... Фейребахтың пікірінше, жаңа философия теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм - адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология - адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі, сондықтан ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғамнан және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.
Таным туралы. Фейербах: «Дүниені танып білу дүниенің өзі секілді шексіз. Таным сезімнен басталады, шындықтың дәйегі - іштей туған сапа». Қоршаған ортаны тануға болады, ақыл-ойдың мүмкіндігі шексіз. Бірақ, бұл бірден пайда болмайды, ол адамның эволюциялық дамуы, тәжірибенің жиналуы, ғылыми-техниканын өсуіне байланысты болады. Фейербах: «Біз танымағанымызды, біздің ұрпағымыз таниды» - дейді. Фейербахтың бүкіл материализмі секілді, таным теориясы да сырттай пайымдаушылық сипатта болды - бұл практикалық іс-әрекеттің ролінің маңызын түсінбеушілік. Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ол адам миымен ажырамас байланыста болады. Тарихты түсінуде тарихи процесстің қозғаушысы деп объективтi заңды емес ақыл-ойды мойындайды.
Фейербах адамның өзіннің түпкі төркіні санасына байланысты, дін адамды емес, адам дінді жасайды деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербахтың материализмнің күшті жағы - оның дінмен ашық күресуінде, діннің психологиялық түп-тамырын ашып беруiнде. Құдайы бар дінді жойып оның орнына құдайсыз, адамдардың сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды. ...
Семинар сабағының жоспары:
- Классикалық неміс философиясының әлеуметтік тарихи алғышарттары.
- Классикалық неміс философиясындағы метафизика мен натурфилософия.
- Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс және идеалистік жүйе.
- Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гумманизм
Әдістемелік ұсыныстар:
Негізгі көңілді келесі мәселелерге аудару керек. Немістің классикалық философиясы И.Кант, И.Г. Фихте, В.Ф. Шеллинг, Г.В. Гегель, Л.Фейербах аттарымен белгілі. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі бар ойшыл ретінде танымал. Сонымен қатар ілімдердің әрқилығына қарамастан олар белгілі – бір идея мен принципті үстанған.
Бақылау сұрақтары:
1. Немістің классикалық философиясы жаңа философияның қайнар көзі.
2. И.Канттың сын кезіндегі философиясының мәні неде?
3. Гегельдің диалектикасын қалай түсінуге болады?
4. Фейербахтың антропологиялық материализмінің маңызын ашыңыз?
5. Классикалық неміс философиясының тарихи және алғышарттары, оның негізгі иедеялары мен принциптері.
6. Кант агностицизмі.
7. Гегель философиясының қайшылықтары.
8. Канттың сынға дейінгі және сыни кезеңдерінің ерекшеліктері.
Баяндамалар мен рефераттар
1. Диалектикалық ойлаудың категориялары мен принциптері.
2. Кант философиясы эволюциясының негізгі кезеңдері.
3. Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері.
4. Кант теориялық ақылдың мүмкіндіктері мен шегі туралы.
5. Гегель: оның жүйесі және диалектикалық әдісі.
6. Гегель философиясындағы тарихи және логикалық.
7. Сын философиясының догматизм мен сектипцизмді әшкерлеуі.
8. Фихте И.Г. – субьективтік идеалист
9. Фейербахтың материализмі мен атеизмі.
10. Шеллинг – обьективтік идеалист