Дипломная работа: Түрік қағанаты мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
63

Жоспар

 

 

 Кіріспе. 3

I тарау. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген аймағы,  этникалық құрамы.. 6

1.1.Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы.. 6

1.2. Түркілердің шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалық топтары   26

ІІ тарау. Түркі империясы мен феодалдық мемлекеттер. 35

2.1. Түрік қағанаты және оның мемлекеттік құрылымы. 35

2.2. Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті. 47

Қорытынды.. 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

 

I тарау. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген аймағы,  этникалық құрамы

1.1.Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы

Біздің замаиымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеумеітік консолидациясының жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Сібір, Орталық және Орта Азия, төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше түркі тілді тайпалардың және қағандықтардың қалыптасуына алып келді. Олар: бірінші Түркі қағандығы — Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы, ұйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Бұлғар, Қарлұқ, Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері немесе империясы. Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де жаңа сатыға котерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни түсініктерді, нанымдары — буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің негізінен басқа да өркениет жетістіктерін қабылдады. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті. Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіндік өркениетті мәдениет түрлерін қалыптастырды, олар сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орын алды.

 

Осы процестердің бәрін ұлы далада өмір сүрген коптегеп тайпалардың біріне ғана тән немесе қазіргі түркі тілдес тайпалардын бірінің ғана тікелей тарихы деп қарауға болмайды. Евразияның түркі тектес халықтары өздерінің алдындағы тайпалар сияқты ұзақ уақыт бойы түркі тілді халықтардың бәріне ортақ тарихты жасады. Тарих аренасында бір тайпаның орнын екіншісі ауыстыруын алдыңғы тайпаның тарихтан өшуі деп есептеуге болмайды. Олар пайда болған жаңа тайпаның саяси құрамынан, ариліктердің, сақтардың, хундардың этникалық топтарынан көрініс беріп, өзгеріске ұшыраған түрде тарих сахнасына қайта шығады. Түркі тайпалары қола дәуірінде пайда болып, ари, скиф-сак, хун дәуірлерін басынан кешірседе, олардың бірлестігі жоғалған жоқ. Тек көне түркі дәуірінде ғана этникалық негізде тарих аренасынан көріне алды....

 

1.2. Түркілердің шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалық топтары

 

"Түркі" сөзі біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырда бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Осы кезде түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Ұлы далада түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: "Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуініп, арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми каған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түркі зандарын шығарып, оны бекітті". Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандарының билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.

 

V ғасырда түркілер деп Ашина ордасына қараған тайпалар атанды. Ал көршілес тайпалар түркілер қатарына саналған жоқ. Түркліердің шығу тегін зерттеу ғылымда XIX ғасырдың санына дейін көршілес қытай, парсы, грек, Византия елдерінің деректері арқылы белгілі болды. 568 — 598 жылдары түркілерге қарай бірінші болып Еділден өткен Земарх басқарған Византия елшілері орқандай деректер жазып қалдырды. Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен мекені туралы толығырақ мәліметті біз IX—X ғасырлардағы араб географиясынан кездестіреміз. Осы герграфиялық әдебиетте "түркі" деген сөз халықтар тобы және олардың тілінің ортақ иесі ретінде корсетілген.

 

Қытай жазбаларында туркілерді хундар тұқымы деп, қытайша "жин, жуань-жуань, жужань"1 деп атаған, бірақ бұл атау халықтың атауымен ешбір сәикеспейді.

 

Н. А. Аристов "түркілердің бастапқы шығу тегі мен олардың ата жұрты туралы" деген мәселеде: "Түркілердің негізгі басты үлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдағы жер-су аттары көне түркі халық аңыздарына енуі бұған дәлел бола алады. Ежелгі түркі мемлекеті хундар империясы болып есептеледі,— дейді. Орхон жазбалары бұған дәлел.

 

Ескерткіште хан өз халқын түркілер, ал басқаларды оғыздар немесе тоғыз-оғыздар деп атады, бірнеше жерде оғыздар немесе тоғыз-оғыздар ханның жауы ретінде аталған. Орхон жазбаларын оқуға жол ашылғанға дейін В. В. Радлов VI—VIII ғасырда түркілер оғыз халқына жатты деген қорытындыға келіп, кейін оны жазбалармен дәлелдеді.

