Доклад/Баяндама: Батыс Еуропа елдеріндегі ХVІІІ ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
19

Жоспар

 1 Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық

қызметі мен теориясы. 3

2. Иоганн Гербарттың (1776-1841) педагогикалық теориясы.. 10

Әдебиеттер. 17

 

1 Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық қызметі мен теориясы.

 

XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швей­цария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан, дворян-помещиктер қанаса, екінші жағынан, тоқыма өндірісінің иелері қанады. Песталоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғары оқу орны - коллегиумге түседі. Бұл оқу орнындағы профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын.

 

Жан-Жак Руссоның «Эмиль» және «Қоғамдық шарт» атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті. Оның халыққа қызмет ету жөніндегі ойын нығайта түсті.

 

Песталоцци 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және санауғa үйретті. Сөйтіп, Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады.

 

Песталоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жақтары да болды. Біріншіден, тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді. Екіншіден, оқу мен еңбекті ұштастыруы ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шаруашылығындағы және тоқыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Қаражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды. Бұдан кейінгі жылдары Песталоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды. Өз еңбектерінде Швей­цария шаруаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсарту, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін аудармақ болды. Ол «Лингард және Гертруда» деген әлеуметтік-педагогикалық роман жазды. Бұл еңбегінде шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Бұл еңбек басылып шыққаннан кейін Песталоццидің есімі көпке әйгілі болды.

 

Песталоцци 1799 жылы Бургдорф қаласындағы мектепте мұғалім болып орналасады. Бұл мектептегі тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде оқыту және санауға үйретудің тиімді әдістерін ұсынды. Ол әдістерді кеңірек тарату үшін Бургдорфта ин­тернаты бар орта мектепті басқару және оның жанынан ашылған мұғалімдер даярлайтын бөлімге басшылық ету Песталоцциге жүктеледі. ...

 

2. Иоганн Гербарттың (1776-1841) педагогикалық теориясы

 

Иоганн Фридрих Гербарт 1776 жылы Германияда чиновник отбасында туған. Ол әуелі классикалық латын мектебін онан кейін Йен университетін бітіреді. Оқуын бітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін оқытушы болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, бірақ Гербарт оның көзқарасындағы демократияшыл бағыттан әсер ала алмады.

 

1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенигсберг университеттерінде профессорлық қызметте болады. Осы қызметінде ол кең салалы педагогикалық жұмыспен айналысып, Кенигсберг университетінде мұғалімдер әзірлейтін семинар құрады, педагогикалық практика жүргізу үшін оның жанынан шағын мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді.

 

Осылай Гербарт өзінің университеттегі профессорлық қызметін педагогикалық тәжірибемен ұштастырды. Бұл оған педагогика мәселелерін тереңірек қарастыруға жағдай туғызды.

 

Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде «Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика» (1806)», « Психология оқулығы» (1816), «Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар» (1831), «Педагогика лекцияларының очеркі» (1835) баяндалған. Гербарт педагогика ғылымының жүйесін идеалистік философияның негізінде, әсіресе этика мен психологияға байланысты зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, ол метафизик болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп, өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып біле де алмайды. Дүниенің өзгеруі жөніндегі адамның елестеулері мен түсініктері алдамыш; болмыс, болмыстың мазмұны да өзгермейді деді ол. Гербарт психологиялық мәселелерді зерттеуде де метафизик болды. Оның ойынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен ұштасу, байланысу кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы бірнеше түйсіктерге ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады, осыдан елестеулер туады. ...