Курсовая работа: Банк менеджменті


Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
33

ЖОСПАР

КІРІСПЕ. 3

I ТАРАУ БАНК МЕНЕДЖМЕНТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА. 4

1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері. 4

1.2  Банктік менеджменттің негізгі бағыттары.. 10

II ТАРАУ БАНКТЕРДЕГІ БАСҚАРУ ПРОЦЕССІНЕ СИПАТТАМА. 15

2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру. 15

2.2  Банктерді басқару принциптері 19

III ТАРАУ БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 26

ҚОРЫТЫНДЫ.. 31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері.

Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.

Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.

Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

 

Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады.

Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі.

Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.

Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.

 

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.

Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. /2.166-172б/

Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:

•     нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін бағыттау;

• мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі;

•     өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі;

• үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы; ...

2.2  Банктерді басқару принциптері

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

  1. Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
  2. Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.

Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.

1) Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.

Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.

Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте  қалайша өзгеретінің  анықтаудың,  оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.

2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының  біріне жатады.  Ол  тиісті  кезеңге  белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету. ...