ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 3
I-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТ АҚЫ жҮйесін РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Рыноктық экономика жағдайында зейнетақымен қамтамасыз ету. 5
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары 8
1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел тәжірибесі 15
II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ 22
2.1 Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы 22
2.2 Зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау.. 29
ҚОРЫТЫНДЫ.. 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40
I-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТ АҚЫ жҮйесін РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел тәжірибесі
..Жеке инвесторлар құқықтарын кеңейту жеке меншік зейнет ақымен қамтамасыз ету бағдарламасына салымдардың өсуіне және ұжымды инвестиция нарығының активтенуіне оң ықпалын тигізеді. Салым салушының құқықтарын кеңейту салдары АҚШ-тағы тұрақты зейнетақыны төлеуді көздейтін бағдарламадан, инвестордың зейнетке дейінгі салымдардан сәйкес табысына қарай негізделген зейнет ақы төлеу бағдарламасына көшу болып табылады. Зейнет ақы және бірлескен қорлар тәжірибесі шетел капитал құюдан табыстар өсуі мүмкін, ал егер құнды қағаз портфельдерін нарыққа дұрыс орналастырсақ инвестициялық тәуекел мөлшері азаятынын көрсетіп тұр.
Англия, Германия, Канада, Жапония, АҚШ және басқа да кейбір дамушы елдер шетел құнды қағаз нарықтарына шыға отырып үлкен пайда алды.
Чилидегідей Қазақстандағы басқару компаниялары коммерциялық ұйым ретінде құрылады, яғни осы құрған құрылтайшылардың мақсаты – табыс табу. Компаниялар акционерлік қоғам ретінде құрылады. Чилидің зейнет ақы компания басқарушылары резервті қор ретінде барлық зейнет ақы қорының 1% эквивалентті сомманы инвестициялауға міндетті. Қазақстанда басқаруға қабылданған зейнет ақы активтері бойынша міндеттемелерді дер кезінде іске асыруды қамтамасыз ету үшін зейнет ақы активтерін басқару Компаниясы да негізгі және резервті капитал құрады. Резервті капитал өз қаражаттар есебінен құрылады және басқаруға қабылданған зейнет ақы активтерінің өсуіне пропорционалды ұлғайту керек. Негізгі резервті капитал қойылым мөлшері зейнет ақы активтер көлеміне байланысты және 0,25 тен 0,1%-ды құрайды. қосымша резервті капитал қызмет көрсетуінің тек 2 жылында құрылады және компания үлкен табыс алғанда зейнет ақы активтерін басқару Компаниясы үшін пруденциалды нормативтер туралы Қаулы қолданылады. ...
II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.2 Зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау
Қазіргі уақытта шартты бірлік негізінде есептелген табыстылық көрсеткіш Зейнет ақы активтерін басқару компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін бағалау үшін ННКЦБ қолданатын жалғыз көрсеткіш. Бұл көрсеткіш портфельдің сапасы сенімділігін айқындамайды. Зейнет ақы активтерін басқару компанияның инвестициялық қызметін дұрыс бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін қолдану керек. Олар клесіден тұрады:
1) нарық үлесі
2) нарық капитализациясы
3) өтімуілігі көрсеткіштері
4) волантильдік көрсеткіш
Инвестициялық табыстың мәнді өсіміне шетел валютасына номиналданған қаржы инструменттерінің құнының көп өсуі әсер етті. Бұл әлем валюталарына теңге бағамының төмендеуінен олар бойынша оң бағам айырымының пайда болуының нәтижесінде болған нәрсе. Ұлттық валютаның еркін айырбас режиміне көшіп, содан болған девальвация 1999 жылы көкек вйындағы қор активінің жоғары инвестиция табыстылығын да, 1999 жылы қарашадағы қор активінің теріс инвестиция табыстылығын да қамтамасыз еткенін атап кеткен жөн. Осыдан Жинақтау зейнет ақы қоры нарық толқынын құбылмалы екенін және инвестиция тәуекелін нақты бағалаудың қажеттігін сезе бастады.
Қор бойынша инвестициялық қызметті бағалау тәсілдерін өңдеп шығару үшін Зейнет ақы активтерін басқару компанияның барлық акналитиктердің ұжымдық еңбегін қажет етеді. Әлем банкі, ІМСС, UCAID мамандарынан консультативтік көмек сұрау қажеттігі де әбден ықтимал болу керек.
Зенеақы төлем ақыларды алушы болып табылатын салым салушы үшін зейнетақы төлемдері соңғы қаржы нәтижесі болып табылады. ...