Дипломная работа: Көркем шығармадағы ішкі монолог


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Филология
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
94

Көркем шығармадағы ішкі монолог: тілдік түзілімі, стилистикасы (Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары бойынша)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

1 ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ СИПАТТАМАСЫ   8

1.1 Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары.. 8

1.2 Ішкі монолог құрудағы тілдік тәсілдердің ерекшелігі 31

 

2 ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ 56

2.1 Ішкі монологтың автор бейнесін жасаудағы рөлі 56

2.2 Қос үнді сөздің ішкі монологты қалыптастырудағы қызметі мен ерекшелігі 78

 

1 ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары

 

Тілдің қалыпты тірегі – сөз. Ол халқымыздың бағзы заман бергі тіршілігінің, елдігі мен ерлігінің сара жолының үлкен куәсі. Ал сол тіл сөз байлығын танытатын – көркем шығарма.

 

Белгілі бір жазушы шығармасының тілін ғылыми тұрғыда қарастырғанда, оны қалай зерттеу керек, ғылыми ізденіс неден басталып, немен аяқталуына тиіс, зерттеуші қандай мәселелерді қамтуға міндетті, тілдік фактілерді жүйелеу, түсіндіру, талдау принциптері қандай болмақ тағы сол сияқты толып жатқан сұрақтар көркем әдебиет тілін нақты зерттеумен шұғылданушының алдына тартылады. Өйткені бұл мәселелердің басы ашық деп айта қою қиын. Ал бұлар айқын болмаған жағдайда нақты ғылымиізденістердің обьективті қорытындысы болмайды.

Көркем шығарма тілін зерттеумен көп шұғылданған және елеулі табысқа ие болған ғалымдардың бірі Г.Винокурдың пайымдауынша, көркем шығармада тіл үш түрлі сапада көрініс табады (сөйлеу тілі, әдеби норма үлгісі және өнер туындысы тілі) соған сәйкес оны үш түрлі бағытта зерттеу мүмкіндігі туындайды.

Ал, академик В.Виноградов тілді бағалаудың үш түрін ұсынады. Олар жалпы тілдік стилистика немесе құрылымдық стилистика, екіншіден сөйлеу стилистикасы, үшіншіден, көркем әдебиет стилистикасы. Осылардың ішіндегі ең жасы – көркем әдебиет стилистикасы.

Көркем әдебиет тілін зерттеудің алғашқы қадамдары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа тілші – ғалымдары тарапынан жасалғаны белгілі.

Көркем әдебиет стилистикасы – әдебиеттану ғылымынан да, лингвистикадан да тыс жатқан аралық ғылым саласы, аралық пән.Оның себебі мынада: көркем әдебиетті стилистикалық тұрғыдан зерттеудің әдіс – тәсілдері жөніндегі ғылыми көзқарастардың ала – құлалығы, ғалымдардың пайымдауынша, көркем әдебиеттің ерекшелігіне, оны толық ұғынып меңгерудің қиындығына байланысты. Әдеби көркем туындының табиғаты соншалықты күрделі – ол екі түрлі құбылыстың, тілдік материалдардың және сол арқылы көрінетін идеяның біртұтас диалектикалық бірлігі. ...

 

2.2 Қос үнді сөздің ішкі монологты қалыптастырудағы қызметі мен ерекшелігі

Жалпы көркем шығарманың тілі – сезімнің, толғаныстың, сөздің, ойдың бірыңғай ағыны әспеттес әсер қалдырады. Бірақ Бұл ағын көп үнді, көп дауысты. Сол әр түрлі дауыстардың ішінен автор бағытын айқындау - өте маңызды мәселелердің бірі.

Көркем шығарманың биік талап деңгейінен көрінуіне септігін тигізер фвктор өте көп. Қаһарманның дүниетанымын да, оның басқа кейіпкерлермен қарым – қатынасын да, сырт тұлғасын да оны қоршаған ортаның сипатын да және олардың шынайы көркем тілмен суреттелуін шығарманың көркемдік қуатын арттыратын компоненттерге немесе факторларға жатқызуға болады. Қандай туындының да негізгі тірегі, басты арқауы адам екені ежелден мәлім. Сондықтан адамның ой – түйсігі, мінез – құлқы, сөзі және солардың арасындағы үйлесімділік, сәйкестік әлгі аталған компоненттердің жетекшісі болса керек.(М.Серғалиев. Сөз сарасы. Алматы «Жазушы» 1989ж 121- бет. 196)

 «Ортақ төл сөздің кәдімгі төл сөзден де, төлеу сөзден де өз алдына ерекшелігі: ол автор сөзінің түсінік сөзін қажет етпейді. Екіншіден, мұның интонациясы, өзіне тән сөздері және синтаксистік құрылысы төл сөзге ұқсағанымен, біреудің өз аузынан айтылған нақты төл сөз емес, оның атынан автордың топшылағаны түрінде болады. Бұл жағынан ортақ төл сөз төлеу сөзге жақындайды. Алайда мұнда төлеу сөзге тән байланыстырушы дәнекерлер және біреудің сөзі, ойы бар екенін көрсететін айтуға, ойлауға байланысты етістіктер қатыспайды» (А.Әбілқаев Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. Алматы, 1956 ж 73-бет).

Ал ортақ төл сөз туралы басқа да ғалымдар сындарлы пікірлер айтты. Мәселен Б.Шалабаев: «Ортақ төл сөз суреттеліп отырған жайға автор көзқарасы мен кейіпкер көзқарасын біріктіріп, бір құрылым бойында беретін баяндау тәсілі»,- дейді (Б.Шалабаев. Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту. Алматы, 1982 ж 50- бет).

Осындай суреттеу кейін отақ төл сөздің өзіндік ерекшелігін ашып көрсетін тұжырымдар жасалды. Тілші ғалымдар ортақ төл сөздің автордың кейіпкерлерді ойлатар да және оның ішкі монологын берерде қажеттілігі аңғарылды. Ортақ төл сөзді көбіне ғалымдардың бірқатары көп үнді дауыстар деп те атап жүр. Дегенмен де осы тәсілдердің барлығы қосылып, автор баяндауының жемісін құрайды.

«Монолог, автор сөзі, ортақ төл сөз сияқты баяндау бөлшектері бірімен – бірі аралас келіп, бірінен – біріне білінбей ауысуы арқылы автор баяндауын кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріне жақындату, ой – сезім дүниесін жан – жақты ашу көзделінеді» (Б.Шалабаев Көркем проза тілі. Алматы; «Білім», 1994. -81 бет). ...