 

Оғыздар немесе түркілер бірнеше халықтарға бөлінеді: телестер, шығыста тардуштар, батыста түркештер және т. б. Қарлүқ, қырғыз және үйғырларды сенімді түрде түркілер деп есептейміз, бірақ сол кезде бұл халықтар өздерін түркіміз деп есептеген дәлелді дерек жоқ.

 

Печенегтер мен қыпшақтарды орыстар да, батыс еуропалықтар да түркілер деп атаған жоқ, "түрік" сөзі Европада оғыз халықтарынан шыққан осман империясын білдіру үшін кеңінен қодданылды.

 

Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеулер негізінде түркілердің шығу тегі, көне тарихы туралы мәселе қарастырылу үстінде. Түркі халықтары туралы мәліметтердің басым бөлігі грек, парсы, мұсылман, қытай қолжазбаларында кездеседі.

 

Грек деректерінен біз түркілер VI ғасырдың өзінде-ақ Шығыс Европаға келіп, Византиялық қала Босфор мен Керч бүғазын жаулап алғандығын білеміз. Парсы деректері бойынша түркілер парсылардан Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын тартып алғаны белгілі. Ең батыс түркі халқы неченегтер еді. Алғашында Еділден шығысқа қарай мекендеген олар IX ғасырда Оңтүстік Ресейге қоныс аударған. Еділдің орта және төменгі ағыстарын мекендеген бұлғарлар мен хазарлар бір тілде сөйлейтін, тілдері түркі тілі тобындағы чуваш тіліне ұқсайтын.

 

Еділден, батыстан шығысқа қарай Қытай шекарасына дейін оғыздар мекендеген, орталықтары Сырдарияның төменгі ағысында болған. Қарлүқтардың орталығы Шу өзенінің бойында болды. Тоғыз-оғыздардың орталығы Турфан еді. Кейбір авторлардың жазбаларында Жетісу аумағында Қарлүқтармен қатар басқа да түркілер мекендеген. Түркілер екіге бөлінген, олар Тухси мен Аз Шігілдер Ыстыккөлдің солтүстігін мекендесе, Яғма халқы Нарынның оңтүстігін қоныстанды. Тоғыз-оғыздардан солтүстікке карай кырғыздар өмір сүрді, олардың орталығы Енисейде болды. Қырғыздардың батыс көршісі қимақтардың орталығы Ертісте болатын. Қимақтар туралы Кытай, Орхон жазбаларында ешқандай дерек кездеспейді. Олардың батысқа қай жақтан келгені белгісіз. Қимақтардың бір бөлігі — қышлақтар. Олар печенегтермен көршілес тұрып, өз алдына жеке халық атанған.

 

Махмуд Қашқари құрастырған түркі тілдерінің әйгілі сөздігі — "Дивани луғат-ат-түрік"-те түркі тілдерінің жекелеген түрлері туралы көп мәліметтер келтіреді. Махмуд Қашқари көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аршып, олардың тұрмыс-салты, тілі, аңызы және жазба әдебиеті туралы қыруар мол материал жинаған. Махмуд Қашқари бұл жөнінде былай деп жазды: "Мен түркілер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын аралап, кыстақ пен жайлауларын көп жылдар аралап шықтым, лұғаттарын (сөздерін) жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтап шықтым. Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім, солардың бәрін мүқият бір негізде жүйеге салдым".

 

Махмуд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түркіше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын солтүстік және оңтүсік деп екі топқа бөледі, әрқайсысында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, иемектер, башқұрттар, ябакулар, татарлар, кырғыздар т. б. Оңтүстік тобына жататындар: шігіл, тухеп, яғма. играк, чарук, жумыл, үйғыр, танғүт, хитай, табғаш.

 

Махмуд Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз. тухси. ягма, шігіл, играк, және чарук халықтарын атады.

 

Енисейде түрған қырғыздар кытай деректеріндеғі хундар дәуірін еске түсіреді. Ежелгі кырғыз транскрипциясында

 

қырғыз деген сөз гяньгунь деп берілсе (хундар дәуірі — б.з.б. 201 жыл), VII ғасырда хягас деп аталды.

 

Махмуд Қашкари қырғыздардан батыска карай ябаку халқы тұрды деп көрсеткен.

