Дипломная работа: Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қаржы, Финансы, Қаржы
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
69

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК  КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫЯҚ НЕГІЗДЕРІ. 7

1.1 Өнеркәсіптік  кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі. 7

1.2 Өнеркәсіптік  кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері. 18

1.3  Өнеркәсіптік  кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары. 25

 

2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ.. 30

2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау. 30

2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау. 37

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау. 43

 

3 ӨНЕРКӘСІПТІК  КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 49

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану. 49

3.2 Өнеркәсіптік  кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары.. 61

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 66

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69

 

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК  КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫЯҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.2 Өнеркәсіптік  кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері.

 

... Инвестицияның нәтижелік коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгаритімін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті  ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы соммасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық  құнының қома- қолдығын жіберсе RV онда оны бағалау шығарылып тасталу керек:

                                                          ************

 

Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза табысын оның іс-әрекетіне авансталған (орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы сомасына бөлумен анықталады, авансталған капиталдың пайдалылық коэффициентімен салыстырылыды.

 

Инвестицияның өтелу мерзімін анықтау әдісі. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде ең оңай және кең таралған әдістердің бірі.

 

Өтелу мерзімін есептеу алгаритімі  (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған табыстарды бөлудің бір қалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақытылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция куммулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынандай болады. ...

 

 

2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ

2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау.

 

... Қор сыйымдылығы 2005 жылы өндірілген өнімнің 1 теңгесіне 0,01 теңге өндірістік негізгі құралдар келгенін көрсетеді.

 

14) Қор қайтарымдылығы көрсеткіші бойынша:

 

Қор қайтарымдылығы кері көрсеткіш, сондықтан әрбір негізгі құралдардың бір теңгесіне 2005 жылы 2,5 есеге өнім өндірілгенін көрсетеді.

 

15) Жұмысшылардың қормен қарулануы көрсеткіші бойынша:

 

Бұл - әрбір жұмысшыға қанша өндірістік негізгі қордың деңгейін көрсетеді. 2005 жылы 1 жұмысшы 2004 жылға қарағанда 3161 теңгеге артық қаруланған. Осының салдары кәсіпорынға шығындар статьясын көбейтіп отырғанын көреміз.

 

16) Өнімнің 1 теңгесіне кететін шығыны көрсеткіші бойынша:

 

Кәсіпорынды шығындар есебін жақсы білетін мамандар қарастырмайынша, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары мүмкінге ие болмайды. «Атамекен» АҚ-да 2004 жылы өнімнің 1 теңгесіне 0,73 тг. болса 2005 жылы 0,84 тг. болып отыр. Бұл дегеніміз - әрбір теңгеге 2005 жылы 11 тиын артық жұмсауды көрсетеді.

 

«Атамекен» АҚ-ның башылығының алға қойған міндеттері бойынша -  сырттан инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға тарту мәселесі бірнеше көрсеткіштер мен анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде шығындарды басқару стратегиясы инвестордың алғы шарттары болатыны анық. ...

 

 

3 ӨНЕРКӘСІПТІК  КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.2 Өнеркәсіптік  кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

 

... Дания, Венгрия және Польша тәжiрибесi бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлерi мен дипломатиялық өкiлдiктерiнiң мүмкiншiлiктерiн пайдалана отырып Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң шетелдiк өкiлдердiң кеңейтiлген және тиiмдi желiсiн құру iсi алда тұр.

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң ми­ни­малды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару меке­ме­лерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвести­ция­лар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты.

 

Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – өнеркәсіптік кәсiп­орын­ның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табы­лады. Өнеркәсіптік кәсiп­орын­ның инвестициялық тартымдылығын арттыруда көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде ішкі қаржылық жүйесі стратегиясына үлкен мән беріледі. Ол инвестордың қаржыландыру қиылысты түрде болуына әкеледі.Бұл құбылыс көптеген шетелдік корпарацияларда қолданады. ...