Жоспар
Кіріспе. 3
1 Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы 4
2 Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім. 7
3 Әлемдік білім беру прогрессінің үрдістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күшжігірлері. 9
Қортынды.. 15
Қолданылған әдебиеттер: 17
Кіріспе
Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтердің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Бір аңғарта кететін жәйт, халықаралық қабылданған адам дамуы индексінің (АДИ) төрт көрсеткішінің екеуі – ересек халықтың арасындағы сауаттылық пен 6-24 жастағы оқушылардың жиынтық үлесі елдің білім деңгейін сипаттайды.
1 Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы.
Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту заманында Вольтер, Руссо; Дидро және Гельвенций білім мен ғылымның қоғам дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты. Одан кейінірек уақытта Бенджамин Франклин бүкіл даналық пікірлерге тән қарапайым ой айтты: «Егер әмиянның ішіндегісін басыңызға құйсаңыз, оны сізден ешкім де тартып ала алмайды.
Адам апиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек ХХ ғасырда ғана ресімделді.
Адам капиталының теориасы өзінің қазіргі заманғы қалпында алғаш рет «чикаголық мектептің» өкілдері, американдық екі ғалым Т.Шульц пен Г.Бекердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды. Т.Шульц 1960-1961 жж. «білім капиталын жасау» және «Адам капиталына инвестициялар» мақалаларын жариялады, мақалаларда жаңа теорияның негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Г.Беккер 1964 жылы «Адам капиталы: теориялық және эмпирикалдық талдау» іргелі еңбегін шығарды. Кейіннен екі ғалым да өз еңбектері үшін Нобель сыйлығын алды.
2 Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім.
Адам капиталы теориясы әлемдік білім беру прогресінде аса көрнекті роль атқарды. Білімге жұмсалатын инвестициялардың тиімділігі мен айрықша пайдалылығы, білім жүйесін қаржыландырудағы «қалдық қағидасының» дәрменсіздігі дәлелденді. Білім әйтеуір теория мен мемлекет мағлұмдайтын саясатта, қалай болғанда да, бұрынғыдай өндірістік саланың қарауындағы сала, қағам зейінінің қосалқы дәреежелі объектісі ретінде ұғынылмайтын болды.
Алайда адам капиталы теориясының «экономикалық ауытқуы» тосын ашылған қарама-қайшылықтар және білім мен экономикалық дамудың өзара қатынастарындағы нағыз озаштықтарды түсіндіруде оны дәрменсіз етті.
Соңғыларына, мәселен, «білім беру шиыршығының оғаштығы» аталатын көзқарас жатады. Оның тұжырымы былай, білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым көп төмендесе, білімді жұмыс күшінің арасында жұмыссыздық неғұрлым көп болса, соғұрлым аттестат алудың маңызы арта түседі, өйткені тек аттестаттың болуы ғана әйтеуір бір жұмысқа орналасуды кепілдейді. Яғни білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым аз болса, соғұрлым оған сұраныс көп болады.
3 Әлемдік білім беру прогресінің үрдістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күшжігірлері.
Білім жөнінде Декарда 2000 жылғы сәуір айында өткен Дүниежүзілік форумда баршаға бірдей білім стратегиясын іске асырудағы онжылжықтың қортындылары жасалды. Дакар форумы адам дамуының аса маңызды компоненті ретінде білімге берілген екпінді одан сайын күшейте түсті. Форумның «Іс-әрекеттің Дакарлық шеңберлері. Баршаға бірдей білім: біздің міндеттемелерімізді орындау» негізгі құжатында, білімнің адам құқықтарының негізгілерінің бірі екендігі атап көрсетіледі. Ол орнықты дамудың, бейбітшілік пен ел ішіндегі тұрақтылықтың және елдер арасындағы қатынастардың кілті болып табылады және осы тұрғыда ол қоғам өміріне және ХХІ – ғасырдың экономикасына белсенді қатысу үшін қажетті құралы болып қызмет жасайды, олар жеделдетілген жаһандануда қозғалады. БББ мақсаттарының жетістіктерін одан әрі кейінге болмайды. Баршаның базалық білім қажетіліктері қанағаттандырыла алады және тоқтаусыз қанағаттандырылулары тиіс.
Декар форумы БББ стратегиясын одан әрі жылжытудың 6 мақсатын белгіледі:
• Жас балаларға күтім көрсету мен оларды тәрбиелеу, әсіресе ең осал және үлетен құр қалған балалар жөніндегі кешенді шараларды ұлғайту және жетілдіру;
Қортынды
1. Білімнің адам дамуына айқындаушы ролін тану адам капиталының теориясына негізделеді, ол тұтастық өалпында ХХ ғ. Жылдарында қалыптасты. Осы теория ілімінің маңыздылығын абстрактілі қабылдаудан нақты ұғынуға көшуге, соның ішінде білімнің өте-мөте материалдық айдасын сезінуге көмектесті. Білімнің ең құнды және сенімді капитал екендігі дәлелденді. Адам капиталы теориясын басшылыққа ала отырып, дамыған елдердің үкіметтері мен бизнесі білімге арналған инвестицияларды ұлғайтып, оған аса маңызды экономикалық және саяси басымдылық берді және соның арқасында өз мемлекеттерінің дамуында ірі табыстарға жетті.
2. адам капиталы теориясын практикаға енгізу білімнің бұқаралығын жаппай күшейтуге, оның ауқымдары мен мүмкіндігін ұлғайтуға септігін тигізді.
Қолданылған әдебиеттер:
• Дамитов Б.И. Қазақстандағы жоғары білімді реформалау: тәжірибе және перпективалар. Қолжазба. Ақпан 1999 ж.
• Көшербаев Қ.Е., Ахметов А .К., Әбілқасымова А .Е., Рахымбек Х.М. қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің даму стратегиясы. – Алматы: Білім,1998 ж.
• Мамыров Н.К. Қазақстандағы экономика мен білім дамуындағы проблемалар- Алматы: Дәуір, 1998 ж.
• Білімнің қалықаралық стандарттық жіктемелімі (БХСЖ – МСКО) – 1997 ж.
• Өзгеруші қоғамдағы оспар. MONEE жобасы. ЦВЕ/ТМД/Балтия – ЮНИСЕФ, 2000 ж.