Курсовая работа: Бейсик және Паскаль тiлдерiнде программа құру ерекшелiктерi


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Информационные системы и технологии
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
36

Жоспар

Кіріспе. 3

 1 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері 4

 1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау. 6

 1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау. 12

 2 Тақырыпқа қатысты есеп шығару. 21

 3 Графика. 22

 Қорытынды.. 24

 Пайдаланылған әдебиеттер. 25

1 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері

 

Экономика және ғылым мен техника өркендеп отырған бүгінгі уақытта программалау негіздерін жете меңгеру информатика саласындағы басты мәселеге айналып отыр. Осы мақсатта ұсынылған оқу құралы дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісіне негіздеп, салыстыру тәсілі бойынша Pascal және Qbasic программалау тілдерін қатар оқытуды қарастырады.

 Жалпы жағдайда зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау салыстыру деп аталады. Салыстыру-тиімді дидактикалық тәсілдердің бірі. Информатика пенінде оқу мазмұнын салыстыра игеру өзара тура және кері байланыстар арқылы жүзеге асырылады. Салыстыру тәсілі негізінде жаңа ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады. Бұл кезде алдымен ұғыммдардың ұқсастығы, одан кейін айырмашылығы көрсетіледі. Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытынды алу үшін мынадай шарттар орындалу қажет:

 

 1.Біртекті объектілерді ғана салыстыруға болады.

 2.Объектілерді ортақ белгілері арқылы салыстыру нәтижесі жан-жақты,толық қарастырылуы тиіс. Оқушылардың салыстыра білу дағдысын қалыптастыру үшін салыстырылатын объектінің нақты құрылымын айқын көрсету қажет. Ол үшін:

 а) игерілуге тиіс объектілердің елеулі белгілеріне көңіл бөлу;

 ә) осы объектіні басқадан бөлектеп тұратын айырмашылық белгілерін табу;

 б) осы белгілер арқылы объектілерді салыстыру қажет.

 Демек, ұқсас ұғымдарды салыстыру білім мазмұнын игеруді жеңілдетеді, кейбір ұғымдардың қасиеттерін формальды жаттап алудан сақтандырады және информатикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды тағайындауға жәрдемін тигізеді, оқушылардың өз бетінше іздену іскерлігінің, дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Салыстыра отырып бақылау және өзгерісті айыра алу адамның ойлауын дамытады.

Программалардың құрылымы

Qbasic тілінде

Pascal тілінде

 

 

Input<айнымалылар тізімі>

Тұрақтылар бөлімі (Const);

 Процедура және функциялар бөлімі (Procedure,function);

 Операторлар бөлімі;

 Print<тізім>.Program<атау>(input,output);

 Таңбалар бөлімі (Label);

 Тұрақтылар бөлімі (Const);

 Типтер бөлімі (Type);

 Айнымалылар бөлімі (Var);

 Процедура және функциялар бөлімі (Procedure,function);

 Операторлар бөлімі (Begin,end).

3 Графика

 

 Дербес компьютердің экрандарына түрлі суреттер салып, графиктер сызатын GWБейсиктің графикалық редикторры бар.Ол кескіндерді 16 түрлі түспен бояй алады.Мониторға графикалық режимді тағайындау үшін,программа басында SCREEN командасын жазу керек.Графикалық командалар тек графикалық режимде жұмыс істейтіндіктен, бұл команданы міндетті түрде программаға қосамыз.Жалпы жазылу түрі:

 

SCREEN <режим>,<түс>

Графикалық командалардың қызметі және жалпы жазылу түрі:

PSET(x ,y) [,түс] –Экран бетінде берілген түспен (x,y) координатасында нүкте пайда болады.

CIRCLE (x,y),радиус [,түс] - Центрі (x,y) нүктесіндегі берілген радиуста берілген түспен шеңбер сызылады.

LINE (x,1y1)-(x2,y2)[,түс] - Берілген түстегі тіктөртбұрыш сызылады.Координаталары (x1,y1) және (x2,y2) нүктелерін қосатын , берілген түстегі түзу сызық сызылады.

LINE (x1,y1)-(x2,y2) [,түс],B - Берілген түстегі тіктөртбұрыш сызылады.Координаталары (x1,y1) және (x2,y2) болып келген екі нүкте тіктөртбұрыштың диоганальдық төбелері болып табылады.

LINE (x1,y1)-(x2,y2) [,түс],BF – Берілген түспен боялған тіктөртбұрыш сызылады.Координаталарды (x1,y1) және (x2,y2) болып келген екі нүкте тіктөртбұрыштың диогональдық төбелері болып табылады.

PAINT(x,y),бояу түсі, кескін түсі.

CIRCLE командасының қызметі шеңбер сызуға ғана емес, сонымен бірге эллипстер және доғалар сызуға да арналған.

Паскаль тілінде де символдардың түсін немесе экранды 16 түрлі түспен бояуға болады.Ол үшін келесі процедуралар қолданылады.

TextBackGround (<түс>);-экран кеңістігін бояу.

Text Color (<түс>);- символдарды бояу.

Графиктік режим граф модулі арқылы іске қосылады. Uses graph

Graph блогына енетін тұрақтылық типі integer болады.Экранды графиктік режимге көшіру үшін Init Graph (gdriver, gmode,path) процедурасы қолданылады. Мұндағы gdriver – драйвер нөиері, gmode- режим нөмері, path – жол.

Драйверді автоматты түрде анықтау үшін мәні 0- ге тең болатын Detect тұрақтысы қолданылады.Бұл жағдайда Path үшін бос орын қалдырылады. Мысалы,

Program prim; uses graph;

Var gdriver,gmode:integer ;

Begin

Gdriver:=detect;

InitGraph(gdriver,gmode, ‘ ’);

End.

Граф стандарттық модулінің құрамына 79 стандартты процедуралар мен функциялар кіреді.Олардың ішінде бір қатарын қарастырайық:

1) SetBkColor(<түс>); - экран түсін орнату.Егер бұл процедура қолданылмаса, онда экран ағымдық қара түспен боялады.

2) SetColor (<түс>);- кескіннің түсін орнату. Егер бұл процедура қолданылса, онда кескін ақ түспен сызылады.

3) GetColor – Getcolor процедурасы орындалып болғаннан кейін ағымдық түсті қайта орнату.

4) Line (x1,x2,y1,y2) –координаттары (x1,y1), (x2,y2) нүктелері арқылы өтетін кесінді салу.

5) Rectangle (x1,x2,y1,y2). Сол жақ жоғарғы төбесі (x1,y1),оң жақ төменгі төбесі (x2,y2) тіктөртбұрыш салу.

6) Circle (x,y,R) – центірінің координаттары (x,y) радиусы R болатын шеңбер салу.

7) Arc (x,y,gr1,gr2,R) – градуспен берілген (gr1,gr2) бұрышының аралығында центрі (x,y) радиусы болатын дөңгелектің доғасын сызу.

8)Pieslice (x,y,gr1,gr2,R) –дөңгелектің центірін салу.

9) Ellipse (x,y,gr1,gr2,dx,dy ) – градуспен берілген (gr1,gr2) бұрыш аралығында центрі (x,y) радиусы (dx,dy) элипс салу.

10) PutPixel (x,y<түс>) - экранда нүктені салу.

11) OutText XY (x,y ‘текст’) – x y координаттарынан бастап опостров ішіндегі текісті экранға шығару.

12) GetMax X,Get Max Y – экранның ені мен биіктігі бойынша ең үлкен позицияны анықтау.

13) Graph Result – графиктік режимді инициализациялау барысында пайда болатын қателерді анықтау. ...