Курсовая работа: Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
48

Жоспар

 

КІРІСПЕ. 3

 

І-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ БОЙЫНША ТҮГЕНДЕУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ.. 4

 

ІІ-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ.. 9

2.1. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру. 12

2.2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. 14

2.3. Инвестициялық және қаржылық қызмет. 19

 

ІІІ-ТАРАУ. КОНСОЛИДАЛЫНҒАН (КОНСОЛИДАЦИЯЛАНҒАН) ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ.. 22

3.1. Негізгі және заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беру. 22

3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беру. 22

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 48

 

І-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ БОЙЫНША ТҮГЕНДЕУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

 

... Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандағы жөнінде материалдық жауапты адамдар түгедеу комиссиясына егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгедеу комиссиясының қаруына беріледі және оның кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданды. Сортталуы (пересортицасы) бойынша олардың артық ие кем шығуын есепке (зачотқа) алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардың мұқият негізделгеніне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады.

 

Еспе берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толық түскенін (немесе түспегінін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдарды амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет. ...

 

 

ІІ-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ

2.3. Инвестициялық және қаржылық қызмет.

 

... Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандай да қызмет түріне (операциондық, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын анықатуға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады. Осы жанама әдіс бойынша жасалған кесте жоғарыда келтірілді.

 

Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей әдіс бойынша анықтаған кезде олардың қоғалысына әсер ететін фокторлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцияларының ара жігі ашылады.

 

Егер де оперциялар өзінің экономикалық мазмұны бойынша біртектес болып келсе, онда олар ес беруде бір бапқа біріктілуі мүмкін. Тікелей әдістің негізінеде жасалған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру нысаны төменде келтіріледі. ...

 

ІІІ-ТАРАУ. КОНСОЛИДАЛЫНҒАН (КОНСОЛИДАЦИЯЛАНҒАН) ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ

3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беру.

 

... Таза табыстағы (зияндағы) азшылықтың үлесі есепті кезеңдегі еншілес тұлғаның алған таза табысынан анықталады және оның деңгейі есеп беруде көрсетілгенмен, ол негізгі заңды тұлғаның меншігі болып саналамайды, сондықтан ол консолидацияланған қаржылық есеп беруде жеке бап болып көрсетіледі. Таза активтегі азшылықтың үлесі консолидацияланған қаржылық есеп берудің жасаған күніндегі меншік капиталындағы еншілес заңды тұғаның сомасынан анықталады. Азшылықтың таза активі бойынша үлесі консолидацияланған баланста жеке көрсетеді. Яғни міндеттемеден бөлек, меншік капиталының құрамында “Азшылық үлесі” деген жеке ашылған бап көрсетіледі және ол негізгі заңды тұлғаның меншігі болып саналмайды.

 

Мысалы. “Шолақ-Қорған” ААҚ негізгі заңды тұлға болып тұра, “Теріскей-бет” ЖШС 70% қатыстық үлесін сатып алған. Сатып алынған таза активтің құны 2450 мың теңге құраған. Есепті жылдың соңында еншілес заңды тұлғаның таратылмаған табысы 650 мың теңге құраған. Консолидацияланған бухгалтерлік балансты дайындау кезінде бірінші кезекте еншілес заңды тұлғаның таза активіндегі азшылықтың үлесін анықтау керек. ...

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

1. “Қаржылық есеп” (2001ж) Авторлары: Қ.К. Кеулімжаев, З.М. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева.

2. “Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” Авторы: Әбдіғали Әбдіманапов.

3. “Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі” Авторы: Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У.