Жоспар
1 Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймағы. 3
2 Табиғи саябақтар. 4
3 Табиғат ескерткіштері 7
4 Зоологиялық саябақтар. 12
5 Ботаникалық бақ. 14
6 Қорықтар. 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
2 Табиғи саябақтар
... Қарқаралы жөне Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы ауданының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қаркаралы және Кент қорығы аймақтары, Аркалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар белігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс үйымдастыру көзделіп отыр.
Өлкемізде Баянауыл, Қаркаралы сияқты "жер жаннаты" аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бүзбай сактауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорык сияқты саябак үшін де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ үйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылық пен табиғатты қорғау мүддесін сактай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру - бүгінгі күннің талабы. ...
5 Ботаникалық бақ
... Алматыдағы Қазақстан Республикасы Үлттык Ғылым академия-сының Бас ботаникалық бағы 1932 жылы қарашада ұйымдас-тырылып, оған 108 га-дай жер бөлініп берілді. Бастапқыда оған республикамызды көгалдандыру үшін қажетті бағалы өсімдіктерді аныктап, оларды мәдени жолмен өсіріп тарату, Қазақстанның жабайы өсімдіктерінің пайдалыларын зерттей отырып, өсімдіктердің жаңа түрлерін әкеліп, жергілікті жағдайда өсіріп, көбейту, биология ғылымының жетістіктерін, табиғат корғау ісінің озық тәжірибесін насихаттау сиякты міндеттер жүктелген еді. Өзіне жүктелген міндеттерді талапқа сай орындай келе, бұл ботаникалық бак ірі ғылым орталығына айналды. 1967 жылдан бері Бас ботаникалық бақтың жүмысы ғылыми-зерттеу институттарының атқарып отырған жұмыстары дәрежесіне көтерілді.
Бас ботаникалық бақтың аумағында казір өсімдіктердің 7 мыңнан астам түрлері мен іріктемелері өсіріледі, соның 1,5 мыңдайы ағаштар мен бұталар, ал 4 мыңнан астамы гүлді өсімдіктер. Ыстық материктерде өсетін өсімдіктердің 700-ге жуық түрі, 1969 жылы ашылған өсімдікжайда (оранжерея) тропикалық және субтропикалық өсімдіктер жинақталған. Ботаникалық бақтың 70 га-дай жерінде Қазақстан, Еуропа, Қырым мен Кавказ, Сібір мен Қиыр Шығыс, Солтүстік Америка мен Шығыс Азия өсімдіктер әлемі өкілдері өсетін экспозициялар орналасқан. ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- “Қазақстанның өсімдіктер әлемі” – Ғылыми басылым. - “Алматыкітап” ААҚ, 2004.
- Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Ғылыми басылым. – “Алматыкітап” ААҚ, 2003.
- “Экология-9” - Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаева.