Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
ТАРАУ 1. КӨКШЕТАУ–БУРАБАЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КУРОРТТЫ-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ.. 5
1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру 5
1.2 Көкшетау-Бурабайдағы туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі 13
ТАРАУ 2. КӨКШЕТАУ-БУРАБАЙ КУРОРТТЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ.. 19
2.1 Туризм дамуының табиғи-климаттық жағдайлары.. 19
2.2 Көкшетау-Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі таңдағы күйі 29
2.3 Көкшетау-Бурабай курорттарын дамытудың мөлшері мен перспективалары 49
ҚОРЫТЫНДЫ.. 55
ТАРАУ 1. КӨКШЕТАУ–БУРАБАЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КУРОРТТЫ-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ
1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру
... 1965 жылы Шортанды көлінің жағасында «Золотой бор» турбазасы атына ие 90 орынға арналған алғашқы палаткалық қалашық салынды. Ол кезде туристік база елуінші жылдардың егін даласын еске түсіретін. Салбырап тұратын көп орынды палаткалар күңгірт, әрі сыз болатын. Осында тұратын, осында ас үй мен асхана орналасатын. Мұнда келетін жол болмағандықтан туристер Шортанлы қаласынан немесе Шортанды санаториінен көл бойымен жаяулап-жалпылап жететін Жарық көзі болып движок қызмет ететін, ол қараңғы болысымен оталып, сағат түнгі 11-де өшірілетін. Матрастар мен көрпелер жердің үстінде жататындықтан, жауын жауғанда су болып қалатын.
Курортты ауданда туризм осылай басталған: палаткалардан, қолайсыз жайлардан оның пайда болуы тың игерудің басын еске түсіретін, бір айырмашылығы сол, мұнда бәрі орманда жүзеге асырылады.
1968 жылы Көкшетау экскурсиялық бюросының ұжымы, ал екі жылдан кейін туризм және экскурсия жөніндегі облыстық кеңес құрылды. Қызметкерлер мен туристік-экскурсиялық ұйымдар бұл уақытта осы территория бойынша қазақстандықтарға арналған туристік маршруттардың ашылу мүмкіндігін меңгереді, Бурабай аймағы бойынша маршруттар ойлап табылуда және «Золотой бор» турбазасының капитальды құрылысы басталды /13/. ...
ТАРАУ 2. КӨКШЕТАУ-БУРАБАЙ КУРОРТТЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.3 Көкшетау-Бурабай курорттарын дамытудың мөлшері мен перспективалары
... Жазғы маусымға «Оқжетпес» республикалық жастар лагері жақсы дайындалған, ол қазіргі кезде мәдениет және ақпарат Министрлігіне қарайды. Ол жерде 2-ші және 3-ші ұйықтау корпустарында Еврожұмысы аяқталуда. ТОО «Приозерный» санаториында екі жабық бассейн, сауна салынуда, жаздық коттедждар жаңаруда. 30 млн теңге туберкулезге қарсы республикалық жасөспірімдер санаториін қайтадан өңдеуден өткізуге жұмсалған. Курорттық зонаны дамыту мәселелері аудандық әкімшіліктің назарында тұруда деп айтады. Әкімнің орынбасары Алтаева Т. шомылу жағалауларының жағдайлары жақсаруда. Демалушылар мен басшылардың арасындағы кездесулер жаңғыруда. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы Бурабайда алғашқы халықаралық фольклорлы әуендер фестивалін өткізуге ұйғарды. Өздерінің қарамағына біздің курортты зонаны және Астананың жарнамалық агенттігін алды. Болашақта үлкен ауықтық орталықтарда өздерінің Интернетке шығу жолдары болады. Көріп тұрғанымыздай курорттық шаруашылықта әлі айқындылықпен ашықтық жеткілікті. Демалыс адамға жылына 1 рет беріледі. Сондықтан да адам жақсы демалғысы келеді. Тек қана табиғат жағдайлары бұған жеткіліксіз, бірақ зонада әлі күнге дейін өзендер мен көлдердің ластануы жүріп жатыр, жалпы экологиялық жағдай нашарлауда. Негізгі курортты зона «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағының территориясында орналасқандықтан ол аса қорғалатын зона болып табылады.
Көкшетау-Бурабай өңірінің тағыда бір өзекті мәселесі ол – орман өрттері. 1998 жылы болған найзағайдың әсерінен өрт болған. Болған өрт 1500 гевтарға жуық орманды талқандаған. Табиғат апаттарынан ешкім қорғалмаған. Бірақ жергілікті орманшылар өздерінің кінәсін біліп тұрды, өйткені, олар кішкентай жас шыршаларды сақтап қорғай алмады. 4 жылдың ішінде шығындардың барлығы қалпына келтірілді. Қазіргі күні аудан бойынша күйген бір орын көрмейсің – жас ағаштар бой көтеріп үлгерді. ...