 

В. Томсон аз халқының шығу тегін белгісіз деп есептесе, аз және қырғыз халықтарымен бірге өмір сүрген чиктердің шығу тегі жөнінде ешқандай дерек жоқ. Солтүстік-шығысқа қарай ығысқан туркілердің бір бөлігі якут халқын қүраған сияқты.

 

Оғыздар — түркі қағандығына негіз болған тайпалардың ең үлкені. Түркілердің өзі оғыздардан шыкқан. Олардың коныстанған жері туралы белгілі түрколог Н. А. Аристов өз еңбектерінде түркі тайпаларының көбі ертеде Алтайды мекендегенін, ертедегі түркі халқының аңыздарында тайпа аттары көбінесе өздері түрған жердің, (өзен, көл, тау т. б.) атымен байланысты болып келетінін атап керсетеді.

 

Орхон жазуларында хан өз халқына қаратып айтқан үндеуінде оғыздарды тоғыз-оғыз немесе жай оғыз деп атайды. Бұдан оғыз атауы түркілердің тек солтүстік жағындағы көршілерін ғана емес, одан да кең мағынада қолданылып түрғанын аңғару қиын емес. Мысалы, Күлтегін өлгенде батыстан түркеш хандығының елшісі ретінде оғыздардың дана тамғашысы" келді дейді. Бұдан "оғыз" сөзі кең мағынада батыста да қолданылғанын көрсетеді. Оғыздар батыс түркі империясы қүлағаннан кейін орталығы Сырдарияның төменгі жағында болған жаңа мемлекет қүрды. Кейіннен оғыздар елі деп Селжук империясын қүрған Алдыңғы Азияны атады.

 

Бірінші түркі империясына негіз болған тайпалар ішінде гухси, яғма және шігіл халықтары болған. Олардың кейбіреулері Іле өңірінде, шігілдер Қашқардың жанында ауылдарда және Тараздың (Әулиеата — қазіргі Жамбыл) жанындағы Шігіл деген бекініс-калада өмір сүрген. Бұл бекініс оғыздардың жерімен көршілес болған және олар оғыздардың жиі-жиі тынышын алып отырған. Сондықтан да болар, оғыздар Амудариядан бастап Қытайға дейінгі өздерінен басқа түркілердің бәрін шігіддер деп атаған.

 

Қарахандыктар оғыз халқының шігіл, ягма тармағынан шықты. Махмуд Қашқари яғма сөзі Іле озенінің төменгі ағысында өмір сүрген халықтың аты деп жазады. Ол (М. Қашқари) сол аймақта тухси немесе шігіл халқы да болды дейді.

 

Шігілдің екі тармағы Іле алқабы мен Қашқарға жақын Куяс қаласына таяу елді мекенде түрған. Монғолдар үстемдігі түсында Іленің оңтүстігінде орналасқан бұл қала Шыңкыс ханның баласы Шағатайдың және онын ұрпақтарының астанасы болуымен әйгілі еді.

 

Махмуд Қашқари кұрлүқтардың оғыздардан шыққан көшпенді халық екенін, кейін түрікмендер деп аталғанын айтады

 

Үйғырлардың калалары туралы Махмуд Қашқари нақты деректер береді. Орхон жөие ұйғыр жазбаларында Коче қаласы аталады. Бүрынғы Турфанға, Идикут-Таримге жақын жерде Қара Қоджа қаласы болған. Идикут қаласы — үйғырлардың оңтүстік бөлігінің, басты қалаларының бірі еді. Махмуд Қашкаридегі "кочс" сөзі қала және бүкіл облыстың аты дегенді білдірген. Сол облыстың (Коче қаласының) солтүстік .бөлігіндегі басты қала Бешбалық деп аталды. Бұдан басқа Сульми, Джанбалық, Янгабалық (жаңа қала) дейтін тағы да үгіл қаланың аты аталады.

 

"Басмыл" сөзі орта ғасырдағы грек создерінде "шыққан тегі аралас адам" деп беріліпті. Орхон жазбаларында

 

 Басмылдарға Бешбалық (шамамен қазіргі Гучен) қаласы қараған. Мұнда кейіннен тоғыз-оғыздар мен үйғырлар тұрды.

