Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
І. КСРО-НЫҢ КҮЙРЕУ СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ.. 7
1.1. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.. 7
1.2 Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті 16
ІІ. ҚАЗАҚСТАНЫҢ ЕГЕМЕНДІК АЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ. 22
2.1. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси процестер. 22
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. 36
2.3 Республикамыздағы мәдени құрылыс. 42
ҚОРЫТЫНДЫ.. 50
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52
І. КСРО-НЫҢ КҮЙРЕУ СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ
1.2 Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті
... Халық қашанда Қазақстанның тәуелсіздігін баянды етіп қана қоймай, бүгінгідей биікке көтеріп, беделге бөленуін Н.Назарбаевтың есімімен байланыстыралы. Шынында да, ол жоғарыда сөз еткеніміздей алыстан толғап, алдағыны болжайтын, ақыл-ойы алғыр, парасат пайымы шалқар, келешекті көре білетін кемел қайраткер. Сондықтан оның өзі қашанда көптің көңілінен шығып, сөзі көкейдегіні дөп басып, көкірекке ұялай кетеді /24, 3/.
Ел басымыздың іздемпаздығы мен іскерлігі қақында сөз қозғалса, оның мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатын саралай отырып, халықтар арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға, терроризмнің тіміскі әрекеттеріне, әсіресе, ядролық қаруларға қарсы күрес жүргізуге бекем бел байлап, батыл араласуын айтпай кетуге болмайды. Оның әлем алдындағы абырой-беделін биіктетіп отырған да осындай батыл істерге белсене кірісіп, дәйектілікпен күресе білуі болса керек.
Шындап келгенде, Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан тыс қалған ешбір мәселе жоқ десе де болар. Соның игі жемісін баршамыз бүгінде көріп те отырмыз. Елбасымыздың сара саясаты, батыл бағдары арқылы біз - әлемді, әлем бізді таныды. Жүріп өткен жолымызды бағамдап, тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғысынан таразылайтын мүмкіндік бар. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз жылдың ішінде ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен игі мақсаттарға қол жеткіздік. Енді әлемнің ең мықты мемлекеттерді Қазақстанға құрметпен қарап оны өзінің стратегиялық әріптесі ретінде сыйлап, қастерлейді. Демек, кешегімізді екшеп, келешегімізге көз жүгіртіп, ертеңіміздің қамын ойлайтын күнге жеттік.
Қазақ халқының біртуар перзенті, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты жоғарыда айтқанымыздай, Алатаудың асқар шыңдарынан самғап ұшқан ақиық қыранға теңеуге әбден-ақ хақылымыз. ...
ІІ. ҚАЗАҚСТАНЫҢ ЕГЕМЕНДІК АЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ.
2.1. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси процестер
... Сонымен, Ұлттық теңге енгізілгеннен бергі оның тоғыз жылдық тарихына көз жіберсек, сарапшылар оны шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастырады. Алғашқы қалыптасу кезеңі. Ол 1993 жылдан 1996 жылдың орта шеніне дейін созылды. Бұл ұлттық теңгеміздің ең бір қиын кезеңі болды. Рубль аймағынан шығарылған Қазақстан айналымға өз валютасын енгізуге мәжбүр болып, өзара есеп жүргізу арқылы өтелмеген төлем проблемасын шешуге, сонан соң қаржы рыногындағы жағдайды қалыпқа түсіруге әрекет жасады.
Екінші кезеңі – 1999 жылғы сәуірге дейін – қаржы секторы, оның инфрақұрылымы жедел дамыған жылдар болды. Бұл инфляция мен құнсыздануды бақылау мәселелерінде айтарлықтай табысқа жетуге, сондай-ақ ақша рыногындағы ставкаларды сапалық жаңа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы уақыт аралығында өзге елдермен салыстырғанда 1998 жылғы Ресейдегі қаржы дағдарысының әсерін және 1999 жылғы теңгенің құнсыздануын көп қиналыссыз еңсере алған банк жүйесі құрылды.
Сонымен қатар 1999 жылы Қазақстаның басты сауда әріптесі болып табылатын Ресейде орын алған ұлттық валютаның едәуір құнсыздануы осы мемлекеттің валютасына қарағанда теңгені біршама қымбататты. Соның салдарынан біздің тауарларымыздың, кәсіпорындардың және жалпы еліміз экономикасының бәсекелестік қабілеті төмендеп кетті. Бұл өз кезегінде сыртқы сауда операциялары бойынша теріс сальдоның өсуіне, алтын-валюта резервтеріне және жалпы ішкі өнімнің төмендеуіне әкеліп соқты. Қазақстан үкіметі 1998-1999 жылдары еліміздегі теңгенің тұрақтылығын ұстап тұру үшін алтын-валюта қорымыздан 700 млн. доллар жұмсаған. Міне, осындай жағдайда Республика үкіметі мен Ұлттық банкі 1999 жылдың 5 сәуірінде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшу туралы шешім қабылдады. ...
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Алматы, 1990.
2. Қазақстан Ремспубликасының Тәуелсіздік туралы Заңы. – Алматы, 1991.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1993.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995.
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
6. Назарбаев Н.Ә.. Қазақстанның болашағы – қоғамдық-идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.