Дипломная работа: Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
81

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

 

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.. 7

1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.. 7

1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері 14

1.3  Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері 22

 

2. «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ.. 31

2.1 «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау. 31

2.2 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау. 42

2.3 «Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау. 46

 

3. БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ 52

3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері 52

3.2 Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.. 62

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78

 

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.3  Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері

 

... Осы жоғалтуларды төмендету жүйелерін қарастырайық. Мысалы, Жапония кәсіпорындарында қайта өндірумен және дайын өнімді қоймалаумен байланысты жоғалтуларды жояды. Олар тұтынушыларға бағытталып, жалпы өндірістен кіші сериялы өндіріске көшті.

 

Сонымен қатар, «Дәл уақыт» жүйесі іске асады. Бұл жүйеде өндіріске қажетті құрал-жабдықтар цехта қажет мөлшерде тура уақытысында жеткізіледі.

 

«Дәл уақыт» жүйесі жұмыс істеу үшін 100 % сапалы өнім жеткізілуі қажет. Сондықтан, бұл жүйе сапаны жақсартумен, оның ішінде сапа жақсарту үйірмелері, ахуалдарды болдырмаумен байланысты болады. Бұл автоматизация деп аталады.

 

Қазіргі кезде өндірісті автоматизациялау кең тараған. Ол еңбек күшін үнемдейді, өндіріс қуатын қысқартады және өнім сапасын жоғарылатады. Бірақ, құрал-жабдықтардың сынып қалуынан оларды қайта жөндеуге қажеттілік туады. Құрал-жабдықтардың бұзылуын кетіргенде ғана өнім сапасына кепілдік беруге болады. Құрал-жабдықпен жұмыс істеу үшін жалпы эксплуатациялық жүйе іске асырылады. Оның ерекшелігі – операторлар өз құрал-жабдығына өздері қызмет көрсетіп басқарады, сонымен қатар ОЭС бұзылуынан болған шығындарды минимализациялайды.  ...

 

2. «АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ

2.2 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау

 

... Әрбір шығын элементінің жалпы кезең шығындарындағы үлес салмағына келетін болсақ, онда 2005 жылы жалпы және әкімшілік шығындардың үлесі 40,9 % мөлшерінде, өткізу шығындары 46,8 % мөлшерінде және пайызды төлеу бойынша шығындар шамамен 12,3 % мөлшерінде қалып отыр.

 

Өндірістік шығындардың құрылымын талдаған кезде жұмысшы күшіне жұмсалатын шығындарды анықтаудың да өзіндік орны бар.

8-кесте – «Адал» АҚ-ның жұмысшы күшіне жұмсаған шығындарының өзгеру динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер

 

 

 

 

Көрсеткіштер

 

 

2004 жыл

 

 

2005 жыл

 

 

Ауыт-қуы, %

 

 

мың тг.

 

 

%

 

 

мың тг.

 

 

%

 

 

1

 

 

Жұмысшы күшін ұстауға кеткен барлық шығындар

 

 

69826,0

 

 

100,0

 

 

96902,0

 

 

100,0

 

 

38,8

 

 

2

 

 

Еңбек ақы қоры,

 

соның ішінде:

 

 

60586,0

 

 

86,8

 

 

90756,0

 

 

93,7

 

 

49,8

 

 

2.1

 

 

Кесімді, мерзімді және

 

басқа да еңбек ақылар

 

 

51498,1

 

 

-

 

 

77142,6

 

 

-

 

 

49,8

 

 

2.2

 

 

Ынталандырушы

 

сипаттағы төлемдер

 

 

9087,9

 

 

-

 

 

13613,4

 

 

-

 

 

49,8

 

 

3

 

 

Еңбек ақыға кірмейтін төлемдер мен шығындар

 

 

9240,0

 

 

13,2

 

 

6146,0

 

 

6,3

 

 

-33,5

 

 

Жоғарыдағы 8-кестеде «Адал» АҚ-ның жұмысшы күшіне жұмсаған шығындарының өзгерісін анықтаймыз. Кәсіпорынның 2005 жылғы жұмысшы күшін ұстауға кеткен шығындары 2004 жылғы көрсеткіштен  38,8 %-ға артып, 96 902 мың тг. теңелді. Осы шығындардың ішінде жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2004 жылы 60 586 мың тг.  құраса, 2005 жылы 90 756 мың тг. теңесті. ...

 

3. БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ

3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері

 

... Өткен 10 жыл ішінде шығындардың құрамындағы осы және басқа да  шығындар деңгейі қатты өсіп кетті. Экономиканың барлық секторларында да қатты өсіп, еңбек ақының бөлігінен (ауыл шаруашылығынан басқа) асып кетті. Ал саудада ол тұрақты болып қалған. Басқа шығындардың негізін салықтар, алымдар, төлемдер, сақтандырудың міндетті төлемдері, қоршаған ортаны ластайтын заттарды шығарып тастау, сонымен қоса резервтік және басқа да міндетті қорларды аудару құрайды. Маңызды бөлігі - несие пайызын төлеу, байланыссыз қызметтерін төлеу, басқа да ұйымдарға өрттік және түзету қызметтерін көрсеткені үшін, өнімнің сертификаты үшін, кепілдемелік жөндеу жұмыстары үшін және басқа да қызмет көрсетулердегі шығындар құрайды. Сонымен бірге, басқа да шығындарға жұмысшылардың ойлап шығару жұмыстары мен жаңашаландыру ұсыныстары үшін сыйлықтар беру, іс-сапарға кеткен шығындар және де негізгі қорлардың объектісін жалға алғаны үшін кеткен шығындар, материалды емес активтер бойынша амортизация, жөндеу жұмыстарына есептеулер (егер ондай кәсіпорында жүргізілсе) жатады.

 

1996 жылдан бастап басқа да шығындардағы өнімді сатумен байланысты жұмсалған шығындардың жеке элементтерін - мүлікті сақтандырудағы төлемдерді, басқа категориядағы жұмысшылардың өмірі мен денсаулықтарын сақтандыру шығындарын алып тастауға рұқсат беріледі.  ...