Курсовая работа: Қоршаған ортаның ластануын бақылау және оның алдын алу


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
40

Жоспар

 

 

Кіріспе. - 3 -

I-Тарау Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі. - 5 -

1.1 Аймақтың табиғат райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері мен оның  тазалығын сақтау. - 5 -

1.2 Инвестициялық қызмет. - 13 -

1.3 Шағын кәсіпкерлік. - 14 -

1.4 Туризм. - 16 -

1.5 Сыртқы - экономикалық қызмет. - 17 -

1.6 Салық-бюджет саясаты.. - 18 -

1.7 Автокөлік және автокөлік жолдары.. - 19 -

1.8 Сумен қамтамасыз ету. - 20 -

II-Тарау.Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу. - 24 -

2.1 Табиғат қорларын пайдалану. - 24 -

2.2  Ауаның ластануы. - 26 -

2.3  Судың ластануы. - 30 -

2.4 Су  көздері. - 32 -

2.5  Жердің ластануы. - 36 -

Қорытынды.. - 39 -

Пайдаланылған әдебиеттер. - 40 -

I-Тарау Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі.

1.1 Аймақтың табиғат райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері мен оның  тазалығын сақтау

 

Алматы облысы 1932 жылы құрылған.

 

Облыс орталығы – Талдықорған қаласы.

Аумағы 224 мың шаршы км.

Елді мекендер саны 836

Халқы 1558,2 мың адам

Ауылдық, кенттік және қалалық округтер саны

274 Тығыздығы 7 адам/шаршы км.

Астана қаласына дейінгі қашықтық1480 км

 

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

Облыс республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан, шығысында – Қытаймен, онтүстігінде – Қырғыз республикасымен, солтүстігінде – Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстік батысында – Балқаш өзенімен, батысында – Жамбыл облысымен шектес жатыр.

 

Облыста 16 аудан, облыстық бағыныстағы 3 кала бар. Барлығы 274 әкімдік, олардың ішінде – 16 аудандық, 10-қалалық, 14-кенттік, 234-ауылдық әкімдіктер бар. Аудандары:  Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Еркелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Жаркент, Раймбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле, Қапшағай, Талдықорған, Текелі аймақтары енеді.

 

...  2007 жылы өнеркәсіпті дамытудағы басымды бағыттар болып табылатындар:

 

Отандық және шетелдік инвестициялар легінің өңдеу өнеркәсібіне, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге құйылуын қамтамасыз ету;

 

Іле, Жамбыл аудандары мен Қапшағай және Талдықорған қалаларында индустриялық аймақтар қалыптастыру үшін инженерлік-дайындау алаңшаларын құру.

 

2006 жылға қарағанда 2007 жылы өнеркәсіп өндірісінің өсуін 8%-ға қамтамасыз ету, 3000-нан астам қосымша жұмыс орнын құру белгіленді.

 

Энергетика кешенінде су және жел электр станциялары (Іле өзеніндегі қуаттылығы 49 МВт, Кербұлақ ГЭС-і, Көксу өзеніндегі ГЭС-тің каскады және Жоңғар қақ пасындағы жел электрстанциясы) құрылысының перспективалық жобаларын жүзеге асыру облыстың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін болады.

 

ИСО сериясындағы сапа менеджменті жүйесін облыстың тағы 52 кәсіпорнында соның ішінде: 2007 жылы – 12 кәсіпорнында енгізу жоспарлануда.

 

 

1.5 Сыртқы - экономикалық қызмет

 

 

Облыста, сыртқы рынокқа экспорттық қарымы бар отандық өндірушілердің товарын жылжыту жұмысы жүргізіліп тұрады. Облыс 94 елмен экспорттық-импорттық операциялар жүргізеді.

 

Қытаймен және Қырғызстанмен өзара тиімді ынтымақтастық туралы қабылданған келісім-шарт шеңберінде облысқа ауыл шаруашылығы өнімдері, ет, көмір жеткізіліп тұрады.