 

Қарлүқ (харлук немесе карлуг деп жазылып жүр) — түркі. халқы, олар  б. з. VIII ғасырындағы орхон (түркі) жазбаларында және қытайдың "Тан-Шуынында" аталады. 776 жылы батыс түркілік қағандар империясы қүлағаннан кейін қарлүхтар.

 

і Шу бойында қоныстанған. Олардың билеушісі хакан (қаған), лауазымын алмай, ябғу лауазымымен жүрді. Махмүд Қашқари карлүқтар мен ғұздарды (оғыз) қосып түрікмен ., деген бір-ақ атпен атады. XII ғасырда Баласағүн каласын ; Қараханидтер династиясынан шыққан түрікмендер биледі: дейді.

 

Махмуд Қашқарида қимақтар аталмай, олардың орнына, Ертістегі имектер аталады. Шын монінде ол атау солтүстік топтағы халықтардың географиялық атауларына коп сойкес: келмейді. Сондықтан имектердің орнына қимақтар деген жөн болады. Қимақтардыд қоныстары Сырдария, Сауран қаласының маңында еді, яғни мүсылман елдерінің                               иеліктерімен шектесіп жатты. Ғүздар мен қимақтардың иеліктерін бөліп жатқан Итильдің (Еділдін) жоғарғы ағысы түркілердің еуропалық шекарасы болып есептелді.

 

Қыпшақ — қимақтың сонау батыстағы бір бүтағы. Олай дейтініміз, қыпшақтар XI ғасырдың өзінде (1030 жылдар шамасында) көршілес Хорезм яғни қазіргі Хиуа хаидығымен бірге аталады. Мәселен, XI ғасырдағы парсылық жыршы Насири Хусраудың өлеңінде бүрынғы "Ғүздардын даласы", "Қыпшақтар даласы" (Дешти- Қыпшақ) делініпті. Қыпшақтардың шығу тегін Қиыр шығыстағы көшпенді түркі және басқа халықтардың батыс Азия мен Шығыс Евроиаға қарай қозғалған жолдарынан іздеген жөн.

 

Негізінен ғүндардың солтустігін мекендеген қьшшақтар XI ғасырда қытай шекарасынан бастап шығыс Еуропаға дейін созылып жатты. Олардың негізгі ордабасы Ертіс өзенінде болды. Византиялық деректер бойынша қыпшақтар "командар" деп аталып, ғұндармен қатысып турған келсе, мұсылмандар оларды қыпшақтар деп атаған.

 

Қыпшақтар негізінде қимақтардың бір бүтағы болса керек. Кейінірек — XII ғасырда қыпшақтар қаңлы деп аталатын басқа бір халыкпен араласады.

 

Қыпшақтарды жеке бір хан басқармай, олардың орбір тобының өз алдына хандары болған. Қыпшақтар XII ғасырға дейін мұсылмандықты қабылдай коймады. Олар мұсылман мәдениетінен басқа христиан мәдениетінде  де қарауға болады.

 

Наймандар Рашид әд-Диннің жазуы бойынша Ертістің жоғарғы маңында мекендеген түркі тайпаларынан тараған. Аристовтың пікірінше наймандар түркілердің негізгі үрпағы болған.

 

Наймандар жоғары Ертіс пен Орхон арасында VIII ғасырда найман біріккен руы сегіз оғыз (сегіз тайпасындағы) деген атпен тарих сахнасына шықты. Олардың алып жатқан аумағы батыс Хангайдан Тарбағатайға дейін созылды. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан жері деуге "болады". Батыс Монғолияда, Жетісуда Қарахан мемлекеті қүрылған кезде наймандар олармен көрші түрған. Рашид әд-Диннің жазуы, басқа да жазба деректер бойынша наймандар XI ғасырға дейін шығыста Селенгі мен Орхон өзендерінің жоғарғы жағынн батыста Тарбағатайға шейін және солтүстікте Тану-Онадан оңтүстік-шығстағы Алтайғ шейінгі жерлерді иемденіп үлгерген Наимандар канлылар, солтүстігін қырғздар, шығысын керейттер, монғол тілдес меркіттер мекенеді.

