Доклад/Баяндама: Қазақ хандығының құрылуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История Казахстана
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
17

Жоспар

1 Қазақ мемлекетінің құрылуы және қазақ халқының этникалық құрылымының қалыптасуының аяқталуы...........3

2. Қазақ халқының этногенезі..........5

3.Керей мен Жәнібек хандардың билігінің күшеюі...........8

4. Сауда мен қолөнердің жандануы..........10

5.«Қазақ» атауының пайда болуы...........14

 

 

1 Қазақ мемлекетінің құрылуы және қазақ халқының этникалық құрылымының қалыптасуының аяқталуы.

 

Қазақ халқының шығу тегін зерттеудің негізгі аспектілері лингвистикалық және антропологиялық болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ежелгі тарихын үнді еуропалық пен түркілік кезеңдерге бөлуге болады. Б.з.д. ІІІ-І мыңжылдықтарда ежелгі Қазақ жерін қоныстанушылар өздерінің шаруашылық, мәдени дәстүрлерімен, лингвистикалық және антропологиялық тұрғыда үнді еуропалық топтың ежелгі ирандық бұтағына кіреді.

 

 

2. Қазақ халқының этногенезі

 

Қазақ халқының қалыптасуымен бірге ХV-ХVI ғасырларда қазақ жүздері де қалыптаса бастады. Жүздер туралы жазба деректері XVI ғасырда шығыс жылнамаларында кездеседі. Жүздердің құрылуы Қазақ жерінің табиғи-климаттық жағдайлары мен халықтың көшпелі өмір салтына тығыз байланысты болды. Қазақстан өзіндік дамуына ықпал ететін табиғи-ландшафтық белдеулерден тұрады. Бұл - қазақ халқының шаруашылық, мәдени қызметінің табиғи ареалдары болған үш географиялық бөлік. Оларға Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу; Батыс Қазақстан; Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтары кіреді. Жүздер табиғи-климаттық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан шаруашылық және әскери-әкімшілік басқару жүйесі ретінде қалыптасты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына қазақ халқының негізін құраған ру ай палардың монғол ұлыстарының құрамында, кейінірек жекелеген мемлекеттік бірлестіктер құрамында ұзақ уақыт болуы ықпал етпей қойған жоқ еді.

 

 

3.Керей мен Жәнібек хандардың билігінің күшеюі

 

Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек болды. Қазақ хандығының дербес саяси мемлекеттік бірлестік ретінде тарих сахнасына шығуына Шыңғысхан ұрпақтары арасындағы саяси билік үшін күресі қолайлы жағдайлар туғызған еді.

Ақ Орда билеушісі болған Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның баласы Жәнібек өзінің ағайыны Кереймен бірге 1459-1460 жылдары Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан ханы Есен-Бұғаның (1429-1462) иелігіндегі Шу мен Талас аймағындағы Қозыбасы деген жерге қоныстанады. Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылу барысы XV ғасырдың екінші жартысында дағдарысқа ұшырай бастаған Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің ішкі саяси жағдайымен байланысты болды.

 

 

4. Сауда мен қолөнердің жандануы.

 

Қала өмірінің қайта өрлеуі ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы - көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шағырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың, қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп - қону, табиғи георгафиялық жағдайлары мен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді тандап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді.

 

 

5.«Қазақ» атауының пайда болуы

 

Тарихи деректерге сүйенсек, "қыпшақ," және "қазақ" деген ұғымдардың қатар шыққанын байқаймыз. Кейбір авторлар осылай ойлайды. Сөйтсе де қазақ халқының шығу проблемасы өлі де болса жеткілікті түрде зерттелген жоқ. Осы күнге дейін Қазақстанның ауқымды алқабындағы этно гендік проқестердің көптеген қырлары анық емес. Оның үстіне ғылымда "қазақ" деген этнонимнің табиғаты жөнінде әрқилы болжамдар бар. Қазақ халқының қалай қалыптасқаны жөнінде де әр түрлі түсініктемелер орын алып келеді.