Реферат: Қазақстанның экологиялық аймақтары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
19

Мазмұны

Кіріспе. 3

1.Қазақстанның экологиялық аймақтары.. 4

1.1. А аймағы.. 4

1.2. В аймағына. 5

1.3. С аймағына. 7

2. Қазақстандағы радиациялық жағдай. 8

2.1. Семей ядролық полигоны. 9

2.2. Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. 10

2.3 Радиоактивті қалдықтар. 11

3. Қазақстанның су ресурстары.. 12

3.1. Каспий аймағының экологиялық жағдайы. 13

3.2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 14

3.3. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері 15

3.4. Кіші өзендерді қорғау мәселесі. 17

Қорытынды.. 18

Қолданылған әдебиеттер тізімі 19

 

1.Қазақстанның экологиялық аймақтары

1.3. С аймағына

 

... Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50—70 мың тоннадан астам түз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.

 

Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көлінде де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.

 

Аймақтың әлеуметгік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2—3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп — суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді. ...

2. Қазақстандағы радиациялық жағдай

2.2 Радиоактивті қалдықтар.

 

... Қалалардағы ауаның ластануы, жердің азуы мен шөлейттенуі, өндірістік  және тұрмыстық  қалдықтардың көбеюі, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайың, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мә-селелер  болып  отыр.  Ауаның  ластануы  15  қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Лениногор, Алматы, Ақтөбе, Атырау,  Ақтау, Теміртау, Шымкент,  Тараз, Петропавл, Карағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазір үлкен деңгейде болып отыр. Арал өңірінің 59,6 млн га жері азған. Сонымен қатар көтерілген түзды шаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдыңтары жиналыи қалған. Жыл сайын 14 млн. куб м. тұрмыстың және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өңдеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1—18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метрді алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатңа жетін, халық денсаулығын бұзуда.  ...

3.2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

 

... 60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердіқ суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км\\ ал 1980 жылы — 10 км3. 1986 жылы Амудария мен Сырдария   өзендері  теңізге   жетпеген.   Барлық   су   суар-малы жерлерге жұмсалды.

 

Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300—400 км ара қашықтықта байқалды Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазір ауа райы-ның континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5—2°С-ға төмендесе, маусымда 2°С-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Аязсыз кезеңнің 170—180 күнге қысңаруы мақта өсіруді қиындатады {мақтаның өсуіне 200—220 күн оң температура қажет). Бұрын өзен суының минералдығы 0ДД5 г/л болса, қазір ол 2,5 г/л жеткен.

 

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіи кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен. ...

Қолданылған әдебиеттер тізімі

. Ж.Ж. Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: «Зият»,  2003 ж.-212 бет.

2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова. Экология. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы: «Бастау» баспасы. 2003.-292 бет.

3. З.М. Молдағалиев, А.М. Ғазалиева, С.Д. Фазылов. Экология негіздері. Оқулық. Қарағанды: ҚРУ баспасы, 2002 ж.-255 бет.