 

Керейіттер одағы бірінші болып XI ғасырда христиан дінін қабылдағанымен, түркіше сөледі. Олардың жерлері — Толы өнінің жағалауы, Орхон өзенініңорта бойы, Онон өенінің қүяр сағасы. Наймандар мен керейіттердің оңтүстік көршілері үйғырлар болған. Шыңғыс ханның алдында қазіргі Монғол аумағы мен Алтай керейіттердің қол астында болған. Рашид әд-Диннің еңбегінде керейіттер баскаларға қарағамда берік үйымдасқан күшті тайпа болған. Сонымен бірге керейіт Торыл-Бан ханының, ата-бабасы Орта Баласағүнда билік жургізгені туралы хабар бар, кейіннен керейіттерді карақытайлар женіп, оларды шығыска ығыстырып тастаған.

 

Жалайырлар — Шыңғыс хан империясының күшейген кезінде Хилок пен Селенгі өзендерінің жағалауында өмір сүрген түркі тектес халық. Дәлірек айтқанда, Қарақорымның таулы аймақтарында, Орхон озенінің жоғарғы ағысындағы Селенгіге құяр жерінде мекеидеген. Жалайырлар Орхон мен Селенгі озендерін мекендеген ежелгі уйғырлардаи шыққанболуы мүмкін.

 

Шығу тегі белгісіз бұлғар мен хазар халыктары орта ғасырлардың басында екі мемлекет құрды: біреуі — Еділде, екіншісі — Дунайда. Бұлардың аты б. з. VI ғасырында белгілі болды. Махмуд Қашқари Еділ озенін бірнеше рет атап, Еділ бұлғарларын түркілер дейді де, олардыңтілдерін печенегтермен жақындастырады. Башқұрттар қазіргі жерлерінін төңірегінде тұрған. Татарлар, Махмуд Қашқаридің айтуы бойынша Отекен (Отюкен) жерін мекендеген. Орхон жазуларында Монғолиядағы Орхонның жанындағы таулар тізбегі осылай аталғаны белгілі. Кейбір жасырын жазбаларда (Худуд ал-алам Туманский. Жаңаашылған парсы географиясы) татарлар тоғыз-оғыздардан бөлінген десе, (Қараңыз: В. В. Бартольд. Орта Азияга саяхат есебінен), Гордизиде Ертіс жағалауындағы кимактардан бөлініп шыққан дейді.

 

Кейін Ресей, Батыс Еуропа оқымыстылары османдықтардан басқа түркі халықтарын татарлар деп атаған (осындай сөз қолданысы Радловта да кездеседі). Қытайлықтарға қарап бұл атау монғолдарға да, манчжурларға дателінген. ("Татар" қаласы Пекиндеде бар.) "Татар" деген атау тек қана түркі тілдес халықтарға катысты Еділ бойымен Қазаннан Астраханға дейін, Қырым мен Сібірде қодданылады. Сондықтан 1927 жылы КСРО ұлыстарының тізімінде Қырым татарлары, Еділ татарлары, Касимов татарлары, Тобыл татарлары деп бөлек-болек аталып кетті. Олардың ата-бабалары Қырымнан Польша тұтқындап, жер аударылған белорус татарлары еді. Олар белорус тілін қабылдағанмен, ислам дінін үстанып қалған. Астраханның түркі тілдес халықтары жаңа зерттеулер бойынша ноғайларға жатқызылды. ...

ІІ тарау. Түркі империясы мен феодалдық мемлекеттер.

2.2. Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті.

 

Түркіттердің қадым заманындағы діні туралы бізге жеткен негізгі мәліметтер қытайдың "Вэйшу" жәме "Суйшу" атты шежірелерінде жазылған. Ол мәліметтер мейлінше қарама-қайшы және тым шолақ болғандықтан да түсінуге қинн.

 

"Вэйшу" түркіт дінінің төмендегідей салтын атап өтеді: **1) Күн шығыс елін қасгерлейтһі болғаны үшін де (хан) ордасына шығыеган кіреді; *2) жылма-жыл күллі бекзаттармен бірге ата-бабалар үңгіріне барып, құрбан шалады: 3) Бесінші айдың ортаңғы онкүндігінде қара халықты жинап, өзен бойында көк аруағына бағыштап құрбан шалады; 4) Дугиннің батыс жағында 500 ли жерде биік бір тау бар, оның басына өсімдік те, ағаш та шықпайды, ол Бодын-інлі деп аталады, оны аударсақ: елдің қамқоршы аруағы деген сөз".

