МАЗМҰНЫ
ЖОСПАРЫ.. 3
І. Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны.. 5
1.1 Махамбет Өтемісұлының лиро-эпикалық өлеңдері 5
1.2 Ақынның туған елге, табиғат байлығына арналған өлеңдері 12
ІІ. Көтерілісші ақынның өлеңдері 14
2.1 Отаншылдық рух, патриоттылық сезім. 14
2.2. Махамбет Өтемісұлы күрескер ақын. 28
ҚОРЫТЫНДЫ.. 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
І. Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны
1.1 Махамбет Өтемісұлының лиро-эпикалық өлеңдері
... Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке шомады.
Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай айрылдым", "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты.
Мен тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан,
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға қуыс қайғырар:
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан,
О дағы біздей болған сорлы екен, -
дейді ол.
Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы болды. ...
ІІ. Көтерілісші ақынның өлеңдері
2.2. Махамбет Өтемісұлы күрескер ақын
... Оның ойынша қоғамдағы сословиелік ерекшелік, адамның шығу тегі еш уақытта шектеулі тиіс емес. Ұлы француз революциясы жариялаған «Люди рождаются и остаются свободными и равными в правах. Общественные отличия могут основываться лишь на соображениях общей пользы» деген ұлы қағидамен өзектес ойды Махамбет өзінің шығармаларында мына мағынада береді:
Жақсыдан туған жаман бар –
Күндердің күні болғанда
Жарамды бір теріге алғысыз,
Қасына адым барғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар –
Атасын айтса нанғысыз!...
Ханнан қырық туғанша
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға!...
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім.
Жетімдерге дем бердім.
Шын мәнінде туа біткен теңдік идеясы жарияланғанын анық аңғарамыз.
Махамбеттің саяси-құқықтық мұраттарында ерекше байқалатын мәселе жер үшін күрес. Патша өкіметінің қазақ жерін отарлап, жергілікті халықты шөп, шөлейт жерлерге ығыстыру, күшпен тартып алу әрекеттеріне қарсылық білдіруге халықты шақырады, өзі де қасық қаны қалғанша күреседі, жерден айырылуды ұлттың жойылуымен теңестіреді. «Еділ үшін егестік» деген өлеңінде жерді қорғау идеясы мына мағынада беріледі:
Еділ үшін егестік
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік.
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.
Махамбеттің бұл өлеңіндегі жерді талан – таражға салудан, сатудан қорғау идеясы сол кездің өзінде кең етек жая бастаған әрекеттерге қарсылық ретінде айтылған. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сүтжанова С.Н.–. 2009 ж. №4 199-242-беттер
2. Әбдиманұлы О. XX-ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті.- А, 2002.
3. Жұлдыз \\\\ 1998 №4 139-142-беттер
4. Қазақ тілі мен әдебиеті // 2010 1 33-34
5. Ізденіс.// 2008 №4-5 57-89-беттер