Жоспар
1 Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймағы. 3
2 Табиғи саябақтар. 4
3 Қорықтар. 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 19
2 Табиғи саябақтар
... Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы табиғатқа да, демалып тынығушыларға да қолайлы жағдай туғызатын болды.
Қарқаралы мемлекеттік үлттық табиғи саябағы. Соңғы жылдары Қарқаралы жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары ұйымдастырылған (1998) бүл табиғи саябаққа жүктелетін негізгі міндет - Орталық Қазакстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жүмыстарын жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және табиғат қорғаудың маңызын көпшілікке насихаттау. Қарқаралы табиғи саябағы 350,5 мың га аймакты қамтып жатыр. Қарқаралы жөне Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы ауданының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қаркаралы және Кент қорығы аймақтары, Аркалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар белігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс үйымдастыру көзделіп отыр.
Өлкемізде Баянауыл, Қаркаралы сияқты "жер жаннаты" аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бүзбай сактауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорык сияқты саябак үшін де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ үйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылық пен табиғатты қорғау мүддесін сактай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру - бүгінгі күннің талабы. ...
3 Қорықтар
... Альпі белдеуінің өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда көп жылдык шөптесін өсімдіктер топталып өседі.
Биік таулы тундра 2000-2200 м биіктікте жатыр. Бұл белдеуде жатаған бұталы өсімдіктер, қияқ, мүк, альпі қырықбуыны, альпі сүттігені, мойыл, т.б. өседі.
Батыс Алтай фаунасының ерекшелігі - мұнда құстар өте көп тіршілік етеді. Бүркіт, қаршыға, лашын, ителгі, сақалтай, аққұр, саңырау құр, кекілік, шіл, бөдене, ақ дегелек, үкі, жапалак, көкек сияқты құстарды жиі ұшыратуға болады.
Сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, құдыр, бұлғын көптеп кездеседі.
Батыс Алтай қорығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта қорық экологиялық мониторингінің немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына айналуы мүмкін. Себебі, табиғи ландшафтылар өзінің алғашқы сипатын сақтаған. ...