Курсовая работа: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

Жоспар

Кіріспе. 3

1. Коммерциялық банктер. 6

1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде. 6

1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті. 8

1.3 Банкті басқару құрылымы. 10

 

2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары. 13

2.1 Банктердің қызметтері және операциялары. 13

2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі. 15

2.3. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері. 17

 

3. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы. 21

3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы. 21

 

3.2 Эконоиканы және халықты несиелендіру. 22

Қорытынды.. 24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 26

1. Коммерциялық банктер.

1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.

 

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

 

"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында "коммерциялық банк" дегеи атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

 

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

 

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқ емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. ...

 

2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.

2.3. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері.

...Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.

 

Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және басқада табысты активтерге орналастырады.

 

Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға мүмкіндік береді.

 

Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициалау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.

 

Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.

 

Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасайды, клиенттер оған қолын жеткізу үшін белгілі бір ақы төлеуге тиіс. ...

 

3. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.

3.2 Эконоиканы және халықты несиелендіру.

...Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші қызмет - бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит формасында.

 

Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдық сатып алу шін және т.б; ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар - өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін, үкімет - ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозитгік және депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады. ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Ақша, несие, банктер. Алматы. 2001ж.

2. Мамыров Н. Микроэкономика. Алматы. 2004ж.

3. Жүнісов Б. Нарықтық экономика негіздері.- Алматы,1999ж.

4. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы,1999ж.