Жоспары
Кіріспе. 3
І тарау. Салық ұғымы және салық жүйесі. 5
1.1. Салық ұғымы және әлеуметтік-экономикалық мәні. 5
1.2. Салықтың қалыптасуы мен салық жүйесі. 9
1.3. Салық алуды ұйымдастыру. 16
2 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі 20
2.1.Салық жүйесінің қалыптасуы.. 20
2.2. Салық жүйесінің қазіргі жағдайы.. 21
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары. 24
Қорытынды.. 31
Пайдаанған әдебиеттер тізімі: 32
І тарау. Салық ұғымы және салық жүйесі.
1.2. Салықтың қалыптасуы мен салық жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
Корпороциялық табыс салығы.
Жеке табыс салығы.
Қосылған құнға салынатын салық.
Акциздер.
Жер қойнауын пайдланушылардың салықтар мен арнаулы төлемдері.
Әлеуметтк салық.
Жер салығы.
Көлік құралдарына салынатын салық.
Мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
Заңды тұлғаларды мемлекеттк тіркегені үшін алынатын алымдар.
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттк тіркегені үшін алынатын алымдар.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Механикалық көлік құралдары тіркемелерді мемлекеттк тіркегені үшін алым.
Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқыл жүру алымы.
Аукционнан алынатын алым.
Елтаңбалық алым.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
Телевизия және ражио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
Қоршаған ортан ластағаны үшін төлемақы.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Кеме жүретін су жолдарын пайдаанғаны үшін төлемақы.
Сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1.Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті арналған республикалық бюджет туралы заңда белігленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитетін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамассыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндедемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «салық алу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда - бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде экономикалық – құқықтық механизмді пайдаланып отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процессі. ...
2 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
2.1.Салық жүйесінің қалыптасуы
Қазір салықтық есептеменің электрондық нысанына көштік. Бұл да Салық кодексі арқылы енгізілген жаңалық. Бұдан салық төлеуші мен мемлекеттік бюджет арасындағы қарым-қатынас барынша жетіледі. Салықтық әкімшілдендірудің сапасы жақсарып, бюджетке түсім артады.
Салық кодексі қолданысқа енген алғашқы айлардың нәтижесін бағамдасақ, оны көпшіліктің қабылдауы да жаман болмаған сияөты. Байқасаңыз жаңа салық бойынша салықты адал және уақытында төлейтіндер үшін салықтық қарым-қатынас біршама жеңілдеді, салықтығ салмаңы азайды, ал салықтан жалтаратындар үшін керісінше, талап күшейді. Бұл қарапайым ғана мысалмен түсіндірілсе керек: жұмысы жақсы жүріп жатқан, салықты дұрыс әрі уақтылы төлейтін салық төлеушіні салық органдары текке мазаламайды.
Салық кодексі – бұл қоғамдағы үлкен пікірталаспен дүниеге келген құжат. Ол алғашқы кезекте салық төлеушілер үшін өте қолайлы заң болып шықты.
Шындыңын айту керек, Қазақстан Республикасының Салық кодексі барынша жетілдірілген за ретінде ТМД шеңберіндегі барлық әріптестеріміздің жоғары бағасын алды. Мұнымен қатар, біздің салық органдарын жаппай автоматтандыру, салықтық әкімшіліктендіру және декларация тапсыру мен салықтық есептеменің электронды нысанына көшіру бағытында тындырған шаруаларымыз да өте жоғары деңгейді бағалануда. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының салық жүйесі ТМД кеңәстігі бойынша неғұрлым ілгері басқан жүйе, ал салық заңы халықаралық дәтүрге барынша жақындастырылған заң деп сенімді түрде айтуға болады. Ал қазіргі салықтық есептеменің электронды нысаны және қосылған құн салығы бойынша, салық жүйесін автоматтандыру және кірістерді әкімшіліктендіру бойынша және басқа да көптеген іске асырылып жатқан бағыитарымызды толығымен жүзеге асырған кезде біздің елімізде наңыз қазіргі заманның талабына сай салық жүйесі қалыптасатын болады. Мұны біз мақтан ете аламыз. ...
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары.
Таблицада көрсеьілгендей, компанияның тек үш қызметкері ғана 45000 тенгеден артық жалақы алады, ал жалақы қоры бойынша компания 75000 тенгеден әлеуметтік салық төлемейді. Яғни компания қожайындары өз қызметкерлерінің жалақыларын көтергенде айтарлықтай қоысмша шығындарғы ұшырамайтын болады. Сонымен мұндай өзгерістер компаниялар үшін өте тиімді болып табылады, ал мемлекетт қандай жағдайда болады екен?
Бұл сұраққа жауап беру үшн алдымен әлеуметтік салықты төлейтін және төлемейтін компаиялардың арақатынасын есептеу қажет. Шын мәнінде,ортадан жоғары болатын жалақылары бар компаниялардың көпшілігі әлеуметтік салықты төлемейтіндер болып табылады. Егер осы өзгерісті енгізе отырып, республикада өызмет атқарып отырған компаниялардың барлығына дұрыс түсініктеме жүргізілсе, бұл өзгерістен мемлекеттік бюджет үшін тиімділіктің жоғары болары анық.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік салық төленбейтін деңгей 45000 тенге шамасында алынға, бұл мөлшер біріншіден елімізде қалыптасқан орташа жалақы мөлшері 15000 тенгеден үш есе көп, ол деген сөз, әлеуметтік салық қамтылған компанилардың жалақы қоры республика бойынша айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. ...