Курсовая работа: Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
56

Жоспар

 

 АННОТАЦИЯ.. 5

Қорытынды.. 6

1 АДАМЗАТ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ әЛЕУМЕТТІК-МәДЕНИ СТАТУСЫ... 9

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар тәрбиесінің тарихи-мәдени ерекшеліктері 9

1.2 Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік-мәдени статусы   18

2  МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРМЕН ОҢАЛТУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 30

2.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек Балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың жетістіктері 30

2.2. . Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтік педагогикалық бағыттаудағы ізденіс жолдары, сүйемелдеулеріне ұсыныстар. 35

ҚОРЫТЫНДЫ... 44

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 46

Оңалтудың жеке бағдарламасы.. 49

Қандай ауру екенін білу. 49

Этаптық эпикриз. 51

Ұйымдардың атауы.. 53

 

1.2 Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік-мәдени статусы

 

Мемлекет тарапынан көмек қажет ететін балалар категорияларының негізгі көрсеткіші – балалардың әлеуметтік статусын анықтау болып табылады. Балалар мәртебесін анықтау құқықтық нормативтерге сүйене отырып өте мұқият қаралуы керек. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік статусын құрайтын бірнеше критерийлер белгілі: денсаулық, жетім қалу, мінез-құлық ауытқушылығы, қатігездік таныту экологиялық аймақта қоныстану, отбасы өмірінің деңгейі, «әлеуметтік тәуекел» отбасылары, қараусыз балалар және қаңғыбас балалар.

 

Денсаулығына байланысты үкімет тарапынан, әлеуметтік қоғамнан қолдау қажет ететін мүгедек балалар санатына мыналар жатады:

 

-         0 – 18 жас аралығындағы мүгедек балалар, оларды өзара жасына байланысты топтарға бөледі: 0 – 3 жас аралығындағы, 4 – 16 жас аралығындаға, 16 – 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;

 

-         әлеуметтік мағынадағы ауруы бар балалар: СПИД, туберкулез, нашақорлық, ішкіштік, таксикомания;

 

-         психолгиялық ауытқулары бар балалар;

 

-         радиациясы жоғары аймақта тұратын балалар.

 

-         әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар қатарына тағы да жетімдер, қатігездік көрген балалар, эксплуатацияланғандар, қаңғыбас, қараусыз балалар.

 

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың саны күннен күнге көбейіп келе жатқандықтан еліміздегі денсаулық сақтау, білім, және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап еті отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Қарағұсова Астанада журналистермен өткізген беспасөз маслихатында министрліктің мемлекеттік бюджеттің ірі және шығыс бөлімдерін талдау мен өркениетті түрде айналысатындығын, бұл өз кезегінде министрліктің зейнеақылар мен жәрдемақыларды нақты төленуіне бақылау жасауды күшейтетіндігін айтқан болатын. Өз  сөзінде Г.Қарағұсова: «Қазақстанда кәсіби аурулардан, жалпы аурулардан, туа біткен немесе жүре пайда блоған мүгедектік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу базасы жоқ. Осының бәрін құру керек. Біз әлеуметтік мәселелермен айналысатын, мәселен, көп балалы отбасылар ассоциациясы мүгедек балалары бар аналар бірлестігі және басқа да қоғамдық ұйымдармен шынайы өзара қарым-қатынастарға жол ашуымыз керек,» - деген болатын. Мүгедек жандар мүддесіне байланысты айтылған министрдің бұл бастамаларының нәтижесін уақыт көрсетіп отыр. Елімізде мүгедек жандар құқығын қорғауға байланысты заңдар қабылданып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Мемлекеттің өркениеттілік деңгейі басқа өлшемдермен қатар, ондағы кемтар адамдардың ахуалынан да көрінеді.  Кемтар  балалар  өсе  келе    өздерін қоғамымыздың толыққанды  мүшесі  сезінуі үшін    барлық қажетті жағдайлар жа  салып, олардың құқықтары заң жүзінде бекітіліп, орындалуға тиісҚазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдеде қабылданған "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"[5] заңы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.Оның бір ерекшелігі - біздің елімізде мұндай заң алғаш рет қабылданып отыр.Заң бойынша, кемтар балалар санатына белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі балалар жатады. ...

