Дипломная работа: Орта Азиядағы экстремизм


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, криминалистика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
78

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

 

І ТАРАУ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ЛАНКЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖАНДАНУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7

1.1 Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері. 7

1.2   Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары. 20

 

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА АЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ОРНЫ.. 27

2.1 Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері. 27

2.2 Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын алу және жою. 39

 

III ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ   55

3.1 Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері. 55

3.2 Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі. 66

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 70

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 75

 

 

І ТАРАУ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ЛАНКЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖАНДАНУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.2   Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.

 

... Мұсылман қауымында исламның позициясы өте күшті болуына байланысты ішкі фактор ретінде, руханияттың саяси бөлігінің позициясы; қоғамды деорталықтандыру және корпоративизациялау элементі бар суфизм және халықты біріктіру мен билікті орталықтандыруды жалпы және ыңғайлы нысан саясатты қалыптастыруды жақтаушылар, яғни исламды оның классикалық тұрғыдағы нысанға қайта келтіруді қолдаушылар арасындағы қарама-қайшылықтар. Оны көптеген тарихи фактілер дәлелдейді. Осыдан біз, ішкі конфессионалдық тапшылықтың негізінде интеграция қағидалар мен нысандары арасындағы қақтығыстар және оның түбінде өз саяси билігін жүзеге асыру жатыр. Мемлекетке қарсы шығуда да, және оған бағынуда да екі нысан да ерекше және ыңғайлы болып табылады.

 

Сыртқы фактор болып, ең алдымен, экономикалық жағынан әртүрлі деңгейдегі мемлекеттер арасындағы қрама-қайшылықтар табылады. Солай бола тұра ислам сыртқы агрессияға қарсы тұрудағы консолидациясы түрткісі бар механизмі ретінде ыңғайлы. Дегенмен  қай түрінде көрінсе де ислам өзінше ерекше. Өзінің спецификасы жағынан әрбір қалыптасқан жағдай бір-бірінен ерекшеленеді және осы әрбір жағдайында мұқият исламтанушылық зерттеулерді талап етеді.

 

Қазіргі таңда исламдық факторды кейбір батыс щеңберіндегі тұлғаларымен айыпталуы бізге олардың мәселенің толық қамын білмейтінін және оған қате баға беретінін көрсетеді. Себебі, олар тек мәселенің үстіңгі және сыртьқы көріністері негізінде және терроризмнің көріністеріне қате сараптама жасау негізінде қорытынды жасайды. Бұл нысанның ерекшелігі мынада болып табылады: осы ланкестік әрекеттерді жүзеге асырушылар одан геосаяси және геоэкономикалық пайданы табады. Бірақ көлеңкеде қалып, ешқандай  соттық қарауына тиесілі болмайды. Белгілі-бір тұлғалар мен тараптарың кінәсі жөнінде дәлелдері жоқ болады. ...

 

 

III ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ

3.1 Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері.

 

... Қауіпсіздік жөнінде бел ала бастаған додаларда фундаменталды құқықтар мен бостандықтарды терроризмді түпкілікті жоюға құрбан етуге идеялары насихатталуда. Алайда терроризм қаупі төніп тұрған адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттің борышы мен оныі бұл қорғауды жүзеге асыру барысында қалған құқықтарды бұзылмайтындығын кепілдейтін міндеті арасында ешқандай құқықтық коллизия жоқ. Керісінше, ланкестік әрекеттерден адамды қорғаумен қатар, адам құқықтарын құрметтеуде мемлекет қолдауға міндетті бірегей қорғау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Соңғы кездері орын алған қайғылы оқиғаларды еске ала отырып, ХЗК терроризмді басуда мемлекеттер келесі қағидаарды толығымен орындау керек екенін жариялайды:

 

1) Қорғау міндеті. Мемлекеттің құзіретіне жататын бүкіл аумақтағы, сонымен қатар ол оккупациялаған немесе бақылаудағы жерлерді қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және құрметтеуге міндетті. Осы мақсатта барлық контртеррористік шаралар заңдылық қағидалары қажеттілікттің, дискриминациясыз жолмен жүзеге асырылуы міндетті.

 

2) Сот органдарының тәуелсіздігі. Контртеррористік шараларды жүзеге асыру барысында мемлекет сот органдарының тәуелсіздігінің кепілі болуы керек. өкіметтік органдар сот процедураларына араласа алмайды және сот шешімдеріне сенімсіздік білдіре алмайды. Олар жариялаған шешімдерге көнуі керек.

 

3) қылмыстық құқықтың қағидалары. Мемлекет контртеррористік шараларды асыра пайдалануды болдырмауға міндеттенеді. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР:

1) Терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресу жөнінде Шанхай Конвенциясы (Шанхай, 2001жыл 15 маусым).

 

2) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері арасындағы Жергілікті Антиланкестік құрылым туралы Келісім (Санкт-Петербург, 7 маусым, 2002жыл).

 

3) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресудегі ынтымақтастық Концепциясы. Ресей федерациясы Президенті Владимир Путин, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао, Қырғыз Республикасының Президент міндеттерін атқарушы Құрманбек Бақиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов, Өзбекстан Президенті ислам Кәрімов шешімімен бекітілді. Астана, 2005 жыл, 5 маусым.

 

4) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері арасындағы Жергілікті Антиланкестік құрылым щеңберінде Құпия Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөнінде Келісім.

 

5) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері арасындағы Жергілікті Антиланкестік құрылымның Мәліметтер Банкі жөніндегі Келісім. (Ташкент, 17 маусым, 2004 жыл).