Реферат: Философия: пәні мен қызметі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Философия
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
18

...  Деизм - бұл философия ағымы Құдайдың бар екенін  мойындайды. Әлемді Құдай жаратқан, бірақ одан соң оның адам мен қоғам өміріне әсері де, ықпалы да, қатысы да жоқ дейді. Ол тек өнегелік символ болып қызмет атқарады. Деизм - объективтік идеализмнің ерекше түрі, сонымен бірге объективтік идеализмнің материализмге өтуі жолындағы кезең болады. Деизм XVII ғ пайда болып, ағартушылық дәуірде өте кең тарады. Оның негізін салғандар: Декарт, Ньютон, Локк, белгілі деистердің қатарына Вольтер, Руссо, Кант, Ломоносов және Абайды  қосуға болады.

 

Диалектика және метафизика. Болмыстың мәні өзгермейтін, тұрақты, қозғалмайтын немесе құбылмалы және жылжымалы бола ма? - деген сұрақтарды шешудің негізінде метафизика мен диалектика бөлінеді. Бірақ бұл терминді қолдану бір шама қиын, өйткені, олардың әрқайсының қалай болғанда да екі - ежелгі грек және қазіргі замандағы - мәні бар. Сондықтан оларды қолданған кезде қай мәнде екенін ескеру керек.

 

 Диалектика - ежелгі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда - «пікір таласы, әңгіме жүргізу өнері». Бұл термин осы мәнінде ежелгі кезден Жаңа Заманға дейін қолданылды. Термин немістің классикалық философиясында және әсіресе марксизм философиясында екінші мәніне ие болды, атап айтқанда: болмыстың ең жалпылама заңдылықтары және байланысы туралы ілім. Диалектиканың екі орталық идеясы бар: барлық құбылыстардың өзара байланысы және шексіз болмыстың өзіне тән қайшлықтары әсерінен үздіксіз дамуы.

 

Бұл мәнінде диалектика метафизикаға қарама-қарсы. Оның өте ірі өкілдері: Шеллинг, Гегель, Маркс, Ленин, Бергсон. Бірақ дамудың өзі әртүрлі түсіндірілуі мүмкін: «Тұйықталған шеңбер бойынша» даму (Шеллинг, Гегель) және шексіз үдемелі қозғалыс ретіндегі даму (Маркс, Бергсон). Диалектиканың тарихи формалары: стихиялық, идеалистік және материалистік. Стихиялық диалектика күнделікті сезімдік тәжірибеден туындайды, дүниенің мәңгі өзгерісіне, қайтып оралуына сүйенеді. Ол  әсіресе Гераклиттің “бәрі ағады, бәрі өзгереді” деген қағидасында анық берілген. Күнделікті өмірде барлық адам осы пікірді ұстанады. Идеалистік диалектика, біріншіден, жеке адамдар пікірлерінің (ойының) арасындағы қайшылықты мойындаса, екіншіден, ұрпақтар пікірлерінің қайшылығы, тарихи дамуын анықтайды (Гегель). Оның негізгі кемшілігі дамуды сана деңгейінен шектеуі. Материалистік диалектика дамуды бар болмыстың қасиеті деп санап, әмбебаптың деңгейіне көтереді. Және объективтік диалектиканы (дүниенің дамуы) субъективтік диалектиканың (сананың дамуы) негізі деп қарастырады. ...

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихи – Аоматы, 2000.
  2. Абай. Шығ.жинағы. Алматы,1995
  3. Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2001.
  4. Введение в филосфию. Учебник для вузов 2-е издание М., 1997
  5. Әлемдік филосфиялық мұра. 1-20 тт-Т.1-Алматы: Мектеп, 2005-2007