Курсовая работа: Диалог және оның тіл білімінде зерттелуі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Филология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
41

Жоспар

КІРІСПЕ. 3

1 ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ 6

1.1 Диалогтің табиғаты және тіл біліміндегі зерттелуі 6

1.2 Диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштер. 14

 

2 АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДИАЛОГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ, СИНТАКСИСТІК, СТИЛИСТИКАЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 22

2.1 Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық ерекшеліктері 22

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36

 

1 ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

1.2 Диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштер

 

... Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. Қолдаушы сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын, қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу кезегін өзіне алуын, беретін бағасын жеткізуі мүмкін екендігін анықтадық.

 

Диалогтің табиғаты диалогке қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің тиісті жауап реакциясының тууына түрткі болатын репликалардың алмасуында ашылады. Диалогтік қатысымның дәл осы ерекшелігі қазіргі уақыттағы диалог теориясының репликаларды реплика – стимул мен реплика – реакция етіп бөліп, диалог барысындағы олардың орнын да белгіленген болады.

 

Сөйлемдер арасында орнайтын семантикалық аспектіні сөйлеуші субъектінің дүниетанымы, ойлауы шындықты қабылдауы тұрғысынан бағалауға болады. Ортақ тақырыптың айналасында, ойлаудың жалпы түрлері негізінде сөйлесімдер арасында әр түрлі мағыналық байланыстар орнайды.

 

Дискурсте сөйлеушінің қатысым тақырыбына, тыңдаушыға, өзіне  қатынасы көрінеді. Ортақ заңдылықтарды жеке сөйлесімдер негізінде анықтау мүмкін еместігіне көзімізді жеткіздік. Адамдар арасындағы вербальді қарым-қатынас дискурсте жүзеге асатындығын айттық. Үш байланысты басшылыққа алып қарастырып, олардың сөйлеу мәнбісінде бірде айқын, басым түрде, бірде тар көлемде көрінетінін байқауға болатындығын айттық. Дискурстің жеке адам-сөйлеушінің «мені» басым ашық көрінетін, сөйлеушінің өзіне бағытталған (бұл жерде сөйлеушілер үшін ортақ тақырыптың болмауы да мүмкін), тыңдаушыға бағытталған және ортақ тақырыпқа бағытталған түрлерін де ажыратуға болады.

 

Жалпы тіл білімі мәселесімен байланысты ғылыми болжам коммуникативті бағытты негізге алады. Оның негізделуі жекелеген тілдер бойынша жүргізілетін зерттеулерге тәуелді. Жеке тіл бірліктерінің қолданыс үстіндегі қызметін сөйлеушінің ұстаған бағдарымен байланысты қарастыру сөйлесім құрылысы мен мазмұнына қатысты ғылыми негізделген тұжырымдар жасауға көмектеседі деп ойлаймыз. ...

2 АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДИАЛОГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ, СИНТАКСИСТІК, СТИЛИСТИКАЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық ерекшеліктері

 

... Жалпы ауызекі сөйлеуде дауыс пен интонация (дауыс ырғағы) индивид қабылдайтын және беретін хабардың 38% қамтиды. Өз ойымызды жеткізу үшін біз көптеген белгілермен қатар ымды да қосамыз. Иықтан қағу, қас-қабақты өзгерту, ымдау, дауысымызды жоғарылату және төмендету, немесе дауыс ырғағын өзгерту арқылы біз айтылған ойдың жетуіне көп ықпал етеміз. Әр жағдайға байланысты  жәй немесе тез сөйлей аламыз.

 

Ойды тура емес астарлап, тұспалдап жеткізу – күнделікті өмірде жиі кездесетін сөйлем түрі. Сөйлеуші өз ойын ашық айтқысы келмеуі мүмкін, болмаса сол жағдайда әр түрлі себептермен айта алмауы мүмкін.  Ойды  астарлап  жеткізу –  сөйлеудің  ең  тиімді  формасына жатады. Сөйлеуші тыңдаушының ойын қозғайды. Тыңдаушы естігенін ой елегінен өткізіп, өз тәжірибесіне сүйеніп, сөйлеушінің мақсатын анықтайды.

 

Коммуникативті процесс – сөйлеуші мен тыңдаушының жоспары айқындалатын екі жақты сөйлеу әрекеті. Әрекет алмасу мәнбісі, яғни екіжақты локутивті-аудитивті мәнбі интеракцияны немесе интерактивті блокты туғызады.

 

Кейбір сөздер дыбыс пен дауыс ырғағына сай келмей қалуы мүмкін. Кішкентай балалардың сөйлегенін еске түсірейік, көбіне анасы оның жылаған дауысынан ұйқысы келгенін, қарны ашқанын, қолынан ұстау керек екенін, я болмаса киіндіру керек екенін бірден түсінеді. Дыбыс пен дауыс ырғағы ішкі ойды жеткізуге, көңіл аудартуға көп көмегін тигізеді. Сөз дауыс ырғағысыз әлсіз. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1     Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативті акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі. Фил.ғыл.канд....автореф. – Алматы, 2006.             – 24 б.

2    Хасанұлы Б. Жизнь языка и язык жизни. Сборник статей // сост. Шаймерденова Н.Ж., Сабитова З.К., Алтынбекова О.Б., Акберди А.К. Под общ. ред. Н.Ж.Шаймерденовой. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 289 с. 

3  Иманғалиева Г. Типология диалогов. Фил.ғыл.канд....дисс.                  – Алматы, 1999. – 128 б.

4  Брыдина Г.В. Динамическая структура русской диалогической речи. Тверь, 1992, – С. 58-81.

5        Михайлов М.М. Принципы коммуникативно-прагматического конституривания диалогической речи. // Диалог глазами лингвиста. – Краснодар, 1994. – С. 29-34. ...