Мазмұны
1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы.. 3
2. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары.. 4
3. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар. 10
4. Қазақстан мемлекетін нығайту — тұрақтылық пен прогрестің басты факторы.. 12
5. Құқық туралы негізгі теориялар. 14
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi 22
2. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Алғашқы қауымдық қоғамның эқономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік зандары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жене меншіктің қалыптасуы;
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым - қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері. ...
4. Қазақстан мемлекетін нығайту — тұрақтылық пен прогрестің басты факторы
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері он бiр жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл — уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішіңде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Он бiр жыл — бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.
Қазақстан Конституциясы мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайта түсті, билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді занды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары кұрылды, адам құқығы сақталынуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық комплексi қалыптасты. Экономикалық құрылымдық қайта құруы жүріп жатыр. Қазақстан халықаралық рынокқа да жан-жақты араласуда.
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде кдлыптасты жөне әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. БҰҰ-ның мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 200 мемлекетіне танылды, олардың 130-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық мыңдаған тiптi одан да астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.
Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттілік билік калыптасты.
Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды.
Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқыктық және әлемге ашық мемлекет кұруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеумттік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған. ...