Реферат: Қазақ-жоңғар қатынасы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История Казахстана
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
19

Жоспар

 

1. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары..........3

2. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары.............4

3. Ақтабан шұбырынды жылдары.............16

 

 

1.ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары

 

1. Жоңғар агрессиясының басталуы. Ор бұлақтағы қырғын шайқас. Цеван-Рабтанның жорығы. Қазақтар мен Аягөздің жеңіліске ұшырауы. Ұлы апат жылдары. Батурн мен Галдан Церонның жорықтары. Әбілхайырдың Орда басына қазақ жүздерін біріктіруі. Аңырақай шайқасы мен оның зардаптары. Қазақтардың атам замандағы жоңғарларға қарсы болған шайқастың нәтижесі. Жоңғарлармен болған шайқастардағы Абылайдың, билердің, батырлардың алған орны.

 

 

2.ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары

 

Дәл осы түс та Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп, айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда, сол кездегі Қазақ, Жоңғар Ордаларының батысы мен шығысында аграрлық мәдениетін дәуірле тіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жөй ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындарының жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса қауіпті күш еді.

 

 

3 Ақтабан шұбырынды жылдары

 

Дегенмен, екі ғасырға созылған қазақ-жоңғар арасындағы қан қасап соғыс Жоңғар хандығының жойылуымен аяқталды. Ал, Қазақ хандығы болса жаралы арыстандай қансырап, әбден титықтаған. Жоңғар хандығы жойылғанымен, одан басқа да айналадан анталап, сұғын қадаған елдер аз емес еді. Шығыста азуы алты қарыс Қытай, оңтүстікте Бұхар, Хиуа, Қоқан, батысында Еділ қалмақтары мен башқұрттарды айдап салып отырған Ресей - бөрі де Қазақ хандығының әлсірегенін жақсы білетін және мұндай ұрымтал шақта қарпып та, қармап та қалуға дайын болатын.