Жоспар
1 Егеменді Қазақстанның саяси ақиқат ретінде қалыптасуы мен дамуы.......... 3
2 Ұлттық идея мен мемлекеттік идеологияны қалыптастыру мәселелері.......... 4
3 Посттолитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық мағынасы.......... 6
1 Егеменді Қазақстанның саяси ақиқат ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Мұндай жолдағы мемлекеттің негізін қалау азаматтық қоғамнан бастау алатыны белгілі. Осыған орай Қазақстан алдымен азаматтық қоғам құру жолына түсті. Қазақстан жағдайында азаматтық қоғам құру одан құқықтық мемлекетке өту өте күрделі процесс болғандықтан алдымен азаматтық қоғамның тарихына қысқаша тоқталып кетейік ...
2 Ұлттық идея мен мемлекеттік идеологияны қалыптастыру мәселелері.
Әрине азаматтық қоғам құру қазіргі Қазақстан жағдайында талпыныс ретінде көрініс беруде. Оған мысал ретінде халықтың саяси ынтасын, қоғамдық ұйымдар мен партиялар құруын, саяси проблемаларды әсіресе азаматқа қатысты оның еркін тұлға ретінде дамуы, мемлекеттің адам өміріне араласуының шектелуі мәселесін алға тартуда.Алайда азаматтық қоғам қалыптастыру үшін алдымен оған арнайы ұйымдар яғни институттар қажет. Ол институттар мемлекеттік емес, мемлекеттен тыс қалыптасуы шарт. Осы мақсатта, қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам дамып, қалыптасуы үшін мына институттар жұмыс жасауы тиіс:
1. Үкіметтік емес мекемелер институты ...
3 Посттолитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық мағынасы.
Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйенің келешегін құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуымен байланыстырады. Бұл бағытта атқарылып жатқан істер баршылық. Қазақстандықтар заңдық кеңістікте өмір сүру дәстүріне үйрене бастады. Бірақ Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы ісінде елеулі қайшылықтар бар. Д.Арғымбаев негізгі төрт қайшылықтарды атап көрсетті:
Бірінші қайшылық-басқарушы элита өкілдері мен қатардағы азаматтардың заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі.Осының нәтижесінде заңдар жұмыс істеуге қабілетсіз болады.
Екінші қайшылық - Қазақстанда құқықтық қоғамның батыстық стандартына ұмтылудан туады. Қазақстан қоғамының тарихи тәжірибесі мен саяси дүниетанымының түп-тамырлары ескерілмейді ...