Жоспар
1. ХІІ-ХІІІ ғғ. татар моңғолдардың орналасуы және қоғамдық-саяси құрылымы..........3
2. Шыңғысхан басшылығымен орнаған Монғол мемлекеті...........5
3. Қазақстан монғол жаулаушылығында..........9
1. ХІІ-ХІІІ ғғ. татар моңғолдардың орналасуы және қоғамдық-саяси құрылымы
Монғол жаугершілігі, сондай-ақ Шыңғыс ханның өз тұлғасына арналған мақалалар мен кітаптардың аста-төк болғандығына қарамастан, Алтын Орданың тарихы Ресей ғана емес, бүкіл әлемдік тарихтағы "ақтаңдақ" та тұманды кезең болып қала береді. "Әбден негізделген, бәлкім Алтын Орданың толық та сыни тұрғыдан реттелген тарихының жоқтығы, - деп жазған 1889 жылы В. Тизенгаузен, - біздің отандық тарихнамадағы маңызды да осал тұсты құрастырады". Аталған автор Дешті-Қыпшақ, немесе Ресейді монғолдар жаулап алғаннан кейін Алтын Орда деп кеткен мемлекеттер бірлестігі жайлы белгілі жайттың барлығын жинақтағысы келгендердің ішінде жалғыз емес еді. Оның әрине өзіндік себептері болды.
2. Шыңғысхан басшылығымен орнаған Монғол мемлекеті
XIII ғасырдың басында Орталық Азияның ішкі аудандарында Монғол мемлекеті құрылды. Оның негізін салған Темучин (1155-1227) еді. Ол өз қол астына монғол тайпаларының барлығын дерлік біріктірді. Темучин - жаздың ортасында «гаха», яғни қабан жылы ақпан айында, шамамен 50° солтүстік ендік пен 132° шығыс бойлықтағы Онон өзенінің жағасында Есугей батырдың отбасында дүниеге келген. Сол уақыттарда оның әкесі Есугей батыр татарлар тайпаларымен соғысып, олардың көсемі Темучинді тұтқынға түсіреді. Осы жеңістің құрметіне ол баласына Темучин деген ат береді. Темучин жеті жасқа толған кезде, оның әкесі қайтыс болған.
3. Қазақстан монғол жаулаушылығында
XIII ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монғолдар Оңтүстік Сібір халықтарын өзіне бағындырды. Одан кейін Қытайға басып кіріп, іс жүзінде бүкіл Шығыс Түркістанды және Хуанхэнің солтүстігіндегі Қытайды уысында ұстады. Ал, енді Шыңғыс ханның Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға баратын жолында Қазақстан мен Орта Азия жатқан еді.
Шыңғыс ханның түркі халықтарымен өзара қатынасында Орталық Азияның барлық көшпенді халықтарын біріктіріп, оларды бір империяның қол астына қосу мақсатын көздеген дипломатия тұрды. Мұның өзі саяси одақтық қатынастар құруға және билеуші әулеттердің өзара некелік қатынастар орнатуына жиі-жиі әкелді.