ЖОСПАР
КIРIСПЕ. 3
1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.. 5
1.1 Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi 5
1.2 Информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттары 13
1.3 Информатика курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану 19
1.4 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы.. 22
2 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСlН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.. 34
2.1 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi 34
2.2 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану 51
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау. 54
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.. 59
3.1 Жүйені құруға және еНгізуге кеткен шығын есептеулері 59
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері 61
БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ 63
1 Аннотация. 63
2 Резюме. 63
3 Кәсіпорынның сипаттамасы.. 64
Жыл бойындағы эксплуатациялық шығын. 64
4 Менеджмент. 65
Қызметкердің аты-жөні: Толыкбаева Бақытгүл Өмірбекқызы. 65
5 Өнімнің сипаттамасы.. 66
6 Маркетинг жоспары.. 67
7 Өндірістік жоспар. 68
8 Қаржылық жоспар. 68
ҚОРЫТЫНДЫ.. 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 74
ҚОСЫМША.. 76
1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi
Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика – компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.
Жоғары оқу орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету оқу орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Жоғары оқу орындары информатикасы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде. ...
1.2 Информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттары
“Информатика” курсының мектепке пән ретiнде енгiзiлгелi берi курсты оқытудың белгiлi тәжiрибелерi жинақталды. Сонымен қатар курсты оқытудың дидактикалық жүйесi де қалыптасып қалды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бiрқатар шаралар жасалуда.
Қазақстан Республикасындағы бiлiмдi ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесiн оқып-үйренудiң ақпараттық ресурсы болып табылатын компьютерлiк оқыту құралын (КОҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерiнiң де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргiзетiн программалар, компьютерлiк ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әр түрлі нұсқаларын әзiрлеу Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми әдiстемелiк орталығының негiзгi жұмысы болып табылады.
Қазiргi кезде негiзiнен бiлiм жүйесінiң барлық сатылары КОҚ жасаумен шұғылданып келедi. бiр -бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады олар: мотивациалы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.
КОҚ-ның мотивациалы-мақсаттық компонентi модульдердi құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз – жергiлiктi, жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол студенттiң өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “түйін” болып саналады. ...
2 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСlН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.
Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi 1 -суретте келтiрiлген.
Информатика курсының электронды оқулығын жасауда бiз Delphi программалау ортасы мен FrontPage веб-беттер құру ортасын қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.
Windows жүйесінде Delphi программалау ортасы - Пуск - Программы - Borland Delphi 5 ® Delphi 5 командасы арқылы iске қосылады (1-сурет).
Delphi ОБП ортасы төрт құрылымнан тұрады: Негiзгi терезе, Объектiлер инспекторы (Object Inspector), Форма (Form1) және Код терезесi (Unit1.pas).
Негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген. Негiзгi мәзiр Delphi ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол түрлі командалар орналасқан мәзiр пункттерiнен тұрады (2-сурет). Мәзiр пункттерiнiң құрамында түрлі типтегi командалар бар. Мысалы, Kоманданың атауынан кейiн үш нүкте тұрса, онда Бұл команда диалогтық терезе шақырады. Егер мәзiр командасының ...
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Жүйені құруға және еНгізуге кеткен шығын есептеулері
Delphi ортасында Информатика пәні бойынша электрондық оқулық құру туралы дипломдық проектісі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып жасалынды. Бағдарламалық қамтамасызданудың натуралдық эффектісі келесі көрсеткіштерден тұрады:
- бағдарламалық қамтамасыздануға кететін капиталды шығындар;
- жылдық эксплуатациялық шығын экономиясы;
- бағдарламалық қамтамасыздануға кеткен капиталды шығындар;
Жүйе шығындарының құрылу есебі келесі формула арқылы есептелінеді:
С = Сктс + Салг + Сотл + Свн,
Сктс – техникалық құралдар комплексіне кеткен шығындар;
Салг – алгоритмді құруға кеткен шығындар;
Сотл – жазуға және жөңдеуге кеткен шығындар;
Свн – еңгізуге кеткен шығындар;
1) Техникалық құралдар комплексіне кеткен шығындар
Сктс = Скомп. + Сприн. + Сббп,
Скомп. = 90500 тенге – компьютер бағасы (Intel Pentium IV 700/RAM 128 Mb/HDD 20 Gb/ CD-ROM 52X/ Monitor 17");
Сприн. = 37500 тенге – принтердің бағасы (SAMSUNG ML-1210, A4, 8ppm, 600*600dpi, 2MB, 20 pages в мин);
Сббп = 46000 – питания блогы STI K 600 UPS; Сктс = 15000 тенге ;
Сктс =143000
2) Алгоритмді құруға кеткен шығындар есебі
Салг = Зп.разр.*Кол.*В + От, Мұндағы Зп.разр.=1500 тенге–құрушының еңбек ақы мөлшері; Кол. = 1 – алгоритмді құрушылар саны;
В = 7 күн - алгоритмді құруға кеткен уақыт;
От = 20% - программисттің әлеуметтік сақтандырылуына кеткен айлық мөлшерінің бөлімі;
Бұдан келесі есептеу келіп шығады: Салг = 1500*7+2100=12600.
