Жоспар
Кіріспе. 3
1 Ақшаның пайда болуы және оның мәні 4
2 Ақшаның қажеттілігі 6
3 Ақшаның формалары мен түрлері 8
4 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі 13
Қорытынды.. 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 20
2 Ақшаның қажеттілігі
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақша пайда болмай тұрып көп елдерде ақша ретінде малды пайдаланды. Сондықтан латынның сөзі «пекуния» (ақша) деген сөз «пекус» (мал) сөзінен шыққан. Капитал сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.
Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономикалық әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихы категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Марстің Т-А-Т1 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т1) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі, олардың айрықша тауар жөніндегі мәселелерді тақараптың келесі тарауларында сөз етеміз.
Демек, ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айырша тауар болып қала береді.
Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан.
Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуді дұрыс деп есептедік. Бұл сызба «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» кітабында (Мәскеу- Ленинград, 1991ж. 13-бет) келтірілген.
Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары (кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды тұлғарар) айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшадай төлемдердің қарама-қарсы ағыммен теңестіріледі. Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруашылықтары) және фирмалар өніретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар нарығындағы фирмалар өз өндірістері үшін қажетті ресірстарды – жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды сатып алады.
Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тиесілі, бұл шаруашылықтар сәйкес ақша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т.б. түрді қабылдайды.
Ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық айналымдағы ұлттық табыс пен ресурстар қозғалысы көрсетілген.
4 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенеиін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқаратын қызметі – ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар – адам еңбегінің өнімі, ол өнімдерді біріне-бірін теңестірудің бірыңғай негізі – абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны – тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешіліктер бар. Құн өлшемі – ол ақшаның экономикалық қызметі, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет занды түрде бекіткен – құқықтық сипаттағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Соның негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан.
Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуді дұрыс деп есептедік. Бұл сызба «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» кітабында (Мәскеу- Ленинград, 1991ж. 13-бет) келтірілген.
Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары (кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды тұлғарар) айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшадай төлемдердің қарама-қарсы ағыммен теңестіріледі. Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруашылықтары) және фирмалар өніретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар нарығындағы фирмалар өз өндірістері үшін қажетті ресірстарды – жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды сатып алады.
Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тиесілі, бұл шаруашылықтар сәйкес ақша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т.б. түрді қабылдайды.
Ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық айналымдағы ұлттық табыс пен ресурстар қозғалысы көрсетілген. ...