... ХХ ғ. бас кезінде А.Эйнштейннің салыстырмалық теориялары философиялық болжамды -материя, қозғалыс, кеңістік, уақыттың үзілместей бірлігін - ғылыми түрде дәлелдеді. Осы төрт фактордың бірі өзгерсе қалған үшеуі де сәйкес өзгеретінін көрсетті. Бұл күнделікті өмірде қалыптасқан, классикалық механика ілімінен дәстүр болып келе жатқан көзқарас: Кеңістік- абсолютті өзгермейтін орта, онда қозғалыстағы, өзгерістері материя өздігімен өмір сүре береді, уақыт та сондай абсолютті, процестердің өзгермейтін жиілік интервалының көрсеткіші- дегенді жоққа шығарады. Олардың өлшемі материалдық жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне процестерінің желісіне тәуелді өзгеріп отыратыны бүгінгi ғарыштық ғылымдарда, микроәлемде күмән келтірмейтін факт есебінде қаралады.
Семинар сабағының жоспары:
- Болмыс, субстанция дүние бірлігі ұғымдары. Қазіргі заман философиясындағы онтология мәселесі ( М. Хайдеггер).
- Материя категориясы, оның тарихи жетілуі.
- Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдарындағы материяның құрылымы мен қасиеті туралы түсінік.
- Қозғалыс, кеңістік, уақыт олардың материа мен бірлігі.
Әдістемелік ұсыныстар:
Дүниені философиялық тұрғыдан түсіну. Болмыс категориясы, оның мән мағынасы, ерекшелік сипаты. Болмыстың негізгі формалары және олардың диалектикасы. Дуализм және монизм. Субстанция түсінігінің методолоиялық маңызы.
Материя түсінігінің ғылыми - философиялық тұрғыдан қалыптасуы. Материя категориясының табиғат пен қоғамды танып-білудегі ролі. Осы заманғы ғылым материяның күрделі әрі жүйелі құрылымы. Дүниенің көп түрлілігі мен бірлігі туралы идеялар.
Қозғалыс түсінігі, оның негізгі сипаттамалары. Қозғалыстың формалары және оларды жіктеудің осы заманғы мәселелері.
Кеңістік пен уақыт-материяның обьективті өмір сүру формалары. Кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяның байланысы туралы философиялық түсініктерді дамытудағы салытырмалылық теориясының маңызы. Биологиялық және әлеуметтік кеңістік пен уақыттңың өзндік ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
- Материяның негізгі атрибуттарын атаңыз?
- Дүниенің материалдылығын сіз қалай түсінесіз?
- Материя, қозғалыс, кеңістік бір-біріне өзара байланысты ма, болса қалай?
- Материя категоряисы және оның фундаменталдық маңызы неде?
- Болмыстың негізгі формаларын көрсетіңіз?
- Субстанция, дүние бірлігі мәселелері. Дуализм және монизм түсініктерінің мәні неде?
- Қозғалыстың негізгі формалары, олрадың қатынасы және байланысын көрсет.
- Кеңістік, уақыт, қозғалыстың материя мен бірілігі неде?
- Дүниенің философиялық түсінігі: болмыс, материя бастапқы категориялар?
Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы:
- Болмыстың философиялық концепциясы (Антикалық философия, ортағасыр, Жаңа заман).
- Қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымындағы материяның құрылысы және қасиеті туралы және оның философия дамуындағы маңызы.
- Қазіргі заман ғылыми материя негізгі түрі және типтері туралы.
- Болмыс пен биболмыс философия мен шұғылданатын мүмкіндік принципі.
- Хайдеггер философиясындағы болмыс пен уақыт мәселесі.
- Болмыстың дәстүрлік түрлері және олардың қазіргі заман филосоиясы мен ғылымында сипатталуы.