ЖОСПАРЫ
Кіріспе.............................................................................................................. 3
1 Қаржы нарығы туралы ұғым...................................................................... 4
2. Бағалы кағаздар нарығы, оның мәні және негізгі белгілері. Бағалы қағаздардың түрлері............................................................................................................. 8
3 Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.......................................................................... 18
4. Қор биржасы............................................................................................. 31
Қорытынды................................................................................................... 34
Қолданған әдебиеттер................................................................................... 36
1 Қаржы нарығы туралы ұғым
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты (1 сызбаны қараңыз).
4. Қор биржасы
Бағалы қағаздармен сауда-саттықты қор биржасы, зандарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады.
Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда - саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда - саттықты ұйымдық және техникалық жағьшан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - езі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі етеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық - техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы:
1) сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2) қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдарына талап қою;
3) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру, осы
467 қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4) өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
5) бағалы қағаздар нарығы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6) банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. ...