Мазмұны
Кіріспе. 3
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері. 5
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі. 5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері. 6
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі. 8
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы. 11
2.1. «БТА Банкі» АҚ-ның тарихы. 11
2.2. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы. 12
2.3. «БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы. 15
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері. 22
3.1. «БТА Банкі» АҚ-да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу. 22
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі. 24
3.3. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары. 26
Қорытынды.. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 31
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі.
... Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек, Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекшелігі бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай – ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажеті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажетілігін қанағатттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында құрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, сондай – ақ арнаулы лицензиялар – рұқсаттар негізінде банктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коомерциялық заңды тұлғалар несиелік ұйымдар болып табылады.
Банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айрықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыру арқылы белгілі бір көлемде мол пайда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде қарастырылады. ...
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі.
... АҚШ-тың коммерциялық банкінің басқару құрылымы жоғары қызығушылықты туғызады. Банкті басқарудың басты органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол стратегиялық шешімдерді қабылдайды. Акционерлер жиналысында директорлар кеңесі сайланады, ол банктің қызметінің барлық негізгі сұрақтарын шешеді. Директорлар кеңесінің негізгі қызметтері мынадай: банктің стратегиялық мақсатын анықтау және банк саясатын құру, жетекшілік органдарға адамдар іріктеу, комитеттерді құру, қарыздық және инвестициялық операцияларды бақылау, кеңес беру, банк қызметтерін кезеңдік тексеру және т.б. қызметтер.
Американ банктерінде қазынашы қызметі өте маңызды болып табылады. Ол банкінің басты бөлімшелерінің арасын жалғаушы буын болып табылады және барлық қызметтердің жедел жүзеге асырылуына тікелей жауап береді. Ол вексельдерді есепке алуға, тратты акцептеуге, қарыз беруге, депозит қабылдауға, бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат береді. Кассалық операцияларды бақылайды, банктің берген есебінің және құжаттарының дұрыстығына байланысты жауапкершілікті мойнына алады. Президент пен қазынашы қызметінің басты айырмашылығы мынада: президент жалпы басшылықты, бақылауды және қадағалауды жүргізеді, ал қазынашы іс жүзінде операциялардың орындалуын басқарады. Қазынашының өкілеттілігі банк жарғысында қатаң бекітілген. ...
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы.
2.1. «БТА Банкі» АҚ-ның тарихы.
... Осы аталған және басқалай себептердің нәтижиесінде, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына қызмет көрсеткен «Тұранбанк» және сыртқы нарықтағы операцияларды жүзеге асырумен айналысқан бірден бір банк «Әлембанк» аса ауыр қаржылық жағдайға тап болды. Осы аталған банктердің 1996 жылға жинақ теріс капиталы 34 миллион АҚШ долларын құрады, осыған байланысты, яғни, жұмыс жасайтын капиталдың болмауы клиенттердің төлемдері бойынша бережақтың ұзартылуына, клиенттердің кетуіне алып келді.
Бұл банктердің Қазақстанның экономикасы үшін аса маңызды орнын есепке ала отырып, Қазақстан республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі оларды біріктіру және солардың базасында «ТұранӘлемБанкі» жабық акционерлік қоғамын құру жөнінде шешім қабылдады.
Біріктірілген банктің жарғылық капиталының көлемі 4,7 млн.тенгені құрады және 1997 жылдың ішінде 7,72 млн.тенгеге дейін көтерілді.
Жаңа банктің қалыптасу сатысы кезінде оған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі үлкен қолдау көрсетті. Яғни, Қазақстан Республикасының Үкіметімен банктің жарғылық капиталына 90 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат енгізілді. ...
2.3. «БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы.
... Несие портфелі өсімінен болған тиімділік несие бойынша орташа кірістіліктің төмендеуі нәтижиесімен түсіндіріледі. 2006 жылдың 31-желтоқсанына несие бойынша пайыздық ставка 12-30 пайыз аралығында болды, доллардағы несиелер бойынша ставка 12-24 пайыз аралығында ауытқыды.
Банктің активтері мен пассивтерінің жағдайы жөніндегі неғұрлым толық картина 3-кестеде келтірілген.
