Реферат: Сезім жөнінде түсінік


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
18

Жоспар

1 Сезім жөнінде түсінік. 3

2 Сезім ерекшеліктері 5

3 Сезім қасиеттері 8

4 Сезім негіздері. 10

5 Сезім түрлері 13

6 Мұғалімнің сезімдік ерекшеліктері мен қасиеттері 16

 

2 Сезім ерекшеліктері

... Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элнменттердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан-бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына жету, сөну, екінші жағынан - әр түрлі толғаныстар түйдегінен түзелген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Барша сезімдер жүйесінің өлшемі бір – біріне қайшы келген екі бағытта беріледі: сүйсіну-жеркену, қозу-тыншу, көңілдену-мұңаю.

 

Егер сүйсіну не жеккөру сезімі көп жағдайда заттың өзіндік ерекшеліктеріне, олардың адам өміріндегі маңызына немесе нақты бір ситуация мәніне орай туындаса, одан болатын қозудың дәрежесі сол сезімнің өзімен шарттас келеді. Мысалы, қаһар-дүлей қызбалық формасында көрініс берсе, керісінше, қанағаттану-адамның сабырлы, байсалды күйінен білінеді.

 

Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауда байқалады: қолданған сөздердің мәні бұлыңғыр, көңіл-күй қалпына сәйкес болмай шығады.  ...

 

5 Сезім түрлері

... Ұят – субьектінің өз қылық-әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің  басқалар күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп, шығатын ұнамсыз сезім түрі.

 

Эмоциялық толғаныстар бір текті болмайды. Бір обьекттің өзі біріне бірі қайшы келген әр қилы сезімдік күйді пайда етеді. Бұл құбылыс амбивалентті (екі ұшты) деп аталады. Амбивалентті жағдай адамдағы тұрақты қалып пен нақты оқиғаға байланысты оның сезімі арасындағы қайшылықтан туындайды: мысалы, махаббат және қызғаныштан болатын өшпенділік екеуі бірге жүреді.

 

Өте күшті эмоциялық әрекет көрінісі – аффект қысқа да қарқынды өтуімен ерекшеленеді. Бұл сезім құбылысы субьекті үшін өте қажетті болған өмір жағдайларының кенеттен өзгеріске түсуінен болады.

 

Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жәйттің бірі психологияда фрустрация (көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы) деп аталады.

 

Эмпатия – қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге  жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басңа түскендей сезіну.

Құмарлық – адамның белсенді әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. ...

 

6 Мұғалімнің сезімдік ерекшеліктері мен қасиеттері

... Эмоциялы адамдар эмоциялық жағынан қозғыш, тітіркендіргіштер әсерінен тез «лап еткіш» келеді.

 

Сентиментальды мінезділер еліге, сырттай қараушылықпен сипатталады. Сентиментальды мінезділер сезімшіл және енжар болады. Олардың сезімдері белсенді әрекет тудырмайды, көңіл күйлері сыртқа теппей бұғып жатады, әрекетпен ұштаспайды. Сезімінің өзіне бағытталуы, яғни көңіл күйін қызықтауға талпыныс байқалады.

 

Албырт адамдар айрықша әрекетшіл, талапкер және сүйікті ісіне берілген, олар мәнді де тынышсыз мол эмоциялы өмір сүреді. Олар әрқашан бір нәрсеге құмартады. Қайраттылық күшін сарқа жұмсау – бұларға тән қасиет. Бұлар терең сезімді адамдар.

Психикалық келбетінде эмоциялық жағы ерекше орын алатын адамдарға берілетін толық емес, сипаттама осындай. ...

Бірақ өмірі мен қызметінде сезімнің ерекше мәні болмайтын да адамдар кездеседі. Оларды салқын қанды немесе «байсалды есептің адамдары» деп атайды.