 

2.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек Балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың жетістіктері

 

         Соңғы жылдары мүгедек балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Бұл салада Қазақстан қоғамының алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі және бірегейі-зерттеушілер, оқытушылар және практиктердің басын біріктіріп, бір арнаға тоқайластыру. Белгілі бір топ өкілдерін әлеуметтік ортаға бейімдей алмау, яғни оларды қоғамның толық қанды мүшелігіне икемдей алмау – олардың жан-жақты мүмкіншіліктерін шектеуге әкеліп соғады. Демек, мұның өзі олардың әлеуметтік сұраныстарын өтей алмаудың бір түрі. Мәселен білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету түрлерінің жетіспеушілігі немесе олардың жетілмеуі жарымжан балалар мен олардың отбасынаа айтарлықтай қиындық туғызады. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар  мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп-білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Әлеуметтік-мәдени түсінік-танымсыз мүгедек блалардың проблемаларын шешу де, ұғыну да қиынға соғады. Осы орайда айта кетуіміз керек, мүгедектік дәрежесі аурудың түрін анықтауға қажет. Және әлеуметтік жеңілдіктер беру мақсатында адамға белгілі бір мәртебе берген жағдайда қажет етіледі. 1992 жылы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында қабылданған, №1185 реабилитациялық бағдарламасының кепілдемесінде былай дейді: «Мүгдектік – бұл адам баласын мүмкіншіліктерден шектеу, яғни қарым-қуаттылықтан, психологиялық, әлеуметтік, мәдени заңдылықтар мен басқа да кедергілерді бастан өткере отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болу бағытынан айрылғандар. Сондықтан қоғам олардың қажеттіліктерін өтей отырып, тәуелсіз өмір сүрулерін қамтамасыз етуге міндетті».

 

         Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Мұндай жағдайда, әсіресе балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959 ж) Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдацына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы:

 

Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиеленуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және басқа да адамдардың сүйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын-туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуы құқылы...»

 

 ...

 

...«Т»-алаңдаушылық, «В»-кінәлә сезіну, «Н»-психо-жүйкелік қысым, «С»-жалпы отбасының алаңдауы, «Д/З»-диагноз қоюға болатын көрсеткіш.

 

Жауаптарға арналған балнк. .............


Эксперимент  нәтижесінде  30 ата-ананың 85%-да мүгедек бала дүниеге келген кезде алғашқы психологиялық соққы болып, олар өзін-өзі кіналады. Бұл сұраққа жауап берген аналардың 60%-ы мүгедек бала дүниеге келген соң әкелері отбасын тастап кеткен. Отбасыларының 10%-ы өін-өзі бағалауы төмендеді, бірақ мүгедек баланы өз ортасына қабылдау қалыпты эмоциялық жағдайда жүрді. Осы 10% ішіне толық отбасылар кіреді. Олар ата-анасы және дені сау балалары бар жанұялар. 5% отбасылар мүгедек баланың дүниеге келуін ерлікпен өткерді, бұған отбасыларындағы ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен татулық дәнекер. Зерттелушілердің 80%-ы мүгедек балаларды тәрбиелеудегі негізгі мәселелері – олардың білімдерінің жетпегендігінен және толық ақпараттанбағандығынан деп шешті. Олардың ойынша мүгедек балаларды балабақшаға алмайды, ортасынан шеттетіледі. әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық кеңес беру орталықтарының бар екенін білмейді. Қарым-қатынас кезінде 20% ата-аналар мүндай кеңес беру орталықтарының бар екенің достарынан, таныстарынан естіп, білген. Отбасылардың 90%-ы балаларын тәрбиелеуге отбасылық клубтар ашылса дап ниет білдіреді.Клубта жан-жақты хабар алар едік деген ойда. Ата-аналардың 10%-ы әлеуметтік қызмет  үйге патронаж жасау арқылы болса дейді. 60% ата-аналар қойылған сұраққа қоғам мүгедек балаларды шеттетеді деп шешті. Мемлекет тарапынан қорғауды қажет етеді, мүгедектік зейнеақысы төмен, жеңілдіктер аз. 40% ата-аналар қоғам өздірінің мүгедек балаларын қалыпты қабылдады деп, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен іс-шаралар, мейрамдар өткізіледі деді. 80% ата-ана мүгедек бала дүниеге келген соң қаржылық жағдайы төмендеген, себебі, дәрі-дәрмектер олар үшін қымбытқа түседі. Осындай жауапты жалғыз басты аналардың 50%-ы берген.  Бұл отбасыларына тек баланың зейнеақысымен күн көрушілер жатады. Отбасылардың 20%-ының балаларын әжелері тәрбиелеп отыр. Тек 10%-нда ған қаржылық жағдайы қалыпты. 90% отбаслар әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік қамсыздандыруды өз балалары үшін қажет деп санайды. ...

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы: Жеті жарғы.-2005.-186б.
  2.  Қазақстан Республикасы. Президент. Заң.     ҚР-ның кейбір заң актілеріне мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы// Егемен Қазақстан.- 2002.- 27 наурыз.- Б.4
  3. ҚР. Президент. Заң.     Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы// Егемен Қазақстан.- 2001.- 19 қаңтар.-Б.2
  4. ҚР. Президент. Заң Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы // Егемен Қазақстан .- 2003. - 17 қаңтар.
  5. Неке және отбасы заңы .- Алматы: Жеті-жарғы.-2003.- 46 б.
  6. Темірғали Ж.     Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы//Заң.- 2000.-N1.-Б.45-48.
  7. Баймұқанов М. Кемтар балаларға  әлеуметтік қамқорлық қажет// Заң.- 2002.-N2.-Б.26-30