3 - кесте
«БТА Банкі» АҚ активтері мен пассивтерінің көлемі мен құрылымы
атауы |
2005ж
|
2006 ж
|
2007ж
|
|||
млн.тг | % | млн.тг | % | млн.тг | % | |
Активтер | ||||||
Ақшалар
Міндетті резервтер Саудалық БҚ Басқа несие мекем.қаражат Сату үшін БҚ инвестиция Клиенттерге қарыз Қарыздар бойынша сыйақы Негізгі құралдар Басқалай активтер |
13286
3706 61591 14398 26288 232349 7498 6745 7203 |
3,56
0,99 16,5 3,86 7,05 62,3 2 1,8 1,93 |
51740
6971 102182 6038 23881 395513 14004 9396 8577 |
8,37
1,13 16,5 0,98 3,86 64 0,23 1,52 1,39 |
119131
10791 110252 23676 42406 680385
1940 9224 |
11,94
1,08 11,05 2,37 4,25 68,2
0,19 0,92 |
Активтер барлығы | 373064 | 100 | 618302 | 100 | 997805 | 100 |
Міндеттемелер | ||||||
ҚРҰБ қаражаттары
Басқа қаржы мекем.қаражат Клиенттердің қаражаты Шығарылған қарыздық БҚ Басқалай міндеттемелер |
5177
115680 139224 73507 4138 |
1,51
33,9 40,8 21,5 1,21 |
4424
143256 226710 182079 9852 |
0,78
25,3 40,03 32,15 11,74 |
844
293047 306714 300009 10083 |
0,09
32,18 33,7 32,9 1,1 |
Міндеттемелер барлығы | 341051 | 100 | 566307 | 100 | 910697 | 100 |
Жеке капитал | ||||||
Жарғылық капитал
Жеке сатып алынған акциялар Қосымша төленген капитал НҚ қайта бағалау қоры Бөлінбеген табыс Ағымдағы жыл пайдасы |
20959
628 1413 - 1737 7182 |
68,03
2,05 4,6 - 5,7 23,4 |
28320
516 5996 2429 6797 7302 |
56,3
1,02 11,9 4,8 13,5 14,5 |
36331
348 19184 510 15906 14307 |
41,7
0,4 22,02 0,5 18,3 16,4 |
Жеке капитал барлығы | 30683 | 100 | 50328 | 100 | 87108 | 100 |
Пассивтер барлығы | 373064 | 618302 | 997805 |
3 - кесте мәліметеріне сүйенсек, активтің барлық статьялары бойынша өсу байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда активтер саны 379503 млн.тенгеге өскен. Пассивтер саны да өскен, ҚРҰБ қаражаты және НҚ қайта бағалауқоры статьяларынан басқалары. Жалпы міндеттемелер саны мен жеке капитал саны 379485 млн.тенгеге өсіп, 2007 жылы 997805 млн.тенгені құраған.
Несие жұмысының жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, банк сенімді жалға алушылардың базасын кеңейтті, клиенттерді несиелендіруді кеңейтті. Несие саясатының базалық ұстамдарына сүйене отырып ұлттық валютада да шет елдік валютада да несие операцияларын әрі қарай кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Банк ірі, орта және шағын компанияларға қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді беруді активті береді. Сонымен қатар банк ипотекалық несиелендіру нарығын дамытуда «БТАИпотека» еншілес компаниясының көмегімен белсенді жұмыстар атқаруда. ...
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.
3.1. «БТА Банкі» АҚ-да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу.
... Альянс және БТА банктері отандық қаржы жүйесінде маңызды рөл атқарады. Тек БТА Банктің өзі ғана 7 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, жүйе құраушы банк болып саналады. Ал оның отандық экономиканы несиелеу рыногындағы үлесі 26 пайыздан асады. Альянс банктің де отандық экономиканы несиелеудегі алатын орны аз емес, ол көрсеткіш 8 пайыздан асады. Сондықтан да мемлекет аталған жүйе құраушы банктердің дефолтқа ұрынуына жол бере алған жоқ. Өйткен жағдайда оның елдің бүкіл банк жүйесі мен қаржы-экономикалық жүйесіне кері әсері тиер еді.
Осы орайда елімізге есімдері белгілі қаржы саласы мамандарының пікірлеріне назар аудара кеткен де артық емес.
