Курсовая работа: Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банк жүйесі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
40

ЖОСПАР

Кіріспе 3

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі. 7

1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі. 7

1.2.Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау. 13

1.3.Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері. 21

ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі. 23

2.1.Ұлттық банкі, оның мақсаттары мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы. 23

2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті. 25

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары: 25

Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары 26

2.3.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары 27

2.4.Ақша айналысын басқару 29

2.5.Ақша-несие саясатының құралдары. 31

2.6.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – “Банктердің Банкі” 33

2.7.Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы. 36

2.8.Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау. 37

Қорытынды 39

Пайдаланған әдебиеттер 40

 

 

1.2.Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау.

Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категорияға банктердің «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызымыз.

Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.

Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады. ...

 

ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі.

2.1.Ұлттық банкі, оның мақсаттары мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.

 

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және әкономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”, “соңғы сатыдағы несие беруші” ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекетті тұрақтандыру саясатын тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компонеттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яни ақша массасы нагізінен банктердің несие депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. ...

 

2.4.Ақша айналысын басқару

 

Ұлттық банк заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталармен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында шығарылған монеталар мен банкноталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге тек Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе ақша түрінде болуы мүмкін. ...

 

2.6.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – “Банктердің Банкі”

 

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төелм құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы насие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және де басқа несиелік мекемелер өз клиенттеріне шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкі де соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және де басқа мекемелер болды. Осыдан келіп Ұлттық банкіні “ банктердің банкі” деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыз береді, сол сияқты Ұлттық банкі де банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап , оларға қарыз береді.

Ұлттық банкінің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және т. б несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” және “ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар. Ұлттық банк- коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметтерін атқарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбарттық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді. ...

 

2.8.Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау.

 

Банктік жүйенің елдің экономикада алатын рөлі мен орны ауқымды. Сондықтан несие –банктік сфера мемлекеттік органдары жағынан мұхият бақылау мен талдаудың объектілері болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикада банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да Заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағдарланған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады:

1. Халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелерімен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми техникалық көмек көрсете отырып, белгілі –бір талаптар мен шарттар қояды. Сонымен бірге елдегі экономикалық жағдайының дамуы мен бірге –банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктерінің қызыметін де бақылап отырады. ...