...
Бейімделудің ерте кезеңінің ұзақтығы 10 күн болуы қатерлі (жетілмей туған, туғандағы асфиксия, босанғандағы зақымдар, жатырдағы даму тежелуі) балаларға тән. Жаңа туған нәрестелердің жетілгендігінің тек неонатологияда ғана емес, педиатрияда да маңызы бар, өйткені физиологиялық жетілмегендік тек ерте жаста ғана емес, кейін ересек жастардағы патология себептерінің бірі болып табылады.
Іштегі нәресте мен жаңа туған нәрестенің жетілгендігі туралы түсінік сәби байқалып отырған кезеңге байланысты. Іштегі нәрестенің даму кезеңі бір шама жетілмегендікпен сипатталады, ол босануға жақындаған сайын азаяды.
Жетілген нәресте – бұл жатырдағы 38-40 аптада бар мүшелері мен жүйелері дұрыс және тиімді қалыптасқан нәресте, соныдқтан босану кезінде организм мен жүйелер ақауланбауына мүмкіндік береді.
Жаңа туған нәресте жатырдан тыс өмір сүре алса, оны функционалды және морфологиялы жетілген дейді.
Жетілгендік – жаңа туған нәрестенің бейімделу және тірі қалуына жауапты физиологиялық үйенің функционалды жеткіліктігінің дәрежесі. Жетілгендік туралы түсініктің негігізінде П.К.Анохинныің системогенез туралы ілімі жатыр. Ілімнің мәні – жаңа туған нәресте тек өмірлік қажет жүйелердің толықтығының айқын дәрежесінде ғана тірі қалады. Өйткені бұл жүйелер жатырдан тыс өмірге дайын болмаса, олардың қоршаған ортаға бейімделуі мүмкін емес.
Жетілгендікті бағалау әдістерін пренатальды және постнатальды деп бөледі. Пренатальды әдіске амниотикалық сұйықты (АЖ) зерттеу жатады, оның құрамы жеке органдар мен организм жүйелерінің даму дәрежесін көрсетедеі. АЖ-дағы креатинин мен фосфолипид деңгейін анықтау, іштегі нәрестенің жетілу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Жүктілік мерзімнің ұлғайған сайын АЖ-дағы креатинин мөлшері көтеріледі.
Жаңа туған нәрестенің бейімделу механизмінде, 1-ші орында тұратын тыныс жүйесінің жетілгендігін анықтаудың практикалық маңызы зор. Тыныс жүйесінің жетілмеуі өкпе сурфактанты сапасының және мөлшерінің жетіспеуінен болады. Сурфактант компоненті болып, лицетин және сфингомиелин табылады. Қалыпты жағдайда олардың ара қатнасы 2 және одан да жоғары, тыныс жүйесі жетілмегенде ол 0,5 не одан төмен.одан басқа сурфактантты жүйенің жетілгендігін анықтау үшін көбікті не этанолды тест қолданылады (АЖ-ға этил спиртің қосып, 15 секунд бойына шайқайды, егер қоспа беиінде көпіршіктер пайда болып, 15 мин. Сақталса, онда сурфактант жеткілікті).
Амниотикалы клеткаларды цитогенетикалы зерттеу, жүктіліктің 14-ші аптасынан соң ұрықтың жынысын және дамудың хромосомды ақауларын анықтауға мүмкіндік береді.
Жүктіліктің 34-ші аптасынан кейін, іштегі нәресте терісінен амниотикалық сұйыққа шамадан тыс майлы клеткалар түсуі ұлғайған, 0,1%-ті нильский сульфатымен көктен қоңыр сары түске (оранжевый) боялатын клеткаларды санайды. Бұл клеткалар ұрық терісінің май бездерінен шығады деп есептелінеді, клеткадағы майларбоялған соң, микроскоппен қарағанда, қоңыр-сары тамшы түрінде көрінеді. Олардың көп болуы, шамадан тыс майлы клеткалар %-не сай, жүктілік мерзіміне қарай түзетіледі. ...