Б.Жәмішев, Қаржы министрі: “Соңғы уақыттары “Альянс банк” АҚ-та міндеттемелер пайда болды, банктің тұрақты жұмыс істеуінде тәуекелдер (маржин-кодтар) орын алды. Ахуал өзгерді. Үкімет осыған дейінгі меморандумда банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде өзіне міндеттемелер алды. Сондықтан бұл іс-қимылдар бұрын қол жеткізілген меморандумдағы уағдаластықтарды жүзеге асыру болып табылады”.
Г.Марченко, Ұлттық банк төрағасы: “Соңғы уақыттары “БТА Банк” АҚ қысқа мерзімді шаралармен және Ұлттық банк тарапынан болған қолдаумен өмір сүрді”.
Осы айтылғандардың негізінде Үкімет қабылдаған шешім қисынды әрі алдын ала есептелген, сонымен бірге ол құқықтық тұрғыда жүзеге асырылып отыр және банк акционерлерінің құқықтарына қысым жасамайды деп айтуға болады.
Бұл ойды барлық іс-қимылдар қолданыстағы заңнамалардың шеңберінде жүзеге асырылды және банк қызметін тексерудің тиісті нәтижелерімен айғақталды деу арқылы Қаржы қадағалау агенттігінің төрайымы Е. Бахмутова да растап отыр. ...
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі.
... Осы механизмдерді жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы қазір «Самұрық -Қазынаның» Ұлттық банктегі шотында тұр. Ақшаның ауқымы 240 млрд.теңге.
Тұрғын үй нарығын қолдаудағы ең маңызды жайт - ол жаңадан салынған үйлерді сатып алған және өздеріне дейін пайдаланылған үйлерді сатып алушыларға бұған дейін берілген ипотекалық несиені қайта қаржыландыру;
Қайта қаржыландыру мақсаты үшін банктерге 120 млрд.теңге бағытталды. Бүгінге дейін Қор 10 банктің шотына 120 млрд.теңгені жіберді. Бағдарламаға мына банктер қатысты: Қазкоммерцбанк—24 млрд.теңге, Халық банк—24 млрд.теңге, БТА банк — 40 млрд.теңге, Альянс банк —14 млрд.т, АТФ, ЦентрКредит банк, kaspi bank, Евразиялык банк, Темірбанк, Цеснабанктің әрқайсысы 3 млрд. теңгеден бөлінді.
1 наурыздан бастап, банктер ипотекалык несиесі бар азаматтардан өтініш кабылдап бастаулары тиіс. Азаматтар ипотекалық несие алған банктерге немесе өзге банктерге барып 11 пайыздық (бюджетік және әлеуметтік сала қызметкерлері 9 пайызбен) жаңа өлшеммен өз несиелерін қайта қаржыландыра алады.
Несиені қайта қаржыландырудағы негізгі шарт: бұған дейін берілген несиеге алынған баспана адамның жалғыз баспанасы болуы тиіс. Аумағы 120 шаршы.метрден аспауы қажет, отбасындағы ерлі-зайыптылардың біреуінің өзге қалада үйі болмауы тиіс.
Қайта қаржыландыру мақсаты—несие ставкасын арзандатып, несиелеу мерзімін 20 жылға дейін артыруға, яки, несие алушы адамның бұған дейінгі төлеп келген сомасынан аз ақша төлеуіне әсер етеді. Алайда, қайта қаржыландырудың мақсатын несие төлейтін мерзімді ұзарту деп түсінбеу қажет. ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы» Заң күші бар Жарлық 31.08.1995 ж.
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің күші бар 1995 ж. 31 тамыздағы жарлығы
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қаржылық Қадағалау Агенттігінің инструкативтік нормативтік акті» 27.05.2006 ж.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жуков Е.Ф. Деньги кредит банки М: Юнити 1999г
2. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары А: Экономика 2000ж
3. Колесникова В.И. Банковское дело М: Финансы и статистика 1997г
4. Лаврушина О.И. Банковское дело М.: Кнорус, 2006
5. Саниев М. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. А.: Экономика, 2001. 28-31 бет.
7. Сахариевич С.С. Әлем экономикасы А: Дәнекер 2003ж.