МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1 – ТАРАУ. ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ. 7
1.1 Ұжымдық қарым- қатынас туралы түсінік. 7
1.2 Ұжымдық қарым- қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуі . 13
1.3. Орыс тіл білімінде ұжымдық қарым-қатынастың зерттелу деңгейі. 19
2-ТАРАУ. ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. 25
2.1 Ұжымдық қарым- қатынас құралдары. 25
2.2. Ұжымдық қарым-қатынас құралдарының негізгі бөлшегі – мәтін және оның табиғаты. 33
2.2.1. Газет-журнал беттеріндегі көңілді мәтіндердің психолингвистикалық аспектісі 38
2.2.2. Радио, теледидар тіліндегі мәтіндердің психолингвистикалық аспектісі 50
2.2.3. Газет-журнал беттеріндегі көңілсіз мәтіндердің психолингвистикалық аспектісі 57
2.2.4. Радио, теледидардағы көңілсіз мәнді мәтіндердің психолингвистикалық аспектісі 73
ҚОРЫТЫНДЫ.. 82
1 – ТАРАУ. ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.
1.1 Ұжымдық қарым- қатынас туралы түсінік.
... Алайда бұл анықтаманың өзі де терминге толық түсінік бере алмайды. Бұл терминді жеке – дара талдап білудің маңызы іс - әрекеттің қалай өтетінін бақылауға тигізетін әсері мол. Яғни, әр нәрсенің жеке қасиетін анықтау үшін біз оның шындықпен, тарихпен байланысты жақтарын ескермей әрқайсысының өзінің жеке қасиеттерін, оның белгілі себептерін және ізденіс жолын қарастыруымыз керек. Шын мәнінде «ұжымдық қарым-қатынас» термині тек мағына айқындау жағынан жуық қана мәнді көрсетеді. Бұл терминді негізінде тек ұжыммен не қоғаммен, қарым- қатынас деген ұғыммен шектеу қате. ...
2 - ТАРАУ. ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
2.1 Ұжымдық қарым- қатынас құралдары.
... «Публицистиканың функциясы – қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер ету арқылы қоғамдық пікірге, сана мен қоғамдық практикаға ықпал жасау. Сонымен қатар, публицистика адамдарға тек логикалық жағынан ғана емес, сезім жағынан да ықпал жасауға тиіс екендігі қазір жұрттың бәрінеде мәлім шындық.» [ 20 ; 18 ].
«Қандай да бір болмасын кез- келген басылым қалың жұртшылықтың өз дәуіріндегі « көзі» мен « құлағы» іспеттес» [ 17; 4].
«Баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті- жалпы информацияны жинап, өңдеп халыққа ұсыну. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс – қажеттілігін, талап – талғамын қанағаттандыру үшін берілмек» [21 16].
Ұжымдық қарым-қатынастың құралдарының төрт түріне жалпы шолу жасау арқылы олардың жеке қасиеттеріне біртіндеп тоқталдық. Оның Адам психикасына тіл арқылы қалай әсер ететігіндігін келесі, яғни, негізгі бөлімде мәтін талдау арқылы терең тоқталатын боламыз. ...
2.2.2. Радио, теледидар тіліндегі мәтіндердің психолингвистикалық аспектісі
... БАҚ төртінші билік деп айтып жүрміз. Ол өз мақсатын айқындап, сол қызметі дәлелденгендіктен солай аталады. Біздің талдауымыздың барысында көз жеткізгеніміздей ұжымдық қарым-қатынас құралдары адам санасы мен эмоциясына да билік жүргізе алады, адамға белгілі пікір айтуға себепші болады. Сол құралдардың қарқыны күшті, тағы бір түрі радио болып отыр. Радионың басқа құралдардан өзінше ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар екенін біз кіріспе бөлімінде айтып өткенбіз. Ал негізгі бөлімде ол жайлы тәптіштеп жатпай бірден мәтін талдауға көшіп отырмыз. Біз мәтіндерді адам эмоциясына байланысты үлкен екі топқа бөлгеніміз белгілі. Сол топтың алғашқысы көңілді мәтіндер болатын. Енді көңілді мәтіндердің өз ішіндегі бөліктеріне байланысты алғашқы мәтінімізді қуанышқа арнаймыз. ...