Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды таныпбілуге деген ұмтылыс күнненкүнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пəндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам.
Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық жəне т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс.
<...> Құқықтық жəне адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірденбір жолы — құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзінөзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.