... Креативтілікті индивидтің жеке және тұлғалық ерекшеліктерімен көптеген тұлғаларға тән үрдіс және кешен деп қарастыру қажет.
Бастауыш сыныптық кезеңдегі балаларға талант бастапқы кезеңнен – ақ тән. Оқудың алғашқы кезеңі әсемдікке баулудың маңызды уақыты. Көркем өнер бұл жерде эстетикалық және мінез-құлықты тәрбиелеудің құрал рөлінде болады. Көркем өнер бала ішкі әлемінде мінез –құлық және эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың жан-жақты құралы. Көркем өнер адамзаттың жеке қасиеттерінде оның рухани әлемін қалыптастырудың құралы болып табылады.
Қазіргі ғылыми зерттеулер тұлғада шығармашылық дамыту бұл жалпы дамуға қайталанбас ықпал беретінін дәлелдейді: эмоциялық сферасы қалыптасады, ойлауы жетіледі, әсемдікке, өнерде және өмірде бала сезімтал бола бастайды. Сабақтағы шығармашылық тапсырмалар тұлғаның жалпы шығармашылығының дамуына, бұл өз кезеңінде қайырымдылықты, қиялды, образдық – ассосиациялық ойлауды, есті белсендіріп, байқампаздықты, интуицияны тәрбиелеп, баланың ішкі әлемін қалыптасуына себепші болады.
Шығармашылық, шығармашылық қабілеттер және олардың дамуы адамзаттың мәңгі мәселелерінің бір қатарына жатады. Ғылыми білімдердің даму тарихында бұл мәселе әртүрлі мектептердің және бағыттардың зерттеушілерінің назарын өзіне аударып келеді. Ерте кезде – ақ философтар шығармашылық феноменды аңғаруға және адам дамуына ықпалы қаншалықты екенін анықтауға ұмтылды ( Платон, Аристотель, Ф.Аквинский, И.Кант). Орыс философиясында шығармашылық зор түсініктердің бірі екендігін мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский, И.А.Бердяев).
Психология ғылымындағы креативтілікке арналған талдаулар (анализдер) жеткілікті түрде қарама-қайшылықты суреттейді бірақ «креативтілік» ұғымы ғылыми айналымға механизмдерді және адамның шығармашылық әрекетінің заңдылықтарын зерттеуші термин ретінде енген. Көптеген авторларда креативтілік түсінігінің мәніне жақын келетін «шығармашылық қабілеттер», «шығармашылық белсенділік»; синоним ретінде жиі қолданылады.
Сонымен, Дж.Гилфорд, П.Порренс, К.Роджерс, Э.Фром, Э.Д.Телегина және В.А.Терехов креативтілік деп адамның ойлау таптаурындарының тәсілдерінен бас тартып және мәселені шешудің әртүрлі тәсілдерін табу, тануға және таңқалуға қабілеттілік жаңаны ашуға ұмтылу, дербестілік және белсенділік деп түсінеді. В.Н.Козленко, Г.В.Ожиганова және А.В.Гаврилин креактивтілікті жеке тұлғаның ақиқаттағы қажеттіліктерін ізденістік қайта жасау қатынасы деп қарастырады. Ізденістік қайта жасау белсенділігі қоршаған ортамен белсенді әрекеттесу кезінде көрінеді. Р.Стернберг және Любата креактивтілік өмірге қатынас, қабілеттілік және танымдық сфералар ғана емес, сонымен қатар өмірлік ұстаным дейді. С.Ю.Канн креативтілікті шығармашылық потенциялының шығармашылық құрылымы және жеке тұлғаның интегралды сапасы болып табылатын, құрамалы білім деп атайды. У.В.Кола және М.И.Фидельман креактивтілікті жеке тұлғаның шығармашылық потенциялын құрайшы ой комплексі және жеке ерекшеліктері деп қарастырады.; Н.С.Лейтес және М.А.Холодная «ерекше ақыл құрылымы»; В.Н.Дружинин жалпы қабілеттердің бірі –қиялмен фантазияны қатыстыра отырып қайта жасау.
Сол себептен бүгінгі таңда креативтіліке арналған нақты қалыптасқан анықтама жоқ.
Кереативтіліктің көп және әртүрлі анықтамалары, креактивтілік құрылымын қарастыруға ықпал етеді (Р.Милгрэм, Н.В.Хазратова, В.С.Юркейевич, В.С.Шубинский және т.б.). Ғылыми әдебиеттерді қарау арқылы креактивтіліктің мазмұнын аштық: жеке тұлғаның нақты ерешеліктері және ақыл ойдың нақты сипаттамасы (И.Ветлугина,Л.Б.Ермолаева, Томина, В.Н.Дунчев, В.Н.Козленко, А.Н.Лук, Я.А.Понамарев, П.А. Процеский, F.Barron, D.Simonton, C.W.Toylor, E.P. Torrens және т.б.). ...