Реферат: Адамның рухани әлемі. Сана


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Философия
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
13

... Қоғамдық сананың түрлері: 1. саяси сана - таптар, ұлттар, әртүрлі топтардың, мемлекеттердің қатынасын қарастырады; 2.  құқықтық сана. Тек тәрбиелеу адамға жетіліксіз. Құқықтың негізгі мақсаты - демократиялық  заңдар арқылы теңдік, әдептілік қағидасын, адам бостандығын қорғау. 3. моральдық сана (лат mores - әдет-ғұрып). Ар-ұждан, міндет-парыз, абырой, адамгершілік және әдептілікті өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт. 4. эстетикалық сана. Өнер, әдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса маңызды тәсілі. 5. Дiн және атеизм. Дiн дегенiмiз күнделiктi өмiрде сыртқы күштердiң адам санасында қиялы түрде бейнелеуi. Дiн әруақытта табиғаттан тыс күшке сенуге мәжбүр етедi. Оны мифологикалық түсiнiктер әдеп-ғұрып жоралар және мистикалық көңiл-күй арқылы негiздейдi. Атеизм - ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару, құлшылық етуден безу.  6. Философия - ой жүйесі, дұрыс ойлауды үйрету. Адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ілім. 7. Ғылым - қоғамдық саналардың бәріне тікелей қатысты теориялар жиынтығы.

 

Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі, бірақ өз құрамында өткен ұрпақтың санасының ерекшеліктерін сақтайды, яғни оның тура көшірмесі бола алмайды. Және ол болмысқа  кері әсерін тигізіп оның өзгеруіне  ықпал жасайды, сондықтан қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігін мойындауымыз керек. Бұл қалыптасқан болмысты құптаушылардың, оған оппозицияға шығушылардың бар екендігімен дәлелденеді. Қоғамдық сана жеке сананың әсерімен ғана дами алады, сондықтан ол әркімге ерекше жауапкершілік жүктейді.

                                 Семинар сабағының жоспары:

  1. Адамның санасы және рухани әлемі туралы философиялық және діни түсініктер.
  2. Сана және сана-сезім. Өзіндік сана және көзқарас.
  3.  Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы.
  4. Қоғамдық сананың құрылымы, формалары және қызметтері.

 

                                           Әдістемелік ұсыныстар:

 

Адамның санасы және рухани әлемі туралы философиялық, діни және ғылыми  түсініктер. Адам психикасының құрылымы:  сана, санасыздық, өзіндік сананың қазіргі заманғы философиялық және ғылыми концепциялары. Сана бейнелеу және қызмет ретінде. Шығармашылық және интуиция мәселесі. Ғылым және философия көзқарасындағы адамзат психикасының феноменалдық қасиеті.

 

Сана және өзіндік сана. Өзіндік сана субьектіні тану әдісі, сыртқы әлем мен адам бірлігін сезіну. Өзіндік сана және адамның рухани әлемі.

 

Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнесі. Қоғамдық және жеке сана. Қоғамдық сананың  құрылымы. Қарапайым және теориялық сана. Қоғамдық психология және идеология. Бұрынғы КСРО құрамында болған халықтардың ұлтық санасының процесі.

 

Қоғамдық сананың формалары: саясат, құқық, мораль (имандылық), эстетика, дін және атейстік  сана, философия. Саяси сананың, құқық мәдениетінің, имандылық нормаларының нарыққа өту жағдайындағы ролі.

Рухани өндіріс. Рухани сұраныс. Рухани қазыналардың адам өміріндегі мәнін  түсіну мәселелері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адамның рухани дүниесінің діни, философиялық және ғылыми түсінігінің мәні неде?
  2. Материалистік философия жүйесіндгі сана категориясының  ролі?
  3. Сана адамның өмір сүруінің формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгертудің тәсілі?
  4. Сананың пайда болу негізі (генезисі), және сана бейнелеудің жоғарғы түрі ретінде?
  5. Сана шындықты бейнелеудің әлеуметтік-мәдени формасы?
  6. Сана және сана – сезім, өзіндік сана, ішкі сұхбат, өзіндік сананың механизмі?
  7. Санасыздық психикалық феномен ретіндегі мәні?
  8. З.Фрейд іліміндегі санасыздық концепциясы; ол, мен, жоғарғы Мен мәселелердің түсінудің мәні?
  9. К.Юнг концепциясындағы ұжымдық санасыздық пен оның «архетиптерінің» философиядағы орны?
  10.  Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы.
  11.  Қоғамдық сананың құрылымы мен формаларын әлеуметтік қажеттіліктердің бейнесі ретінде түсіну?