 

Бұдан 50 жыл кейін құрастырылған "Суйшу" (VII ғ. 30-жылдары) жоғарыдағы мәліметтерді келтірмейді, мұның орнына онда: "Шайтандар мен аруақтарды құрметтейді және дуақанттарға сенеді"— деп айтылған.

 

Осынау біріне-бірі мүлде кереғар екі версияны қалай жақындастыруға болады және бұлардың біріншісі іштей қарама-қайшылыққа толып тұр ғой. Онда күнге табыну (I), ата-бабалар аруағына табыну (2) көк тәдірісіне табыну, бұның ата-бабалар аруағына табынудан бір өзгешелігі — ол бекзаттар емес, халықтың игілігі (3) және тауға табыну (4). Қытай бастаухатының мәселені шешпейтінін айту керек.

 

"Суйшудің" мәліметтері де бұдан анық емес: "Ху" деген қытай сөзі балгер, сыйқыр, дуақант дегенді білдіреді. Тап осы арада бізге қайссы керек — текстен оны түсіну қиын, сол сияқты түркіттер табынған аруақтар дегеніміз не: олар ата-аналар аруағы ма (кормос) әлде табиғаттын рухы ма (тос) оны да түсіну оңай емес. Бұл тарау осынау жұмбақ текстерді талдауға арналады.

 

Негізгі мәселені біз былайша қоямыз: көне түркіттер қандай дінге сенген және олардың сол діні сындарлы қағида ма әлде әртүрлі сенім-нанымдар араласқан қоспа ма, олай болса, қандай сенім-нанымдар?

 

Түркіттердің ертедегі сенім-нанымдары жөнінен айтқанда, мен оларды алғашқы қауымдық сенім деп айтудан аулақпын. Түркітгердщ өзі әртүрлі тайпалардан тек V—VI ғғ. ғана құралған, сол себепті де олардың ез дәуіріне жататын сенім-нанымы,  сол уақыттың өзге де діни жүйелері  сияқты дамып жетілген болатын.

 

Римде ол кезде соңғы патриций Цетег Боэцийдің "Даналықпен жұбануын" оқып рахаттанады, Константинопольде Сирияның қаңсыған қатпа тахуалары кикей символына халкедонның қосымшасы туралы гректің маңғаз прелаттарымен айтысып, тартысып жатты. Енді ешбір Ормуздга да, Ариманға да сенбейтін парсы  бекзаттары  Ктезифоңда  так  пен  мешіт  одағын  көк сүңгінің ұшымен ұстап тұрды. Соғды диқандарының қыстақтарын аралап,  шелмектей  болып қуарып кеткен дәрісшілер  жарық дүние дінін, нәпсіге тыйым салуды уағыздап, жадігөйлер азаптап өлтірген Мани әулиенің атын марапаттап жүрді. Қытайда тақыр басты будда сопылары, Конфуцидің жолын қуған даналардың наразылықтарына, жылтыр жібекке қара сиямен жазылып   қойылған,   пенденің   үлгілі   тәртібі   мен   ел   басқару ережелеріне кез қиығын да салмастан, император әйелге бұ пәнидің баянсыздығы мен жалғандығм жөнінде уағызды туындатады. Керуен жолы Жерорта теңізінен Сары теңізге дейін созылатын,  осынау жолмен шөлдер мен тауларды басып,  жібек матасымен, иісмайлармен  қоса идеялар, жүйелер мен қағидалар ағып жатады. Осынау жерлердің шынайы қожасы — түріктер барша елдердің уағызшылары айтып жатқан нәрсені көрмей, естімей  жүре  берген  бе?   Олардың   Сары  өзеннің  бойынан шыққан ата-бабалары білімді Қытайды, гүл жайнаған Соғдыны, тәңірінщ шапағаты жауған Тұрфаңды айтыстырып-тартыстырып қойған егес туралы білмеді деуге бола ма? Ал, басқа жақта, теріскей бетте әсершіл де қызу қанды қойшы-сарбаздарға ықпал жасап, сабырлы да салмақты дана пейіл Сібір жатты керіліп. Міне осы факторлардың бәрін ықтияттап ескеріп, есепке алмасақ, бізге ежелгі түркіттердің көз-қарасы да және оның даму барысында жасаған өзгерістерін де түсіну қиын болады. ...