ЖОСПАР
КlРlСПЕ. 3
1-бөлім. Оқытудағы жас және ерекшеліктерін ескеру принциптері 7
1.1 Педагогика оқыту принциптері 7
1.2 Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі 11
2-бөлім. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық теориялар. 15
2.1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық теориялар. 15
2.2. Жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылардың тұлғалық және танымдық дамуының психологиялық ерекшелiктерi. 19
Қорытынды. 32
Пайдаланылған әдебиеттер. 34
КlРlСПЕ
Бүгiнгi таңда бiлiмнiң мемлекеттiк стандартына сәйкес республика мектептерiне бiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұнын туындауда. Оның басты себебi республика өзiнiң тәуелсiздiгiне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшелiктерiн ескерте отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу iсiн қайта құрудың аса қажеттiгi пайда болды. Оның үстіне, өтпелi кезеңдегi нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа Ұшыраған әрбiр отбасның экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесiне керi әсерін тигiзiп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көрiс қамымен базар жағалап немесе жұмыс iздеп, бала тәрбиесiне көңiл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 11-13 жастар жеткiншектердi шылым шегуге, iшiмдiкпен, нашақорлықпен, жезөкшелiкпен айналысуға, ұрлық iстеуге, т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатiгездiкке итермелеуде. Сонымен бiрге мекетепке қоғамға пайдалы iстердiң бәсеңдеуi оқушылардың бiлiмге, өнерге деген қызығушылығын төмендеттi, сондай-ақ мектептердегi оқу-тәрбие iсiнде етек алған формалистiк көзқарас, тәрбие жұмысын бiр мерзiмге жүргiзiлетiн науқанға айналдыру, оқу бағдарламасын, жоспарының және оқулықтардың бiр сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестiк ерекшелiктерге көңiл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негiзделген әкiмшiлiк, әмiр етушiлiк сияқты келеңсiз жағдайлар тұлғаны еркiндiгiнен айырды. Ол оқушылардың бойында тәрбие мәселесiне керi көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшiлiгi жеке басының ерекшелiктерi мен икемдiлiктерiн дамытуға мектеп мүмкiндiк бермейдi деп санайды. ...
1-бөлім. Оқытудағы жас және ерекшеліктерін ескеру принциптері
1.1 Педагогика оқыту принциптері
... Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады.
- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.
- Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандыктан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байданыстарды пайдалану.
- Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
- Тек тіл мұғалімдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру әдістері мсн түрлерін бақылау; үнемі оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету.
- Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу.
- Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгерстін материалды бір сабақта "айлақорлықпен" ұғындырмау.
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды,білік жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдің "бүгінгі оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады" өсиетін нақтылай түседі. ...
2-бөлім. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық теориялар.
2.1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық теориялар.
... Тұлғанын қалыптасуы мен дамуына мектептiң, отбасының және ортаның тәрбиелiк ықпалын Үштастыруда педагогикалық ынтымастық қажет. °р жеке тұлға өзiн өмірде сирек кездесетiн тұтас бiр ерекше жан (феномен) түрінде сезiнедi. Бұл заңдылық мектеп мұғалiмдерiнiң, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жiгерiнiң бiрлiгi мен келiсушiлiгiн жүзеге асыруды күнi бұрын белгiлейдi.
Тәрбиелiк үрдiстiң күрделiлiлгi, оның төтенше және дер кезiнде тұзету ендiру қажетсiнетiн кјшедегi терiс ықпалдарының етек алуы, нашақорлық, темекiге, iшiмдiкке, саудаға үйірлiк, оқушы жастардың әдепсiздiк, дјрекелiк iс-әрекеттермен жиi айналасуына, бҰзыєтық жолға тұсуiне мүмкiндiк туғызып отырғанын да жасыруға болмайды. Олай болса, мектеп қоғамның заң орындарымен, әкiмшiлiк, ұй басқаларымен, баспасөз мекемелерiнiң бiрлесе отырып, пәрмендi тәрбие жұмысын Ұйымдастырудың тиiмдi жолын қарастыруы қажет. Бұл жағдай тұлғаны тұтастай қалыптсатыру идеясына бағындырылған тәрбие үрдiсiнiң мақсатын, мiндетiн, мазмұнын, түрі мен әдiсiн бiрлiкте қарасатырудың қажеттiгiн туғызды. Тәрбие жұмысы әр жеке тұлғаның қабілетi мен ынта-ықыласын ескере отырып, мектепте, тұрған ауданда Ұйымдасқан түрде жүргiзiлуi әдiс-тәсiлдерiн (оны, бүгінде тәрбиенiң технологиясы деп жүр. С.І. ) жан-жақты теориялық және практикалық тұрғында қарастырған Ы.Алтынсарин атындағы ңҚазақтың Бiлiм академиясыныңң Тәрбие теориясы, этнопедагогика және жас ерекшiлiк психологиясы лабораториясының қызметкерлерi жасаған мектептегi тәрбие жұмысының теориясы мен әдiстемесi атты ғылыми көмекшi құралды баспа арқылы шығардық. Онда тұлғаның сапалық қасиеттерiн кешендi түрде қалыптастыру және оған педагогикалық ықпал етудiң жолдары сөз болған. ...
Пайдаланылған әдебиеттер
- Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, Қазақ университеті, 2009.
- Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – А., 2001.
- Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы, 2005.
- Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. – А.,2001.
- АйғабыловаН. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – А., Өнер. 1972.
- Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, А., 2004.
- Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие бері. /Методикалық нұсқау. А., 2000.
- Ақназаров Б. Класс жетекшісі. – А., Мектеп, 2003.
- Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – А.,2002.