Мазмұны
Кіріспе. 3
І тарау. 3D Studio Max интерфейсіне шолу. Негізгі аспаптар панелі. 6
1.1. Интерфейске қысқаша түсінік. 6
1.2. Интерфейс элементтері 6
1.3. Негізгі аспаптардың панелі. 7
1.4. 3D Studio Max-та мәзірді қолдану. Мәзір командаларының атқаратын қызыметтеріне сипаттама. 15
ІІ тарау. Интерфейстің қосымша элементтері. 33
2.1. Интерфейстің қосымша элементтерін қолдану. Уақытты басқару элементіне сипаттама және пайдалану. Time Slider жүгіртпесі. Tрек панелі. 33
2.2. MaxScript Hisfener құралдары. 36
2.3 Жылжымалы және бекітілген панелдер. 37
2.4 Батырмалар әрекеті. 38
2.5 Арнайы сұхбаттасу терезелері 38
ІІІ тарау. Модельдеу. 40
3.1. 3ds Max-тағы күрделі объектілерді жасау. 40
3.2 Модификаторларды пайдалану. 40
Қорытынды.. 42
Қосымша. Электрондық оқыту құралын жасау мен пайдалану. 43
Пайдаланылған әдебиеттер: 46
Бағдарлама листингі 47
1.3. Негізгі аспаптардың панелі.
Негізгі аспаптар панелін зерттеу
Жұмыс терезесінің үстіңгі бөлігіндегі панель, оның батырмалары бағдарламаның негізгі функцияларын іске асыруға арналады.
« Қаттау панелі.
Кеңейтілген аспаптар панелі және оның жеке қаттауында 3ds max-тың бағдарламалық жабдықтарының басқару батырмалары орналасқан.
« Мәзір.
Терезенің үстіңгі бөлігіндегі бағдарламалар сериясы, ол көптеген функцияларға кіру мүмкіндігін ашады.
« Command панелі.
Оң жақта орналасқан негізгі панель құрамынына Create (Жасау), Modify (Модификациялау), Hierarchy (Иерархия), Motion (Қозғалыс), Display (Бейнелеу), Utilites (Утилит). Оған тағы да динамикалық және бапталған бұрушы панелі кіреді.
« КвадМәзір.
Обектінің үстінен тышқанның оң жағын басқаннан кейін шығады. Бейнеленген объектілер мен анықталған тәуелді- бейне текстік командалардан тұрады.
« Трек панелі.
Анимацияның кадрларына және кілттеріне жеңіл кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
« Қалып-күй жолдары.
........................
1.2-сурет.Команд панелі
Қажетті мәліметтер және оның баптауын бейнелейді. Уақытты басқару элементтері. Анимацияның тізбектілігін басқару үшін қолданылады. Жоба терезесінің навигация элементтері. Терезедегі жобаны баптау үшін қолданылады.
Негізгі аспаптар панелін зерттеу
Негізгі аспаптар панелі, бұл қаттау панелінің алғашқысы. 3 ds max интерфейсіне көптеген панельдер кіреді, бірақ негізгі аспаптар панелі бағдарламаның ең керекті деген функцияларын жүзеге асыру үшін қажет болатын панель. Осы себепті ең алдымен негізгі аспаптар панелін және оның батырмаларын сипаттайық.
Аспаптар панелінің барлық батырмаларында түсіндірмелер (tooltip), немесе дәлірек айтқанда текстік жазулар бар. Бұл түсіндірмелер қолданушы қай батырма қандай қызмет атқаратынын көріп отыруы үшін өте қажет. Керекті түсіндірмені көру үшін тышқанның көрсеткішін сол батырманың үстінен басу керек. Аспаптар панелінің кейбір батырмаларының оң жағында кішірек келген үшбұрыш болады. Бұл батырмалардың тағы да қосымша ішкі батырмалары бар.
Негізгі аспаптар панелінің батырмалары:
1. Undo (Әрекетті аластау) Соңғы орындалған команданы алып тастайды. Алып тасталынған командалар саны Proferences сұхбат терезесінде көрсетіледі.
