М.Горбочевтің «Қайта құру» саясаты және оның Қазақстан үшін әсері. 1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М.Горбачев (1985 - 1991) сайланды. 1985 жылы сәуірде өткізілген КОКП ОК Пленумында М.Горбачев әлеуметтік – экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалау – қайта құрулар жүрігізлген мәлімдеді. Қайта құру мемлеуеттің қоғамдық – саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін – өзі басқаруын теңдету деп түсіндірді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары – қоғам өмірін демократияландыру және жариялылықты дамыту, әлеуметтік – экономикалық дамуы жеделдету болды. Сонымен бірге 1985ж сәуір Пленумында әлеуметтік – экономикалық дамуы жетелдету туралы қаулы қабылданды. Оның мақсаты – өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығында дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жеке меншік түрін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Мемлекет жетекшілері эконоиканы басқаруда әліде директивалық әдістерге сүйенеді. Бұл шамалар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы ауырлау түсті азық – түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқару жаңа әдістері нәтиже бермеәтіндігі дәлелденді. Қоғамдық саяси және әлеуметтік өмірдегі қайшылықтар күшейе берді. Мемлкеттік жоспарлау барысында республикалар мүддесі екінші кезекке ысырылды. Өйткені қазба байлықтан түскен табыстар республикаларға аз мөлшерде ғана беріліп, жергілікті халық оның иелігін көре алмады. Тұтыну тауарларының 60% - ы шеттен тасмалдандың ғылым мен мәдениет білім салаларын қаржыландыру бюджеттік қалдық ұстанымы сақталып қалды. Рухани салада да терең қайшылықтар орын алды. Мәдениет халықтық дәстүрінен ұлттық келбетінен айырыла бастады. Нәтижесінде 19541986 жылдары 600 – ден астам қазақ тілі мектептері жабылды. Маңызды шешімдері Мәскеуде қабылданды. Орталықтың шешімдерінен келіспеу оған сын айту «ұлтшылдық» ретінде бағаланды. 1986 жылы ақпан – наурызда қазақстан компартиясының XVI съезі болып, әлеуметтік – экономикалық дағдарыстың жекеленген кемшіліктерін сынаумен шектелді.
Желтоқсан Көтерілісі
Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы болып істеген Г.Колбин тағайындалды. Орталық мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал желтоқсан көтерілісінің басты себептері – Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүрлеріне қысым жасап, ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қайта құру жариялаған демократиялық ұсынымдары арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықтың ашу-ызасын туғызған еді. Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта болды. Бірақ партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Кеңес әскері халыққа қарсы ойындар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару қолданды. Мыңдлаған қазақ жастары желтоқсанның құрбандары болды. 17-19 желтоқсанда алаңға 60 мыңдай адам шыққан. 8 мыңнан астам адамды ұстап қаланың сыртына апарып тастаған. 103 азаматқа айып тағылып, 1,5-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, 2 азамат – Қ.Рысқұлбеков пен М.Әбдіқұлов ату жазасына келісті. 52 адам партиядан және 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен шығарылды. Ішкі Істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. 1987 шілде де КОКП орталық комитетінің «қазақ интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылданып, мұнда Желтоқсан көтерілісі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. 1989 жылы маусым-мамыр айларында КСРО халық депутаттарының І съезінде қоғам қайраткері М.Шаханов СОКП басшылығынан «желтоқсан көтерілісіне» әділ баға беруді талап етті. Оны қолдаған А.Сахаров болды. Талаптың нәтижесінде желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөнінде комиссия құрылып, төрағасы М.Шаханов болды. Желтоқсан көтерілісінің саяси және тарихи маңызы өте зор болды. 1-ден, желтоқсан көтерілісі Кеңес одағындағы демократиялық өзгерістерге жол ашып, 2-ден қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуіне алғышарт жасады; 3-ден әлемдік қауымдастыққа өркениетті қазақ деген халықтың бар екенін паш етті, 4-ден тоталитоарлық жүйенің ыдырау процесін жеделдетті,5-ден қазақ халқының тәуелсіздігіне ашылған жол болды.