3) Бағдарлама жазу мен жөңдеуге кеткен шығындар:
Сотл. = Котл. + Кз.п.,
мұндағы
Котл. – бағдарламаны жөңдеуге кеткен машиналық уақыт;
Кз.п. – бағдарлама жазумен айналысатын программисттің төлем ақысы;
q = 150 теңге – машиналық уақыттың бағасы.
Квн = 7*15*150 = 15750 теңге
Б) Кз.п. = Км * Оразраб.*Кол. + отч.,
мұндағы Км = 25 күн –құруға кеткен күндер саны;
Оразраб. = 1500 тенге – программисттің бір күн ішіндегі айлық мөлшері;
Кол. = 1 адам. – бағдарлама құрушылар саны; отч. = 20% бағдарлама құрушының айлық мөлшерінің бөлігі;
з.п. = 25*1500+7500=45000 сонда: Сотл. = 1500+45000=46500
4) бағдарлама еңгізуге кеткен шығындар
Свн = Квн + Зп.вн.,мұндағы
Квн. – еңгізуге кеткен машиналық уақыт;
Зп.вн. – еңгізу кезіндегі программисттің айлығы.
Квн – есептелуі келесі түрдей болады:
Квн = К * d * q,
мұндағы К = 5 - бір күнде ЭЕМ мен жұмыс істеуге кеткен уақыт;
d = 16 күн – ЭЕМ-да жұмыс істеуге кеткен күндер;
q = 150 теңге – машиналық уақыт бағасы.
Квн = 5*16*150=12000
БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ
1 Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: «Delphi бағдарламалау ортасында «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулық құру».
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Самал 2, уч 1808 .
Кіммен жасалған: Жамалбекова Айнұр Көмекбайқызы
Бизнес сферасы: бағдарламалық қамтама құру
Қызметтің негізгі түрлері: бағдарламалар құрастыру, «Информатика» кафедрасының студенттерін электрондық оқулықтарымен қамтамасыздандыру.
Басталу мерзімі: 2006 жыл
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 7 ай
2 Резюме
Дипломдық жоба тақырыбы: «Delphi бағдарламалау ортасында «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулық құру». Бұл дипломдық жобада «Информатика» кафедрасын «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулық құрумен қамтама құрастырылған. Құрастырылған жоба Delphi бағдарламалау ортасында орындалған. Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындауда мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компоненттерге меншіктелгн қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларды құруды үйрену арқылы ғана –де программалауды үйренуге болады. Ол үшін кітапқа енгізілген программаларды іс-жүзінде орындап және оларға түрлі өзгерістер енгізіп, жаттығу да мүмкін. Жетістік тек тәжірбиеге байланысты.
Бағдарламалық өнім диск түрінде және Интернет –дүкендерінде сатылатын болады. Жоспар бойынша келесі жарты жылдықта сату көлемінің мөлшері 250 диск (күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттерге -120, қашықтықтан оқитындарға - 90).
Жыл бойындағы сату көлемінің мөлшері 250 диск, 7000 теңге әр диск үшін. Бір дисктен көшірудің ағындық шығындары CD-R дисктің тұру бағасына (80 теңге) қосылады, машиналық уақытының құны -150 теңге/сағ, бөлінетін қаржы көлемі – 20% .
Алға қойған мақсатқа жету үшін -777937,5 теңге қажет.
Ол қаражат комплексті техникалық құралдарға -143000 теңге, алгоритмді ендіруге – 12600 теңге, бағдарламаны ендіруге - 227784,36 теңге және откладкаға - 46500 теңге жұмсалады, пайда-1750000, табыс-816475
Несие Туран Алем Банк - тен алынады.
Несие 7 айда толығымен қайтарылады.
3 Кәсіпорынның сипаттамасы
Негізгі қаржылық көрсеткіштер Кесте 1
Сатып алушылар | Өлшем бірлігі | Мәні | |
1 | БҚ құруға және енгізуге кеткен шығындар |
теңге
|
302400 |
2 |
Жыл бойындағы эксплуатациялық шығын
|
теңге
|
777937,5 |
3 | Өтелу мерзімі |
ай
|
7 |