... Қазіргі жаңа психологиялық бағыттарда агрессия мәселесі өте аз зерттелінуде, алайда соған қарамастан көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды (С.Н.Еникополов, 1976, Л.П.Колчина 1976, Т.Н. Курбатова 1996, Л.М.Семенюк 1999, А.И.Фурманов 1996, С.М.Шурухт 1996, және басқалар). Бұл жұмыстар Ресейдің әр түрлі мекенді елдерінде тұратын адамдардағы агрессияны жыныстарына, жастарына, білімдеріне, кәсіптеріне, ұлтына, мәдениетіне қатысты зерттейді А.К.Осницкийдің (1994) зерттеулері көрсеткендей балалар агрессиялы мінез-құлық моделдері жайлы білімдерді үш түрлі ақпарат көздерінен алады екен. 1) Отбасы бір уақытта агрессиялы мінез-құлық моделін көрсетеді және оның бекітілуін қамтамасыз етеді. Агрессиялы мінез-құлықтың ықтималдылығы оларды ңөз үйлерінде агрессиялық әрекетпен тікелей кездескен жағдаймен байланысты анықталады. 2) Агрессияның көрінуі құрбыларымен өзара әрекетте де кездеседі. 3) Балалар агрессиялық реакцияға тек реалды мысалдар да ғана емес, бұқаралық ақпараттар арқылы да үйренеді.
Агрессивті мінез-құлық формасына аутоагрессия (төменгі өзіндік бағалау және өзін қабылдамау) жатады, ендеше аутоагрессия паттерндерін жеткіншектер үшін тағайындауға болады, атап айтқанда, аутоагрессиялы паттерндерін характерологиялық субблоктары (интроверсия, педантизм, депрессия, невротизм, демонстрациялық), өзіндік бағалау субблоктары (жалпы өзіндік бағалау, парциалды өзіндік бағалау, тәуелсіздік, автономия) интерактивті субблоктар (әлеуметтік адаптацияның сөттілігі- сәтсіздігі), әлеуметтік перцептивті субблоктар (басқа адамдарды қабылдау). ...
Әдебиеттер
1. Мухина В.с. Возрастная психология М. 1998г
2. Немов Р.С. Возрастная психология М. 1995г
3. ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология негіздері №2.
4. О.В. Хухлаева Психология подростка М. 2005г.
5. Кле М. Психология подростка М. 1991.
6. И.С. Кон Психология ранней юности. М. 1989.