 

Өткен жылмен салыстырғанда облыстың 2006 жылғы қаңтар-қараша айларындағы сыртқы сауда айналымы 26,1%-ға ұлғайып, 1066,6 млн. АҚШ долларын, соның ішінде экспорт 23,1%-ға артып, 208,1 млн. АҚШ долларын құрады.

 

II-Тарау.Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу.

2.2  Ауаның ластануы.

 

... Өнеркәсіп ұшындыларын азайту үшін төмендегідей шараларды жүзеге асыру керек:

 

1)  Кәсіпорындарды электр және ұшындылары мен пайдаланатын жанғыш заттарды құрамындағы зиянды заттарды тазалаушы және алдын-ала аластаушы технологиялары бар ірі электр станциялардың маңында шоғырландыру.

 

2)  Өндірісті булық, шаңдық әуе ұшындыларын азайтушы немесе бейтараптандырушы сүзгілер және басқада құрылғылар орнату.

 

3)  Көліктер мен технологиялық аспаптарды қозғалтқыштары мен тазалаушы құрылғыларын жетілдіру және оларды мүмкіндігінше зиянсыз түрге көшіру.

 

Ауа тазалығын сақтаудың бұл келтірілген шараларына қоса, айналаны мейлінше көкалдандыру, ормандарды қалпына келтіру және көбейту, өсімдіктер дүниесінің жетілуіне жағдай жасау, қалалар мен өнеркәсіп орындарын, елді мекендер мен  жол бойларын жасыл желекке бөлеу жұмыстары кең қанат жаюы тиіс.

 

Алайда әуе шектен тыс былғану жағдайында бұл шараларда жеткіліксіз болады. Әрі мұндай аса былғаныш әуеге тұншыққан жасыл желектер ортаны одан ары ластай түсуі де мүмкін. Мысалы: күкірт қоспаларын көп жұтуға мәжбүр болған өсімдіктер оны әеге күкіртті сутек және рак қоздырғыш күкіртті көміртек ретінде кері бөліп шығарады. Ауадағы аммиак мөлшері артып кету жағдайында өсімдіктер оны азот тотықтарына айналдырып тағыда кері қайтарады, олай болса әуе тазалығын сақтаудың ең дұрыс жолы оны ластамау болып табылады. ...

2.4 Су  көздері.

      

Су көздері Көлемі (млн. км^3) Жаңару мерзімі
Мұхиттар мен теңіздер 1370 37 мың жыл
Жер қыртысының қалыңдығы 16 км болатын үстіңгі, яғни тас қабатында 200  
Соның ішінде адам қолы жететін 5 км қабатта 50 4,6 мың жыл
Қалыңдығы 1 км болатын белсенді суалмасу  қабатында 4 300 жыл
Мұздықтар мен үйектік қорлар 27 15 мың жыл
Көлдер 0,75 10 және оданда көп жыл
Су қоймалары 0,003 әр түрлі
Өзендер 0,0012 12 тәуілік
Әуедегі булар 0,014 9 тәуілік

 

 

Су қолданысы. Есеп бойынша табиғи сулардың жиындық тұтынысы 3300-3500 текше шақырым болады, яғни әрбір жер тұрғынына 800 текше метрден келеді. Тұщы судың негізгі тұтынушысына ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп орындары және тұрмыстық шаруашылық, сондай-ақ көлік, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау мен спорт салалары жатады.  ...

Пайдаланылған әдебиеттер

 1)      Сагимбаев Г.К. экология и экономика – Алматы мектеп 1997-144 б.

2)      Фурсов В.И. экологические проблемы окружающей среды – Алматы 1991-192 б.

3)      Охрана окружающей среды / Под редакцией С.В. Белова – М: 1991г. 320 стр.

4)      «Закон республики Казакстан» об охране окружающей среды. Алматы Жеті жарғы  1998 ж. 95 бет.

5)      Белов С В и др. Охрана окружающей среды – М: Высшая школа, 1991г.319 стр.

6)      Бордский А К Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы Алматы  ғылым 1997 -192 б.