Реферат: Алматы қаласының географиялық сипаттамасы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
География
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
23

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

1-ТАРАУ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.. 5

1.1. Қаланың географиялық орны мен табиғаты, тарихы.. 5

1.2. Алматы - рекреациялық экскурсиялық өлкетануы.. 6

2-ТАРАУ. ТУРИСТІК ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ.. 10

2.1. Рекреациялық және экскурсиялық объектілер. 10

2.2. Алматы ауасын тазарту өзекті мәселе. 13

ҚОРЫТЫНДЫ.. 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 23

 

1-ТАРАУ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Қаланың географиялық орны мен табиғаты, тарихы

 

 Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-900 м жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласты. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі – қалың ағаш өскен шұрайлы алқап. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві – Іле Алатау антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде.

 

Жер бедері. Алматы төңірегінде негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі – Іле Алатауы жатыр.

 

Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аралығы дөңбектасты-малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конус пен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан.

 

Климаты. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы – желсіз тымық ауа райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Ауаның көпжылдық орташа температурасы +9 +7.

 

Алматы қаласының тарихына тоқталамыз. Алматы қаласының ресми түрдегі тарихы 1854 жылы Кіші Алматы өзені маңында қаланған Верный атты орыс қамалынан басталады. ...

 

2.2. Алматы ауасын тазарту өзекті мәселе

 

Ауаның тіршілік үшін қаншалықты қажет екендігі, оның ластануы орта мен адамның денсаулығы үшін қауіпті екендігі барлығымызға белгілі. Алматы қаласының экологиясы шектен тыс ластануда. Егер Көк-Төбеге шығып қарасаңыз қаланың үстін тұтасқан көк түтін басып тұрады. Қаланың ішімен, әсіресе Райымбек пен Рысқұлов көшелерінің бойымен жүрсеңіз тынысын тарылып, жүрегін қағып діңкілеп қаласыз.

 

Келбетті қаламыздың ауасы негізінен ірілі-кішілі жылу жүйелерінің трубаларынан құмырсқадай қаптаған автокөліктердің жанармайынан бөлініп шыққан зиянды заттар мен улы газдардан, көптеген өндіріс орындарының және жеке үйлердің мұржаларынан шыққан күйе-түтін мен шаңнан және әртүрлі химиялық заттардан ластанады. Сонымен қатар, қаланың іші мен айналасы түгел жеке жанармай құю станцияларына толып кетті. Мәселен, тек қана Қаскелен мен Алматы жолының бойында 40-тан астам май құю станциялары жұмыс істейді. Міне, осы АЗС-тер де ауаны көп ластайды.

 

Қазгидрометтің деректері бойынша, Алматы ауасының ластану деңгейі өте жоғары болып жатыр. Мұнда ауа басым ластайтындар: көмірқышқыл газы, күкірттің қосоксиді, көмірсутегілер, көмір оксиді, азоттың оксиді, фенол, формальдегид, түтін-шаңдар және басқалар. Сонымен қатар, тұрақты жылу көздерінің, әсіресе – АПК ТЭЦ-1 жүйесі 8253 тонна зиянды заттар бөліп шығарған. Бұл бөлінген заттар реакцияға түсіп бұрынғыдан да қауіпті жаңа қосылыстар түзеді. Ауаның құрамындағы химиялық улы заттар адамдардың денсаулығын бұзады, өсімдіктердің өсіп-дамуына зиянды әсер етеді. Егер ауа азоттың және күкірттің тотықтарымен ластанса, адамның тыныс алу жүйелеріне, көздің қабықшасына әсер етеді және өкпе ауруын тудырады. өсімдіктердің жапырақтарынада жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Қан арқылы оттегінің ткандерге баруына бөгет жасайды. ...