2. Redo (Қайталау) Undo командасының көмегімен алынып тасталынған команданы қайтадан қалпына келтіреді.
3. Select and Link (Бөліп тастау және байланыстыру) Объектінілер арасындағы байланысты орнатады.
4. Unlink Selection (Байланысты бөлу) Объектілердің арасындағы байланыстарды үзеді. ...
2.4 Батырмалар әрекеті.
Батырма комбинациясы
Бағдарламаның көптеген құрылғыларына кіру үшін батырма комбинацияларын қолдануға болады. Бұл жағдайда тышқанды қолданбай үнсіз келісім бойынша орнатылған батырма комбинациялары Мәзірдің берілген командасы үшін команданың атынан оң жақта орналасқан. Батырма комбинацияларын өзгерту немесе қарастыру үшін Preference Settings сұхбаттасу терезесіндегі Keyboard (батырма) қаттамасын қолдануға болады.
2.5 Арнайы сұхбаттасу терезелері
3ds max- тың коптеген сұхбаттасу терезелері модальды емес болады. Бұл жоба терезесінде объектілермен жұмыс жасау үшін оларды жабу міндетті емес екендігін білдіреді. Мұның жақсы үлгісі Material Editor сұхбаттасу терезесі болып табылады. Оны ашу арқылы объектіні артқы фонда трансформациялауға, белгілеуге және жасауды жалғастыруға болады. Осы типтің басқа терезелеріне Material/Map Browser, Render, Scene, Video Post, Transform Type- in, Display Floater және Selection Floater Track View және Schematic View жатады. ...
3.2 Модификаторларды пайдалану.
Модификатор деп-объектілерге арналған қасиеттерін өзгерту нәтежесінде объектіні өзгеріске ұшрататын әрекетті атаймыз.Мысалы,модификатор объектіге әр түрлі деформациялау әдістері,мысалы созу,бурау,бүгуі арқылы әсер етеді.модификатор сонымен қатар,объектіге мәтіннің орналасуын басқару үшінде әсер етеді немесе объектіні физикалық қасиеттерін өзгертеді,мысалы оны иілгіш ете алады.
Тізім- Modifier Stack (модификаторлар стегі) 3ds max интерфейсінің негізгі элементтері болып табылады,ол командалар тақтасындағы Modify (өзгерту) хаттамасында орналасқан.бұл тізімді белгіленген объектілерге қолданылған саймандардың тарихы көрсетіледі,сондай-ақ объектіні редакциялау режимі көрсетіледі (сур.3.1).
Модификатор стегі сценада объектілерді тасымалдаудың толық тарихын мазмұндауда өте ыңғайлы.Модификатор стек көмегімен объектінің өзін баптауда оған қолданылып жатқан модификаторларға ауысу жалдам іске асадынемесе модификатор әрекетін тоқтату немесе олардың объектіге әсер ету кезеңінің орнын ауыстыруға болады.Объектіні белгілеуде немесе оған қолданылған командалардың параметрлері Modify хаттамасында пайда болды(сур.3.2).
Объектіде модификаторларды қолдану үшін алдымен объектіні белгілеу керек содан кейін барып командалар тақтасының Modify хаттамасындағы Modifier List (модификаторлер тізімі) таңдалуы қажет,осыдан кейін барып, модификатордың аты бірден стекте пайда болады.Сонымен қатар модификаторды Modifiers басты мәзірдің сырғып шығатын пунктіненде тағайындауға болады(сур.3.3). Тағайындалған модификаторларды өшіру үшін модификатор стегімен оның атын белгілеп алып модификаторлар стегі терезесінің астында орналасқан Remove modifier from the stack (модификаторды стектен өшіру) батырмасын басу қажет. Модификаторлар әрекетін тоқтатуға болады.Бұл мүмкіндік модельдеудің әр түрлі кезеңінде объектіні өзгертуді бақылау қажет болған кезде керек болады.Модификатордың әрекетін өшіру үшін стектегі модификаторлар атының сол жағында орналасқан лампа-белгісіне шерту жеткілікті.3ds max бағдарламасының модификаторлар саны өте көп болғандықтан олардың барлығының атқаратын қызмет айтып шығудың қажеті шамалы,сол себепті жиі пайдаланатын модификаторларды қарастырамы. ...