... Әрбір педагогтың қарым-қатынас сферасында барлық стилдер қолданылғанымен бірі басымдылау болады (А.В.Мудрик, В.С.Мухина).
Мектептегі психологиялық қызмет үшін балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу, анықтау және оны түзету мәселелері көкейтесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін-өзі анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата-анасының, құрбы-құрдастарының, мұғалімдерінің қолдауымен шешеді. Дегенмен бала жеткіншек кезінен өзінің есеюін сезіне бастағанннан үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар ата-аналарынан және басқа үлкендерден қарым –қатынасты тең дәрежеде жүргізуді талап етеді. Бұл тенденция жас өспірімдік кезеңінде де жалғасады.
Баланың өзін-өзі анықтауы, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруі, басқа балалар ортасында абыройлы болуы - үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр-сырын әлі түсінбеген бала оны дөрекілікпен немесе ерекше қылжыңдықпен көрсеткісі келеді. Дегенмен бала мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болу керегін және оны қалай дамыту керек екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан үйлесімді қарым-қатынас орнатуда бірінші көмекші болатын адам - мектеп психологы.
Кішкентай жеткіншекке ұжым өміріне қатысқаны, басқалармен бірге болуы, біртіндеп жасөспірімдік кезеңде құрбы-құрдастарының оны қабылдауы, топқа өзін қажет деп сезінуі, онда бір бедел мен құрметке жетуі аса маңызды. Ұжымда статустың төмен болуы баланы алаңдатады,қобалжу сезімі пайда болып,өз-өзіне сенімсіз,ерік-жігері әлсіз күйде яғни бір сөзбен айтқанда оның топтағы өзін-өзі бағалауы төмендейді.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым-қатынасты (функционалдық-рольдік) ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады. Психолог осы міндеттерді шешу үшін оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының басқаларға және өзіне ыңғайлы, жайлы болуына жағдай жасауы қажет. Оқушылар қарым-қатынас мәдениетін зерттеу нәтижесі оларға психологиялық көмек қажет екенін көрсетті.
Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін, ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады:
Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз. ...
Әдебиеттер
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология (оқу құралы) Алматы 2001. 57 б.
Әубәкірова Ж.Қ. Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері. Пс.ғ.канд.дисс.Алматы. 2001ж. 135-бет
Ожегов С.И. Словарь русского языка. М.,1960.-с.427.
Буева Л.П. Человек: деятельность и общение.-М.,1978.-с.113.
Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М.,1997
Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе.М.,1991.-с. 135-143.
Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми.-Алматы, 1996.