... Келесі бір қызықты, әрі кәсіби жағынан тиімді ойын «Кеңесші» деп аталады. Н.Пряжников былай дейді. Оқушыларға сыныптың тізімі таратылады. Осылайша әрбір оқушы «қандай оқу орнына және қандай мамандық кімге лайық?» деген сауалға жауап береді. Яғни әр оқушы өзіне де, өзге оқушылар үшін де өз ойларын қағазға жазып береді, психолог оны жинап алады. Ойын құпия жүргізіледі, ешкімнің аты-жөні жазылмайды. Психолог оқыған кезде де, кім не туралы айтып жазғанын тек өзі ғана біледі. Көп жағдайда, басқалардың көзқарасынан оқушылар өзін білгісі келеді. Зерттеу нәтижесінде оқушыларды 3 топқа бөледі:
1-топта оқушылардың көзқарасына, мамандық таңдауына, досының сипаттауы мен тілегі сәйкес;
Психолог маман мен педагог та дұрыс деп шешім қабылдайды.
2-топта оқушының өз таңдауы, достарының сипаттауымен сәйкес келмейді.
3- топта әдетте оқушылар саны мүлдем аз болып келеді (массажист, үй сыпырушы, шаштараз, тігінші, аспаз т.с.с.).
Мектептегі психолог маман психология ілімінің негіздерін білуі тиіс, сонымен қатар баланың дарындылығын терең сезіне білуі қажет.
Психолог маманның кіші жастағы балалармен және мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс. Психолог оқу үшін жылы, жайлы, қауіпсіз орта құрады. Психолог оқушыларға кері байланыс ұсынады, оқытудың түрлі жолдарын қолданады. Әр баланы құрметтеп, жеке қасиеттерін қадірлейді, жетістіктерін бағалап, марапаттап қолдау көрсетеді. Жеке тұлғаның (оқушының) өзіндік құрметтеу қасиетін жоғарылатады. Психолог маман психологиялық білімнен басқа да саладан білімі болуы тиіс. Психологиялық көмек көрсетерде болатын барлық қиындықтарға төзе біліп, байыпты, әрі төзімді болуы өте қажет. Психолог маман жоғары оқу орнынан кейін арнайы дарынды балалар жөнінде мағлұматтарға ие болып, дайындықтан өтуі тиіс. Аталған қасиеттерге жету, оларды жетілдіру әбден мүмкін. Ең бастысы, соны алға мақсат етіп қойып, тура бағытпен жүріп отыру. Бұл мақсатқа жету үшін психолог маман өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет. Яғни, қазіргі заман талаптарына сай тренингтерден өтіп, өзін-өзі, қоршаған ортаны түсіне білу арқылы, дарынды оқушыларға арналған мағлұмат кітаптар мен шығармаларды өзіндік оқу арқылы, пәнді тиімді, мағлұматтарды қызықты, әрі оңай жеткізу жолдарын қолдану арқылы үздіксіз жаттығулар, практикалар жүргізіп отыру қажет. Дарындылардың ұстазы мен психологі ерекше күшті, сабырлы, сынды көтере алатын, стресске қарсы төтеп бере алатын, өзінің жұмысын сүйетін тұлға болуы керек. ...
Әдебиеттер
1. Юркевич В.С. Одаренный ребенок. Иллюзии и реальность. М.: Просвещение, 1996г.
2. Одаренные дети. Перевод с англ. Под ред. Бурменской, Слуцкого. М.:Прогресс,1991г.
3. Лейтес Н.С. Психология одаренных детей и подростков. М. А., 1996г.
4. Лейтес Н.С. Способности И одаренности в детские годы. М., 1984г.
5. Формирование творческих способностей: сущность, условия, эффективность.
6. Сборник науч. тр. Свердловск, 1990.