Курсовая работа: Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банк жүйесі 1


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
32

Жоспар

Кіріспе. 3

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі. 7

1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі. 7

1.2. Қазақстандағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау. 13

1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері. 20

ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі. 23

2.1. Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктермен қарым –қатынасы. 23

2.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы. 25

2.3. Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау. 26

Қорытынды.. 29

Пайдаланған әдебиеттер: 31

 

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.

1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.

 

Банктік жүйе- нарықтық экономиканың маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы –ақшалай қарым –қатынастарының дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір –бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдел ретінде шпруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтерінің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізіледі және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер көрсетіледі, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қызметтері өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. (5 сызба).

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

 

1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері.

 

Банктік заңдарда, банктің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

Банктердің ұйымдық акционерлік формасының ерекшеліктері мен айырмашылықтары неде? «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам –бұл құрылтайшылардың меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландыратын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкершілігі тек сатып алынған акциялардың сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса, өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.

Банкті басқаруда акционерлердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс беру мен шектеледі.

ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі.

2.1. Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктермен қарым –қатынасы.

 

  Ұлттық банк –ақша резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.

  Заңның 9 бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. Теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрылады: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

 

  Қ.Р –ның Ұлттық банкінің негізгі міндеті –Қ.Р ның Ұлттық валютасның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қ.Р ның ҰБ. Міндеттері:

 

  - Қ –ның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаа интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;

 

  - ақша –несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу.

 

  Негізгі бағыттары:

 

-              елдегі несиелік ресурстарды және ақшалай айналымды басқару;

 

-              өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

 

-              банк ісін лицензиялау, ақша несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;

 

 

2.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы.

 

    Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым –қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңының 33 бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығып, бос несие тесурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді.

 

    Олар өз қызметтерінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдай, банктік қызметтің әлдеқайда кең спектрін көрсете отырып, бір бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.

 

    Банктің клиентпен экономикалық жұмысы –банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын қамтиды.

 

    Клиенттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін ендіруді жетілдіру бойынша, келіссөздер жүргізу қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әртүрлі келісім шоттарды дайындау және т.б. бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктердің активтері мен пассивтерін басқару қызметімен тығыз байланысты.  ...