.3 Тіркеме (аудиторлық қорытынды) 19

3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ.. 22

ҚОРЫТЫНДЫ.. 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 33

ҚОСЫМШАЛАР. 34

 

1.2. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты

 Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге метериалдық қателер мен бұзушылықтарды өзінің орындылығын айқындайды.

 

 Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық қызметтің белгіленген стандартының талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.

 

 Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы текесеру жүргізуге тиісті:

  • Операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың бөлімінің өзара сәйкес келетіндігін;
  • Қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;
  • Қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың және басқа нормотивтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
  • Жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой – пікірін тұжырымдай алатындығын.

 

2.3 Тіркеме (аудиторлық қорытынды)

Мен, тәуелсіз аудитор Жұманов Кенесары (№0201 біліктілік куәлігім өзінің қызметін заңды тұлға құрмай – ақ жүзеге асырушы жеке кәсіпкер ретінде 2001 жылғы 10 қаңтарда Алматы қаласы Әуезов аудандық салық комитетінің тіркелген, 2001 жылғы 29 тамызда берілген мемлекеттік лицензияның №0000078) 203 жылғы 20 ақпандағы келісім шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясына бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге беру үшін «Трансқұрылысмонтаж» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының құралуына, сонымен бірге қаржылық жағдайына, төлей алу қабілетіне аудит жүргіздім.

 Аудитке төмендегі қаржылық құжаттар тапсырылады:

  • баланс;
  • табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп;

 

Директорлар Кеңесінің 2003 жылғы 10 мамырдың өткізілген «Таза табыстың бір бөлігін үшінші эмиссиясының акцияларын сатып алуға пайдалану туралы» мәжілісінің №6 хаттамасы. Акционерлік қоғамның басшылары баланстың, табыстары мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің және басқа қаржылық ақпараттардың Қазақстан Републикасының заңдарына сәйкес жасалғандығына жауап береді. Менің міндетім аудиторлық тексерудің негізінде қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды (есеп) жасау болып табылады.

 

 Мен аудитті Халықаралық аудит стандартына сәйкес жүргіздім. Алматы облысы Қаскелең қаласында орналасқан «Трансқұрылысмонтаж» акционерлік қоғам Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде 1995 жылы 22 желтоқсанда алғаш рет тіркелген болатын, ал 1993 жылы 23 желтоқсанда тіркеуден қайта өткізілді №32710 – 1926. ...

 

3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

«КазТрансГаз» АҚ-на аудиторлық тексеру жүргізілді. Бұл компанияның директоры Латипова И. М. ЖШС «ТРАСТФИНАУДИТ» тексеруші болып табылады, президенті Абенов А. Б.

 

Бағдарлама:

Қаржы шаруашылық қызметіне аудиторлық тексеру кезеңі «КазТрансГаз»  АҚ  29. 04. 2008-09 жыл.

Келесі жұмыстар атқарылды:

1)   Жалпы мәліметтер

2)      Үздіксіз қызметті қадағалау

3)      Есеп саясатының негіздері

4)     Меншікті капитал аудиті

5)      Касса аудиті

6)   Банктік шоттардағы қолма-қол есеп айырысу аудиті (таңдалған)

7)   Дебиторлық және кредиторлық  қарыздардың аудиті (таңдалған)

8)   Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің  аудиті (таңдалған)

9)   Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті (таңдалған)

10) Бюджетпен есеп айырысу (таңдалған)

Тәуелсіз аудиторлық  компания «ТРАСТФИНАУДИТ» лицензиясы-№ 0000251 «КазТрансГаз» АҚ-ның 30. 06. 2008-09 жылғы  қаржылық есеп беруіне аудиторлық тексерісті жүргізді. ...